Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 13 желтоқсандағы № 150ае қаулысы
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 539-қосымшада:
"Бюджет бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны "Активтерді (автокөлік - 2 бірлік, жиһаз, компьютерлік жабдық, факсимильдік және көбейту аппараттарын) сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |