Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 21 қарашадағы № 1162 қаулысы
ҚР Үкіметінің 30.04.04 ж. № 495 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"5 Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне 99
оның iшiнде:
Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетiне 15";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 24-жолмен толықтырылсын:
"24 Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі 98";
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 224" деген реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"3 Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі 224".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | Д. Ахметов |