Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 12 қарашадағы № 150п қаулысы
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 339-қосымшада:
"бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
5-бағанда:
"фильмдерді" деген сөзден кейін ", бейне-роликтерді, телебағдарламалар мен мультфильмдерді жасай және" деген сөздермен толықтырылсын;
"медициналық жабдықтармен" деген сөздерден кейін ", 32 бірлік санында бейнеаппаратурамен (теледидарлар - 16 дана, бейнемагнитафондар 16 дана)" деген сөздермен толықтырылсын;
"техникалық тапсырманы және бағдарламалық қамтамсыз етуді әзірлеу" деген сөздерден кейін ", деректерді бұдан кейін абоненттік төлеммен берудің ведомстволық желісін ұйымдастыру, компьютерлік жабдыққа құрамдас бөліктерді сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
"1500" деген сандар "2836" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |