18) Агенттікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар әзірлеуді ұйымдастырады;
19) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
27. Жауапты хатшы:
1) Агенттік аппаратының қызметкерлеріне орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
2) жауапты хатшының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы.
28. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді.
29. Агенттіктің консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Агенттіктің төрағасы бекітеді.
30. Агенттіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері жауапты хатшы бекітетін Агенттік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Агенттіктің мүлкі
31. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүліктен қалыптастырылады.
32. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
33. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Агенттіктің оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған, оған бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
34. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiк спектрiн пайдалану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 қарашадағы № 1443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 48, 469-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiгi спектрiн пайдалану тәртібі туралы ережеде:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы және 18 және 35-тармақтардың екiншi абзацтарындағы «Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген аталған Ережеге 3-қосымшада: «Жалпы ережелер» деген 1-бөлiмнiң екiншi және үшiншi абзацтарындағы «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне» деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 120, 136, 156, 160-2, 160-17-жолдар алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне» деген бөлiм және реттiк нөмiрi 265-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 270, 271, 272, 273, 274, 275-жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiне
270 «Индустриялық парк» ЖАҚ
271 АЛА-002765 «Қазақтелеком» ААҚ
272 АЛА-003001 «Қазпочта» ААҚ
273 «Өнеркәсiпбайланыс» ЖАҚ
274 «Веснет» БК ЖАҚ
275 «Ұлттық ақпараттандыру технологиялары» ЖАҚ».
4. ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. «Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 46, 546-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының жетiншi абзацы, 2-тармағы алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 2008.17.04. № 362 қаулысымен тізбесімен толықтырылды
ҚР Үкіметінің 2008.21.11. № 1080 қаулысымен тізбе толықтырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 22 шілдедегі
№ 724 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
«Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы.