Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 300 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 20 қазандағы № 1065 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Білім беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 9-10, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "қосымшаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға қосымша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |