Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 4 тамыздағы № 782 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кейбiр акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегi № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
1-тармақта "Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары" деген жол мынадай мазмұндағы "Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiнші вице-министрi" деген жолмен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"Жабағиев Қожахан Көкiрекбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнің меңгерушiсi, төраға;" деген жолда "төраға;" деген сөз алынып тасталсын;
"Оразбаев Бірлік Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;" деген жол ", төраға" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы "Дүкенбаев Кенжемұрат Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің кеңесшiсi" деген жолмен толықтырылсын;
3-тармақта:
"Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға;" деген жол мынадай мазмұндағы "Айтжанов Дулат Нулиұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi;" деген жолмен ауыстырылсын;
"Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетi төрағасының орынбасары;" деген жол мынадай мазмұндағы "Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары, төраға;" деген жолмен ауыстырылсын;
6-тармақта:
"Өтембаев Ержан Әбiлхайырұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төраға;" деген жол мынадай мазмұндағы "Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшiсi, төраға;" деген жолмен ауыстырылсын;
"Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi" деген жол мынадай мазмұндағы "Байдәулетов Нұржан Тәліпұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;" деген жолмен ауыстырылсын;
"Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары;" деген жол мынадай мазмұндағы "Жабағиев Қожахан Көкiрекбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнің меңгерушiсi;" деген жолмен ауыстырылсын;
"Тоқсейiтов Рақымберген Құманғалиұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;" деген жол мынадай мазмұндағы "Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;" деген жолмен ауыстырылсын;
9-тармақта:
"Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнің көмекшiсi, төраға;" деген жол мынадай мазмұндағы "Өзбеков Ғани Нұрмұханбетұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;" деген жолмен ауыстырылсын;
"Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;" деген жол ", төраға;" деген сөзбен толықтырылсын;
10-тармақта "Метте Виталий Леонидович - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық компаниясы" ААҚ-тың президентi" деген жол мынадай мазмұндағы "Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық компаниясы" ААҚ-тың президентi" деген жолмен ауыстырылсын;
11-тармақта "Есқалиев Ерхат Серiкұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Департамент директорының орынбасары;" және "Мұқанов Елтай Жанәбілұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Департамент директорының орынбасары;" деген жолдар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
2-тармақта:
"Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi Басшысының орынбасары;" деген жол мынадай мазмұндағы "Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнің көмекшiсi;" деген жолмен ауыстырылсын;
"Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi" деген жол мынадай мазмұндағы "Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегi агенттiгi төрағасының орынбасары;" деген жолмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |