"қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың)" деген сөздер "ұйымдардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
"13-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды
және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк
жаза қолдану мерзiмдерi
1. Мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ мемлекеттік мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктірілмей қолданылуы мүмкiн.";
9) 14, 15, 16-баптар, 17-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
4. "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; № 4, 24-құжат):
1) 10-бапта:
3-тармақтағы "(ата-анасы, жұбайы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) немесе жекжаттары (aғa-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, жұбайының ата-аналары мен балалары)" деген сөздер "ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекеттік қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңiлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актілерімен шектеулер көзделуi мүмкiн.";
4-тармақта:
5) тармақшадағы "бiр жыл" деген сөздер "екi жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) мемлекеттік қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған;";
2) 28-баптың 1-тармағында "тиiсiнше орындамағаны" деген сөздерден кейiн ", сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны" деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:
"28-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды
және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк
жаза қолдану мерзiмдерi
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкiн.".
5. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1068-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат):
1) 94-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
2-1) "қатаң сөгiс беруге;";
2) мынадай мазмұндағы 95-1-баппен толықтырылсын:
"95-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк жаза
қолдану мерзiмдерi
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бiр жыл кешiктiрiп қолдануға болмайды.
2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан немесе қылмыстық iстi қысқартқан
жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту
не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан
кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкін.".
6. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар):
1) 55-баптың бiрiншi бөлiгi "ал" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлықпен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 69-бапта:
екiншi бөлiгі "әкiмшiлiк" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi бөлiгіндегі "бiр айдан" деген сөздер "үш айдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 534-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
"Ескерту. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды.";
4) 536-баптағы "он бec" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 537-бап "бойынша" деген сөзден кейін "құқықтық статистика және ақпарат органдарына," деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының