Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2001 жылғы 2 шiлдедегі № 51
өкіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнің 2003 жылғы 31 шiлдедегі № 160-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 2 шiлдедегi № 51 өкіміне мынадай өзгерістер енгiзiлсін:
көрсетiлген өкiммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесiмдерiнің тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 19-жолда:
"Жауапты орган" деген бағандағы "ЕХҚМ" деген сөз "Ұлттық Банк (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Үкіметке енгізу күні" деген бағандағы "қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын қабылдағаннан кейiн үш ай ішінде" деген сөздер "2003 жылғы 1 қыркүйекке дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |