6-тармақ кестесiнiң 5-бағанының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. ЕҚДБ - ЕҚДБ акционерлік капиталына қосымша жазылу есебiнен шығарылған қолма-қол ақша бөлiгi түріндегі алтыншы мүшелiк жарнаны төлеу; қаражаттың бiр бөлiгiн, оның iшiнде 25.06.1999 ж. № 31-3-2/5762 қарапайым вексельдiң бесiншi бөлiгiн, 19.04.2000 ж. № 31-3-2/5395 қарапайым вексельдiң төртiншi бөлiгiн, 12.04.2001 ж. № 31-3-2-8/4630 қарапайым вексельдiң үшiншi бөлiгiн, 13.04.2002 ж. № 15-9-2-8/4414 қарапайым вексельдiң екiншi бөлiгiн және 7.05.2003 ж. N ДМО-1-2/4082 қарапайым вексельдiң бiрiншi бөлiгiн инкассациялау";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. ИЭКСИК - ИЭКСИК акционерлік капиталына негiзгi жазылу есебiнен бастапқы мүшелiк жарна төлеу.";
осы қаулыға 16, 17-қосымшаларға сәйкес редакцияда 296-1, 296-2-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 298-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 813942 мың теңге (сегiз жүз он үш миллион тоғыз жүз қырық екi мың теңге).";
көрсетiлген қаулыға 304-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 75204 мың теңге (жетпiс бес миллион екi жүз төрт мың теңге).";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексi (Жалпы бөлiм), "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1268 қаулысы.";
5-тармақ "талап жұмысы" деген сөздерден кейiн "және оларды тарату" деген сөздермен толықтырылсын, "берешектердi" деген сөздiң алдынан "күмәндi" деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"5000 кәсiпорынды банкроттық туралы iс бойынша iстi қозғау туралы орташа алғанда хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру орташа 20 мың хабарландыру" деген сөздер "2 404 ұйымның банкроттық туралы iс жөніндегі хабарландыруды орташа 8 мың хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қарағандышахтакөмiр" ЖАҚ конкурстық iсiн жүргiзуге байланысты шығындарды төлеу";
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бойынша:
осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес редакцияда 310-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 311-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 200202 мың теңге (екi жүз миллион екi жүз екі мың теңге).";
2-тармақта "2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39" деген сөздер "2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314" деген сөздермен ауыстырылсын";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "351" деген сандар "371" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 314-қосымшада:
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "тауарларды" деген сөзден кейiн "және Республикалық бюджет комиссиясының отырысын жүргiзудi ұйымдастыруға байланысты қызметтер көрсету" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 316-қосымшада (құпия);
осы қаулыға 19, 20, 21-қосымшаларға сәйкес редакцияда 317-1, 317-2, 317-3-қосымшалармен толықтырылсын;
318-қосымша осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бойынша:
көрсетiлген қаулыға 323-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Құны: 1338311 мың теңге (бiр миллиард үш жүз отыз сегiз миллион үш жүз он бір мың теңге).";
2-тармақта "2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39" деген сөздер "2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "265" деген сандар "264" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 328-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 86394 (сексен алты миллион үш жүз тоқсан төрт мың теңге).";
осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес редакцияда 332-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 336-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 125000 мың теңге (бiр жүз жиырма бес миллион теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "808" деген сандар "1500" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 346-қосымшасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 59924 мың теңге (елу тоғыз миллион тоғыз жүз жиырма төрт мың теңге).";
6-тармақтың кестесiнде:
5-бағанда "картридждер," деген сөзден кейiн "тонерлер" деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 349-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 4967 мың теңге (төрт миллион тоғыз жүз алпыс жетi мың теңге).";
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі бойынша:
көрсетiлген қаулыға 350-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 166012 мың теңге (бір жүз алпыс алты миллион он екi мың теңге).";
2-тармақта "2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39" деген сөздер "2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "243" деген сандар "242" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 352-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 839658 мың теңге (сегiз жүз отыз тоғыз миллион алты жүз елу сегiз мың теңге).";
көрсетiлген қаулыға 355-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 2566592 мың теңге (екi миллиард бес жүз алпыс алты миллион бес жүз тоқсан екi мың теңге).";
4-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Жер сiлкiнiсi болжамдарының сапасы мен дұрыстығын арттыру үшiн сейсмикалық станцияларды қайта жарақтандыру және жергiлiктi сейсмомониторингтi ұйымдастыру.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Өлшеу процестерiнiң сенiмдiлiгiн арттыру және оларды автоматтандыру үшiн сейсмикалық станцияларда аппаратураларды жаңарту; жергілікті сейсмомониторинг үшiн жаңа әдiстер мен техникалық құралдарды енгізу; жер сiлкiнiсiнiң қысқа мерзiмдi болжамы мақсатында жүргiзiлетiн жұмыстарды ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету.";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Сейсмология институтының сейсмикалық қадағалау желiлерiн жаңғыртуды және жергiлiктi сейсмомониторингтi ұйымдастыруды орындауы";
7-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Өлшеу процестерiнiң сенiмдiлiгiн арттыру және оларды автоматтандыру; жер сiлкiнiсiнiң жергiлiктi сейсмомониторингiн ұйымдастыру; жер сiлкiнiсi болжамдарының сапасы мен дұрыстығын арттыру.";
көрсетiлген қаулыға 371-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 265454 мың теңге (екi жүз алпыс бес миллион төрт жүз елу төрт мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "86" деген сандар "63" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 399-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 289670 мың теңге (екi жүз сексен тоғыз миллион алты жүз жетпiс мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Жобалау-сметалық құжаттамасына және мемлекеттік сараптама актілеріне сәйкес Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен орган залын қайта жаңарту жөніндегі жұмыстардың басталуы.";
осы қаулыға 24-25-қосымшаларға сәйкес редакцияда 405-1, 405-2-қосымшалармен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бойынша:
көрсетiлген қаулыға 412-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 303835 мың теңге (үш жүз үш миллион сегiз жүз отыз бес мың теңге).";
2-тармақта "2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39" деген сөздер "2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес редакцияда 412-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 418-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 1186401 мың теңге (бiр миллиард бiр жүз сексен алты миллион төрт жүз бiр мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"573" және "79" деген сандар тиiсiнше "597" және "81" деген сандармен ауыстырылсын;
"Әуе көлiгіндегі Солтүстiк-Батыс аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы -" деген сөздерден кейiн "1 санитарлық-гигиеналық зертхана үшiн жабдықтар жиынтығы, 1 бактериологиялық зертхана үшiн жабдықтар жиынтығы," деген сөздермен толықтырылсын;
"ОС мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпиталь -" деген сөздерден кейiн "1 лапароскопиялық хирургия жиынтығы," деген сөздермен толықтырылсын;
"Травматология және ортопедия ҒЗИ -" деген сөздерден кейiн "1 наркоз дем алу аппараты, 1 буын iшi элементтерiн өңдеуге арналған жүйе, 1 тiзе буындарын эндопротездеуге арналған құралдар жиынтығы," деген сөздермен толықтырылсын;
"Еңбек гигиенасы және кәсiби аурулар ҰО -" деген сөздерден кейiн "1 молекулярлық генетика мен цитология цитогенетикалық зертханасы," деген сөздермен толықтырылсын;
"Көз аурулары ҒЗИ -" деген сөздерден кейiн "1 офтальмологиялық зерттеу үшiн жабдықтар жиынтығы," деген сөздермен толықтырылсын;
"Сызғанов атындағы хирургия FO -" деген сөздерден кейiн "1 лапароскопиялық хирургия жиынтығы, 1 гастродуоденоскоп, 1 биохимиялық талдаушы," деген сөздермен толықтырылсын;
"Терi-венерология аурулары ғылыми-зерттеу институты -" деген сөздерден кейiн "1 көп функционалды монитор, 1 гидроколонотерапия аппараты, 1 портативтi электрокардиограф, 1 стационарлық биоптрон," деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақ кардиология және iшкi аурулар ҒЗИ -" деген сөздерден кейiн "1 кардиостимулятор жиынтығы," деген сөздермен толықтырылсын;
"Б.О.Жарбосынов атындағы урология ҒО -" деген сөздерден кейiн "1 перкунтанды нефролитотрипсияға арналған жиынтық, 1 цитоскопиялық жиынтық, 1 микрохирургиялық құралдар жиынтығы, 1 электр хирургия аппараты," деген сөздермен толықтырылсын;
"Ана мен бала денсаулығын сақтау республикалық ғылыми зерттеу орталығы -" деген сөздерден кейiн "1 флуороскан," деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"; Алматы мемлекеттік дәрiгерлердi жетiлдiру институты - 1 гематологиялық талдаушы, 1 көп арналы электрокардиограф; "Дәрiлiк құралдар, медициналық мақсаттағы бұйымдар сараптамасы және медициналық техника орталығы" PMК - 1 зертханалық жабдықтар жиынтығы; Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы - 1 электрокар, 1 - ГАЗель жүк автомашинасы.";
көрсетiлген қаулыға 420-қосымшада:
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "бiтiрушi студенттерге" деген сөздерден кейiн "медициналық қызметкерлерге" деген сөздермен толықтырылсын, "764,3" деген сандар "1390,3" деген сандармен ауыстырылсын, "8 жастағы балалар - 247,0 мың" деген сөздерден кейiн "9 жастағы балалар - 289,0 мың, 10 жастағы балалар - 302,0 мың, медицина қызметкерлерi - 35,0 мың" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 421-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 80000 мың теңге (сексен миллион теңге).";
көрсетiлген қаулыға 424-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 1598399 мың теңге (бiр миллиард бес жүз тоқсан сегiз миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың теңге).";
көрсетiлген қаулыға 448-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 8050 мың теңге (сегiз миллион елу мың теңге).";
осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес редакцияда 453-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 456-қосымшада:
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "11" деген сандар "13" деген сандармен ауыстырылсын, "Кардиология және iшкi аурулар ғылыми-зерттеу институты" деген сөздерден кейiн ", Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, "Бурабай" республикалық туберкулез санаторийіндегі емдеу-диагностикалық бөлiмшесi" деген сөздермен толықтырылсын;
461, 462-қосымшаларда:
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "инвестициялық" деген сөз алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі бойынша:
осы қаулыға 28-қосымшаға сәйкес редакцияда 462-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 465-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 210845 мың теңге (екi жүз он миллион сегiз жүз қырық бес теңге).";
2-тармақта "2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39" деген сөздер "2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "198" деген сандар "197" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 469-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 788054 (жетi жүз сексен сегiз миллион елу төрт мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"мемлекеттік қызметкерлердiң" деген сөздерден кейiн "және судьялардың" деген сөздермен толықтырылсын және бұдан әрi мәтiн бойынша;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң Президент пен Үкiметтiң шетелдерге мемлекеттік ресми сапарларының барысы туралы қызметiн жариялау үшiн қызметтiк iссапарлары.";
"Қазақ ақпараттық агенттiгi" ұлттық компаниясын дамыту және жарақтандыру" деген сөздерден кейiн "және "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 470-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 4292005 теңге (төрт миллиард екi жүз тоқсан екi миллион бес мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
032-кiшi бағдарлама мынадай сөздермен толықтырылсын: "Бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң Президент пен Үкiметтiң шетелдерге мемлекеттік ресми сапарларының барысы туралы қызметiн жариялау үшiн қызметтiк iссапарлары, "Қазақстан" республикалық телерадиокешенiнiң жарғылық капиталын ұлғайту";
033-кiшi бағдарлама мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң Президент пен Үкiметтiң шетелдерге мемлекеттік ресми сапарларының барысы туралы қызметiн жариялау үшiн қызметтiк iссапарлары";
көрсетiлген қаулыға 473-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 35000 теңге (отыз бес миллион теңге).";
2-тармақ "Президенттiң 2003 жылғы 4 сәуірдегі "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" Қазақстан халқына жолдауы"; "Азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1391 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Мемлекет басшысының қатысуымен Азаматтық форум өткізу. Тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес өткізу";
көрсетiлген қаулыға 480-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 50323 мың теңге (елу миллион үш жүз жиырма үш мың теңге).";
6-тармақтың кестесi мынадай мазмұндағы 030-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"Отырар Отырар мемлекеттік жыл Қазақстан
030 мемлекеттік археологиялық бойы Республикасының
археологиялық қорығын ұстау штат Мәдениет, ақпарат
қорығы санының лимитi және қоғамдық
шегiнде - 56 бiрлiк келісім министрлігі
көрсетiлген қаулыға 485-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 794200 мың теңге (жетi жүз тоқсан төрт миллион екi жүз мың теңге).";
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бойынша:
көрсетiлген қаулыға 497-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 310064 мың теңге (үш жүз он миллион алпыс төрт мың теңге).";
2-тармақта "2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39" деген сөздер "2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "329" деген сандар "328" деген сандармен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі бойынша:
көрсетiлген қаулыға 526-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 317202 мың теңге (үш жүз он жетi миллион екi жүз екі мың теңге).";
2-тармақта:
"2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39" деген сөздер "2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінің Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "337" деген сандар "325" деген сандармен ауыстырылсын;
осы қаулыға 29, 30-қосымшаларға сәйкес редакцияда 531-1, 548-1-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 533-қосымшада:
2-тармақ "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңының 12-бабы, "Жамбыл облысындағы жер сiлкiнiсi салдарларын жою және әлеуметтiк маңызы бар объектiлердi қалпына келтiру жөніндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 мамырдағы № 492 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "Қиратушы жер сiлкiнiсi аймағында қалған бюджеттік қаржыландыру салаларына жататын объектiлердi қалпына келтiрудi қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "Қиратушы жер сiлкiнiсiне ұшыраған объектiлердің жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру үшiн жобалау негiздерiн жасау" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Т.Рысқұлов атындағы ауданда жер сiлкiнiсiнен кейiн тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды күшейту жөніндегі шұғыл және егжей-тегжейлi зерттеу, сондай-ақ жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ "Тұрғын үй ғимараттарын және жалпы құрылыс көлемi 1834579 шаршы метр қоғамдық мақсаттағы объектiлердi шұғыл зерттеу. Жалпы құрылыс көлемi 170818 шаршы метр қоғамдық ғимараттарды егжей-тегжейлі зерттеу және күшейту жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 539-қосымшада:
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "делегациясын" деген сөз "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң өкiл ретiнде жұмыс iстейтiн қызметкерлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 547-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 2000 мың теңге (екi миллион теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Сертификаттау және сертификациялық сынақтар, өлшеу құралдарын салыстыру, өндiру және жөндеу, оның iшiнде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган мамандарын аттестациялық зерттеулер жүргiзу, байланыс және пошта қызметтерiн көрсетуге iссапар шығыстары бойынша жұмыстар жүргiзу құқына үмiткер 66 ұйымды аккредиттеу";
көрсетiлген қаулыға 549-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 5649 мың теңге (бес миллион алты жүз қырық тоғыз мың теңге).";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "сатып алу" деген сөздер "дайындау жөніндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеу" деген сөздермен, "25128" деген сандар "24000" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 556-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 47740 мың теңге (қырық жетi миллион жетi жүз қырық мың теңге).";
көрсетiлген қаулыға 557-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 2910000 мың теңге (екi миллиард тоғыз жүз он миллион теңге).";
көрсетiлген қаулыға 558-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 2730000 мың теңге (екi миллиард жетi жүз отыз миллион теңге).";
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бойынша:
көрсетiлген қаулыға 569-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Құны: 391340 мың теңге (үш жүз тоқсан бip миллион үш жүз қырық мың теңге).";
2-тармақта "2002 жылғы 11 қаңтардағы "Штаттық есептегi лимиттердi бекіту туралы № 39" деген сөздер "2003 жылғы 1 сәуірдегі "Штаттық есептегi лимиттердi бекіту туралы № 314" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "108" деген сандар "107" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 571-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 136200 мың теңге (бiр жүз отыз алты миллион екi жүз мың теңге).";
2-тармақ "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Жарлығы", "Қазақ мұнай және газ институты" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1346 қаулысы", "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ кен орындарын игерудiң бiрыңғай ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 маусымдағы № 745 қаулысы, " Қазақстан Республикасының теңiздерi мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 105 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаға мүмкiн болатын терiс антропогендiк әсер етудiң алдын алу, экологиялық мониторингтiң өңiрлiк жүйесiн құру және Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын болжау.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Экологиялық мониторингтiң өңiрлiк жүйесi тұжырымдамасын әзiрлеу және Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы (бұдан әрi - КТҚС) табиғи жүйесiнiң жағдайын болжау;
теңiз экожүйесiнiң ластануы деңгейiн айқындау бойынша КТҚС-қа экологиялық мониторинг жүргiзудiң аспаптық-әдiстемелiк базасының жобасын құру;
Каспий теңiзiнiң, жағалау аймағының және жағалауының табиғи экожүйелерiнiң компьютерлiк моделдерiн әзiрлеу";
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында 032-кiшi бағдарлама мынадай мазмұндағы 5, 6, 6.1, 6.2, 6.3-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Экологиялық мониторингтiң өңiрлiк жүйесi тұжырымдамасын әзiрлеу және КТҚС табиғи жүйесiнiң жағдайын болжау.
6. КТҚС-қа экологиялық мониторинг жүргiзудiң аспаптық-әдiстемелiк базасы бағдарламасының жобасын әзiрлеу:
теңiз суының ластану деңгейiн, теңiз фаунасын, флорасын, планктонын және бентосын айқындау бойынша;
атмосфералық ауаның iлеспе газдың құрамдас бөлiктерiмен ластану деңгейiн, өндiрiстiк улы қалдықтардың шаңдануын айқындау бойынша;
мұнай өнiмдерiмен ластану деңгейiн және өсiмдiк-топырақ бетiнiң деградациясы.
6.1. КТҚС-тың табиғи жүйесiне экомониторинг жүргiзу мен оны болжаудың аспаптық-әдiстемелiк базасының жоғарыда анықталған бағдарламасына сәйкес экспериментальдық зертхана үшiн жабдық сатып алу.
Жабдық тiзiмi: 10 компьютер, 5 лазерлiк принтер, 1 сканер, 2 газ хроматографы, 2 дистиллятор, 2 созу шкафы, 2 спектрофотометр, 2 радиометр-дозиметр, 2 нефелометр, 5 газ талдағыштар, 4 иономер, 4 зертханалық таразы, 2 кептiру камералары.
6.2. Деректердi берудiң ғарыштық, әуе және жерде орналасу және коммуникациялық жүйесi бөлiгіндегі экологиялық мониторингтiң жүйесiн жобалау.
6.3. Каспий теңiзiнiң, жағалау аймағының және жағалаудың табиғи экожүйелерiнiң компьютерлiк интегралдық моделдерiн, жергiлiктi техногендiк қалдықтар мен тастандылардың таралу есебiнiң моделiн әзiрлеу Экологиялық жүйелер жағдайының деректер банкінің құрылымын, функциясын, параметрлерi мен форматтарын айқындау.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының экологиялық мониторингi өңiрлiк жүйесiнiң тұжырымдамасы;
Каспий өңiрiнiң экологиялық мониторингi жүйесiнiң және Каспий өңiрiнiң табиғи ресурстарының және табиғи ортасының құрамдас бөлiктерiнiң жағдайы туралы мемлекеттік органдарды және басқа да пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн қоршаған орта жағдайының талдама зерттеулерi әдiстемесiнiң жобасы;
қоршаған ортаның ластану деңгейiн айқындаудың қазiргi заманғы аспаптарымен және әдiстемесiмен жарақтандырылған эксперименталдық зертхана құрылды.";