Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 2003 жылғы 30 шілдедегі № 763 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 807 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 15, 134-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:
2-тармақтың екiншi абзацындағы "Ғылым министрлігі-Ғылым академиясы" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың екiншi абзацындағы "алуды" деген сөзден кейiн "және iзденушiнiң нақты шығармашылық үлесi бойынша оның мәлiмделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестiгiн анықтауды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясы туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "Ғылым министрлігі-Ғылым академиясының" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың үшiншi абзацы "Мемлекеттік сыйлықтарды" деген сөздердiң алдынан "iзденушiнiң нақты шығармашылық үлесi бойынша оның мәлiмделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестiгiн анықтай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың жетiншi абзацындағы "Ғылым министрлігіне-Ғылым академиясына" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Павлов - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич Премьер-Министрінің бiрiншi
орынбасары, төраға
Құлекеев - Қазақстан Республикасының
Жақсыбек Әбдiрахметұлы Бiлiм және ғылым министрi,
төрағаның орынбасары
Досқалиев - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрi
көрсетiлген құрамнан Мұхаметжанов Бауыржан Әлiмұлы, Беркiмбаева Шәмша Көпбайқызы, Сейсембаев Манас Ахметжарұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |