6) астықтың түрi, оның сандық және сапалық сипаттамалары;
7) егер ондай белгiленген болса, астықтың сақтауға қабылданған мерзiмi;
8) сақтау төлемi туралы белгi;
9) куәлiктiң берiлген күнi;
10) уәкiлеттi адамның қолы мен астық қабылдау кәсіпорнының мөрi.
4. Осы баптың талабына сай келмейтiн құжат астық қолхаты болмайды.
5. Кепіл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде қойма куәлiгiне мынадай ақпарат бар белгi жасалынады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша - әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаларға қатысты индоссаттың атауы және тұрған жерi;
2) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақының ставкасы, орындалу мерзiмi;
3) индоссаттың қолы;
4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.
6. Кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде кепiл куәлiгiне мынадай ақпарат бар белгi жасалынады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаларға қатысты индоссаттың атауы және тұрған жерi;
2) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақының ставкасы, орындалу мерзiмi;
3) индоссанттың қолы;
4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.
7. Астық қолхаты жазылатын бланкiлерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау, айналымы, өтеу және жою тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгiсiне қойылатын талаптарды уәкілеттi орган белгiлейдi.
8. Астық қабылдау кәсiпорны уәкілеттi органға астық қолхатына қол қоюға уәкiлеттi адамдардың аты-жөнi және әкесiнiң аты жазылған карточканы, олардың қолтаңбаларының үлгiлерiн, сондай-ақ астық қолхатына қойылған мөрдiң бедер-таңбасының үлгiсiн табыс етуге мiндеттi.
9. Астық қолхатындағы қойылған қолдардың, мөр бедер-таңбасының уәкiлеттi органға берген карточкада көрсетiлген қойылған қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiсiне сәйкес келмеуi осы астық қолхатын жарамсыз деп тану үшiн негiздеме болып табылады.
40-бап. Астық қолхатын және оның бөлiктерiн ұстаушылардың
құқықтары
1. Астық қолхатын ұстаушының астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астыққа астық қолхатында көрсетiлген көлемде билiк етуге құқығы бар.
2. Қойма куәлiгiн ұстаушы астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астыққа билiк етуге құқылы, бiрақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепiл куәлiгi бойынша борышты өтегенге дейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астық берудi талап етуге құқылы емес.
3. Кепiл куәлiгiн ұстаушының:
1) кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлген тұлғадан кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеменiң орындалуын және ол бойынша сыйақы төлеудi талап етуге;
2) кепiл куәлiгiн және ол бойынша құқықтарды үшiншi тұлғаларға беруге құқығы бар.
41-бап. Астық қолхаты бойынша астықты беру
1. Астық қолхатын ұстаушы немесе қойма куәлiгiн ұстаушы астықты талап ету үшiн астық қабылдау кәсiпорнының тұрған жерiне өзi келуге немесе уәкiлеттi өкiлiн жiберуге мiндеттi.
2. Астықты беру астық қолхатын ұстаушының өтiнiшi бойынша өтеуге жататын қойма және кепiл куәлiктерiнiң түпнұсқасына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.";
27) мынадай мазмұндағы 39-1, 40-1, 41-1, 41-2 және 41-3-баптармен толықтырылсын:
"39-1 бап. Астық қолхатын беру тәртібі
1. Астық қолхаты сапасы бойынша бiр тектес әрбiр астық партиясына берiледi. Тапсырылған астықтың барлық көлемiне берiлетiн астық қолхатының санын астықтың иесi оған берiлген өтiнiм бойынша айқындайды.
2. Астық қолхаттары астық иесiне астық қолхаттарының тiзiлiмiне тiркелiп және оның қолы қойылып берiледi, оны астық қабылдау кәсiпорны хронологиялық тәртiппен жүргiзiп отырады.
3. Жаңа астық қолхатын астық қабылдау кәсiпорны:
1) онда индоссаменттi жасау үшiн бос орын болмаған;
2) табиғи тозығы жеткен;
3) жоғалған жағдайларда беруi мүмкiн.";
"40-1-бап. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтарды беру
1. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтар оларда беру жазбаларын жүргiзу арқылы берiледi.
Егер кепiл куәлiгi бөлiнбесе, астық қолхатындағы индоссамент қойма куәлiгiнде ғана жасалады.
2. Кепiл куәлiгiн бөлу осы Заңның 39-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.";
"41-1-бап. Кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртібі
1. Қойма куәлiгiн ұстаушы қойма куәлiгiнде көрсетiлген мiндеттеменi орындау мерзiмi басталғанға дейiн кредитор алдындағы мiндеттеме мөлшерiнде борышты өтеген кезде кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде индоссамент жасауға және оны қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтаруға мiндеттi.
2. Кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеме орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда, кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде көрсетiлген астықты өндiрiп алуға құқылы.
3. Егер өндiрiп алу сәтiне дейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астықты қойма куәлiгiн ұстаушы талап еткен, ал астық қабылдау кәсiпорнына кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалғанын және ол бойынша сыйақының төленгенiн куәландыратын құжат табыс етiлген болса, онда кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiн өтеу үшiн қайтарып беруге мiндеттi.
41-2-бап. Кепiлге салынған астықты сату
1. Кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген өзiнiң талабы мерзiмiнде қанағаттандырылмаған жағдайда, кепiлге салынған астықты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатуға және өзiнiң талаптарын басқа кепiл берушi кредиторлар алдында басым жабуға құқылы.
Кепiл куәлiгiн ұстаушының талабын кепiлге салынған мүлiктiң құнынан қанағаттандыру, егер шартта өзгеше белгiленбесе, кепiл куәлiгін ұстаушының сенім бiлдiрген тұлғасы ұйымдастыратын және өткiзетiн сауда-саттықта кепiлге салынған астықты соттан тыс тәртiппен мәжбүрлеп сату арқылы жүргiзiледi.
Кепiл куәлiгiн ұстаушының сенім бiлдiрген тұлғасы кепiл берушiге кепiл беру туралы шартта көзделген мiндеттеменiң орындалмағаны туралы хабарлама жасайды және сонымен бiр мезгiлде бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткiзiлетiн уақыты, орны, сауда-саттық нысанасы, оны өткізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу туралы және кепiлге салынған астықтың бастапқы бағасы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жариялайды.
Сауда-саттық ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап он төрт күннен кейiн өткiзiледi.
2. Сауда-саттықта астық сатудан түскен сома мынадай кезекпен бөлiнедi:
1) бiрiншi кезекте сауда-саттықты өткізуге және ұйымдастыруға байланысты шығындар жабылады;
2) екiншi кезекте астық қабылдау кәсiпорнына сақтау жөнiнде көрсеткен қызметi үшiн сыйақы төленедi;
3) үшiншi кезекте кепiл куәлiгiн ұстаушының талабы қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте астық сатудан қалған сома қойма куәлiгiнiң түпнұсқасына айырбастауға қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтарылады.
3. Әрбiр кезектің талаптары алдыңғы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады.
41-3-бап. Астық қолхатының жоғалуы немесе бүлiнуi
1. Астық қолхаты, қойма куәлiгi немесе кепiл куәлiгi жоғалған жағдайда тиiстi куәлiктi жоғалтқан тұлға бұл туралы астық қабылдау кәсiпорнына жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Жоғалған астық қолхаты, қойма куәлiгi және (немесе) кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асыру сот шешiмiне сәйкес жүргiзiледi.".
Қазақстан Республикасының