Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 28 қарашадағы № 150э қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 687-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң арнайы мемлекеттік мұрағатын құруға арналған жалпы алаңы 2000 шаршы метр үй-жайға металл есiк және құлпы бap металл тор орната отырып күрделi және ағымдағы жөндеу жүргiзу. Арнайы мұрағаттың үй-жайына күзет-өрт дабылын жүргiзу, электр сымын төсеу. Стеллаждар және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтар сатып алу.";
көрсетiлген қаулыға 690-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң Бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiнiң қолданыстағы "Жедел-қызмет әрекетi" және "Ақпараттық-талдау материалдары, шешiмдер қабылдауды қолдау" iшкi жүйелерiн жетiлдiру жөнiнде iс-шаралар өткізу, "Кадрлар", "Құжат айналымы" және "Ақпаратты қорғау" ішкі жүйелерін әзірлеу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінeн бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |