«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 503-ІІ Заңы
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
15-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Туроператорлар мен турагенттер лицензия алу үшiн туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуы қажет. Сақтандыру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.».
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.
Қазақстан Республикасының