2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар өткiзiлетiн жағдайларда, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болатын кезеңде шектеледі.
3. Егер орман пайдалану құқығының шектелуiн не тоқтатыла тұруын тудырған мән-жайлар немесе жағдайлар жойылса, орман пайдалану құқығы толық көлемiнде қалпына келтiрiледi.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Орман пайдаланушы орман пайдалану құқығын шектеу туралы немесе тоқтата тұру туралы шешiммен келiспеген жағдайда, оның бұл шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
5. Орман пайдалану құқығын шектеу немесе тоқтата тұру орман пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және өзге де жауапкершiлiктен босатпайды.
40-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату негiздерi
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
1) орман пайдаланушы орман пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан;
2) орман пайдалану мерзiмi өткен;
3) орман пайдаланушы заңды тұлға таратылған;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) орман пайдаланушы орман пайдаланудың белгiленген қағидаларын немесе ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарында, ағаш кесу билетiнде, орман билетiнде көзделген талаптарды жүйелі түрде (күнтізбелік жыл ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;
5) мемлекеттік орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн өзгерістерге әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар басталғанда;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) орман пайдалану төлемақысын енгізудiң белгiленген мерзiмiн үнемi (күнтізбелік жыл ішінде екі және одан да көп рет) бұзған немесе төлемақыны белгiленген мерзiмнен кейiнгi үш ай iшiнде енгiзбеген;
7) мемлекеттік орман қоры жерi мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған, мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды шектеудiң неғұрлым қатал режимi белгiленген жағдайларда тоқтатылады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату орман пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және өзгедей жауапкершiлiктен босатпайды.
41-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату тәртібі
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының бұзылуы;
2) орман пайдаланушының жазбаша өтiнiшi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ағаш кесу билетi, орман билетi қолданылуының уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен тоқтатылуы негiзiнде тоқтатылады;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
42-бап. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуы
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болу тәртiбi мен шарттары мемлекеттiк орман қорының санатымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрімен, аумақтың абаттану деңгейiмен және орман пайдаланудың түрiмен айқындалады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Жеке тұлғалардың, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатына жатқызылған өсімдіктер дүниесі объектілерін қоспағанда, демалыс өткiзу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық iс-шараларға қатысу, жабайы өскен жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинау мақсатында мемлекеттiк орман қоры аумағында тегiн рұқсаттама құжаттарынсыз болуға құқығы бар.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында жабайы өскен жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органының шешiмiмен бекiтiлген нормалар шегiнде рұқсат етiледi.
4. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына және жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын жинауына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың денсаулығын қорғау, өрт қауiпсiздiгi, жаңғақ кәсiпшiлiгi, орман-жемiс, орман тұқым және аңшылық шаруашылықтарын жүргiзу мүддесiне орай шектеу қойылуы мүмкiн.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасында айқындалған жағдайлардан басқа кезде, өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгiзiлген жабайы өсетін өсiмдiктер мен саңырауқұлақтар түрлерiн, сондай-ақ құрамында есiрткi бар өсiмдiктер мен құрамында есiрткi бар табиғи шикiзат жинау мен дайындауға тыйым салынады.
6. Жеке тұлғалар өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, ағаштар мен бұталарды сындырмауға және кеспеуге, орман ағаштарының зақымдануына, ормандардың ластануына, құмырсқа илеулерiнiң, құс ұяларының бұзылуына жол бермеуге, жабайы өскен тағамдық орман ресурстарын, дәрiлiк шикiзатты олардың молықтырылуына нұқсан келмейтiн мерзiмде және тәсiлдермен жинауға мiндеттi.
7. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында аң аулау және балық аулау мақсатында болуы осы Кодекспен регламенттеледi.
4-бөлім. Орман шаруашылығын ұйымдастыру
7-тарау. Орман шаруашылығын ұйымдастыру негіздері
43-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру:
1) орман орналастыру iсiн жүргiзудi;
2) мемлекеттік орман қорын санаттарға бөлудi;
3) мемлекеттік орман қорын алқаптар түрлерi бойынша бөлудi;
4) кесу жасын белгiлеудi;
5) кесу жүйесi мен орман ресурстарын молықтыру жүйесiн белгiлеудi;
6) орман пайдалану нормаларын белгiлеудi;
7) ормандарды күзету мен қорғау жөнiнде шаралар белгiлеудi;
8) орман селекциясы мен орман тұқым шаруашылығын жүргізуді;
9) ормандарды зерттеу, есепке алу, күзету, қорғау, молықтыру, орман өcipу, орман пайдалануды реттеу және Қазақстан Республикасының орман заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өзге де құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шараларды қамтиды.
2. Мемлекеттік орман қорын тиiмдi күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік орман иелiктерi аумағы орманшылықтарға, орман шеберi учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлiнедi.
44-бап. Мемлекеттік орман қорының санаттары және орман пайдалануды шектеу режимi
1. Қазақстан Республикасындағы барлық орман су күзету, егiс-топырақ қорғау, гендiк, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және өзге де пайдалы функцияларды атқаратын қорғаныштық орман болып табылады.
2. Ормандардың атқаратын функцияларының басымдықтарына қарай мемлекеттік орман қоры:
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) ерекше қорғалатын орман аумақтары, оның iшiнде:
мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары;
мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары;
мемлекеттік табиғи резерваттар ормандары;
мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ормандары;
мемлекеттік қорық аймақтары ормандары;
табиғаттың мемлекеттік орман ескерткiштерi;
орманның гендiк резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелерi;
аса құнды орман алаптары;
жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары;
орман-жемiс екпелерi;
аса биiк тау ормандары;
2) мемлекеттік қорғаныштық орман белдеулерi;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) қала ормандары;
4) елдi мекендердiң және емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жасыл аймақтары;
5) эрозияға қарсы ормандар;
6) өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерi;
7) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары, каналдар, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулеріндегі қорғаныштық екпелер;
8) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулер;
9) егiс-топырақ қорғаныштық ормандар санаттарына бөлiнедi.
3. Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулерге жұмыс iстеп тұрған және салынып жатқан темір жолдарға бөлiнген белдеулерге iргелес жатқан, темір жол төсемiнен екi жаққа қарай бес жүз метр шегіндегі орман және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлiнген белдеулерге iргелес жатқан, жолдың ортасынан екi жаққа қарай екi жүз елу метр шегіндегі орман жатады.
4. Мемлекеттік орман қоры санаттарында орман пайдалануды шектеудiң мынадай режимдерi белгiленедi:
1) қорық режимi - осы Кодексте айтылған жағдайларды қоспағанда, орман пайдаланудың барлық түрлерiне, оның iшiнде ағаштарды кесуге тыйым салынады;
2) тапсырыс режимi - басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге (ағаш кесудiң өзге түрлерi осы Кодексте айтылған жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн), шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға, шөп шабу мен мал жаюға тыйым салынады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) шектеулi шаруашылық қызметiнiң режимi - жапырақты сүрекдiңдерді қоспағанда, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге (ағаш кесудiң өзге де түрлерi осы Кодексте айтылған жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн), шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға тыйым салынады.
45-бап. Мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу, бір санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлу
1. Мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу, бір санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ орман пайдалануға тыйым салынатын немесе ол шектелетiн ерекше қорғаныштық учаскелерге бөлiнуi мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде орман орналастыру материалдары және (немесе) арнайы зерттеулер негiзiнде оның экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық маңызына қарай жүргiзiледi.
2. Мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызуды, сондай-ақ бір санаттан екiншi санатқа ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргiзедi.
3. Мемлекеттік орман қорында, осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетiлген санаттарды қоспағанда, орман пайдаланудың шектеулi режимiмен ерекше қорғаныштық учаскелер бөлiнуi мүмкiн.
Ерекше қорғаныштық учаскелер басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ережелерiне сәйкес орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер кезiнде бөлiнедi.
46-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кесу жасын белгiлеу
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кесу жасы ормандардың маңызы мен өнiмдiлiгi, олардың атқаратын функциялары, ағаш және бұта тұқымдастарының биологиялық ерекшелiктерi, сондай-ақ сүректiң мақсатты пайдаланылуы негiзге алына отырып айқындалады.
2. Кесу жасын негiздеу орман орналастыру кезiнде немесе ғылыми зерттеулер нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.
3. Кесу жасын бекiтудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
47-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептi кеспеағаш аймағы
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептi кеспе ағаш аймағы басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртібімен сүрек дайындаудың орман орналастыру кезiнде орманды үздiксiз және сарқылмайтындай етiп пайдалану принципi негiзге алына отырып, әрбір мемлекеттік орман иелiгi бойынша тексеру кезеңiне белгiленетiн жыл сайынғы нормасы.
Республиканың бүкiл аумағы және оның жекелеген облысының аумағы үшiн есептi кеспеағаш аймағы жекелеген мемлекеттік орман иелiктерiнiң есептi кеспеағаш аймағының жиынтығы ретiнде айқындалады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын мемлекеттік орман иеленушінің орман орналастыру жобасының құрамында уәкілетті орган бекітеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген жағдайда, есептi кеспеағаш аймағы осы учаскелер үшiн уәкілетті орган айқындаған тәртіппен белгіленеді.
4. Мемлекеттік орман қорының шекарасы мен жай-күйi, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жасы, мемлекеттік орман қорының қорғаныштық санаты өзгерген кезде есептi кеспеағаш аймағына өзгерістер енгiзiледi.
Мемлекеттік орман қоры учаскесiнде өзгертiлген есептi кеспеағаш аймағын бекiтудi мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi орган жүргiзедi.
48-бап. Мемлекеттік орман қоры алқаптарының түрлерi
Мемлекеттік орман қорының құрамы:
1) орман алқаптарына (орманды алқаптар; орманның жинақталмаған ағаштары; арнайы мақсаттағы плантациялар, орман питомниктерi, сондай-ақ ағаш өспеген алқаптар - ағашы кесiлген, өртең, алаңқай, селдiр ормандар);
2) ағаш өспеген алқаптарға (ауыл шаруашылығы алқаптары, жолдар, орманның шаршы соқпақтары, өртке қарсы жыртылған жерлер, усадьбалар, сулар, батпақтар, мұздақтар, құмайт жерлер және мемлекеттік орман қоры құрамындағы басқа да алқаптар) бөлiнедi.
49-бап. Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн мемлекеттік орман қорындағы орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн мемлекеттік орман қорындағы орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыруды орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер материалдары негiзiнде аумақтық бөлімше жүргiзедi.
Алаңқай жерлер топырақ зерттеу және орман орналастыру материалдары бойынша орман өсiруге жарамсыз деп танылған жағдайларда ағаш өспеген алқаптарға айналдырылуы мүмкiн.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Аумақтық бөлімшенің орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда орманды алқаптарды ағаш өспеген алқаптарға айналдыру туралы шешiмiнде учаскенiң орналасқан жерi, оның көлемi, ағаш өспеген алқапқа айналдыруды жүзеге асырудың мақсаты мен мерзiмi, атқаруға рұқсат етiлген жұмыстардың тiзбесi, ағаш өспеген алқапқа айналдыру мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi осы учаскенi жаңғырту жөніндегі iс-шаралар көрсетiледi.
50-бап. Мемлекеттік орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру
Мемлекеттік орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыруды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттік орман иеленушi жүргiзедi.
51-бап. Мемлекеттік орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру және (немесе) мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қою
1. Мемлекеттік орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыруды және (немесе) мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қоюды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруға айрықша жағдайларда орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасының орман және жер заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде және:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге;
2) халықаралық міндеттемелерді орындауға;
3) кен орны учаскесінің астынан пайдалы қазбалар табылып, оларды игерудің баламалы нұсқалары болмауына;
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тармақшаның қолданысы 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-баптың 6-тармағының редакциясында қолданылады
4) халықаралық, республикалық, облыстық жəне аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін жəне магистральдық құбыржолдарды салуға;
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) елді мекендердің шекарасы (шегі) өзгеріп, оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмауына;
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілері мен қорғаныс мұқтаждарына арналған объектілерді жайластыруға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
7) ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларын орналастырудың мүмкін болатын басқа нұсқалары болмаған кезде осындай құрылысжайларды салуға және олардың жұмыс істеуіне байланысты ғана жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда орман қорының жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және мемлекеттік орман қорының құрамына ауыстыру үшін мемлекеттік орман иеленушіге өтемақы тәртібімен тиісті жергілікті атқарушы органдар берген жер учаскелерінде оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарына күтім жасауды жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет мұқтаждығы үшін алып қойған кезде, көрсетілген ауыстыруды және (немесе) алып қоюды өз мүддесi үшiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасылар мен шығындардың орнын толтырады.
3. Мемлекеттік орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет мұқтажы үшін алып қойған кезде осы жерлердегi екпелердi сақтау немесе кесу туралы және кесiлген жағдайда алынатын сүректі пайдалану туралы мәселе бір мезгiлде шешiледi.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 51-1-баппен толықтырылды
51-1-бап. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру
1. Басқа санаттардағы жерде табиғи өсiп шығатын екпелер орман қорының құрамына енгізілуге жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген екпелерді анықтауды, құжаттаманы ресімдеуді және оны уәкілетті органға ұсынуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
3. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру Қазақстан Рсепубликасының жер заңнамасына және осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
52-бап. Жекеше орман қоры жерiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгерту
Жекеше орман қоры жерiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгерту Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүргiзiледi.
53-бап. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындарды келiсу
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мiндеттi түрде жүргiзiле отырып, уәкiлеттi органмен келiсiледi.
2. Кәсiпорындарды, ғимараттарды және басқа объектiлердi орналастырған, жобалаған, салған және пайдалануға берген кезде, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне әсер ететiн жаңа технологиялық процестердi енгiзген кезде ормандарды ақаба судың, өнеркәсiптiк және коммуналдық-тұрмыстық шығарындылардың, қалдықтардың және төгiндiлердiң жағымсыз әсерiнен сақтауды қамтамасыз ететiн iс-шаралар көзделiп, жүзеге асырылуға тиiс.
3. Ормандардың жай-күйiне зиянды әсердi болдырмайтын құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген кәсiпорындарды, цехтарды, көлiк жолдары мен басқа да объектiлердi пайдалануға беруге тыйым салынады.
54-бап. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргiзу
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргiзу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл үшiн мемлекеттiк орман қорының жерiн басқа жер санаттарына ауыстыру және (немесе) оларды алып қою қажет болмаса, тиісті экологиялық рұқсат не мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органмен келiсу бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттік орман қоры жерінде уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру оны басқа санаттардағы жерге ауыстырмай, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, бүлінген жер учаскелерін кейіннен рекультивациялай отырып және оларды орман иеленушіге бере отырып жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттік орман қоры учаскелерін уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру үшін пайдаланған кезде жер қойнауын игерудің алғашқы үш жылы бойы пайдаланылатын учаскенің екі есе мөлшерінде орман екпелерін өтемдік отырғызуды және орман айналған алаңға ауыстырылғанға дейін оларды күтіп-ұстауды жүргізуге міндетті.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың атауы, оларды орындау мерзiмдерi мен шарттары, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық талаптар, жер учаскелерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері көрсетiледi.
5-бөлім. Орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі
8-тарау. Орман орналастыру
55-бап. Орман орналастыру
1. Орман орналастыру орман шаруашылығын жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыруға, орман шаруашылығында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруға, орман қорының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар жүйесiн қамтиды.
Орман орналастыру кезiнде:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қорының шекарасын және мемлекеттік орман иелiктерiнiң шаруашылықiшiлік ұйымдастырылуын айқындау, оның ішінде орманшылықтарға, орман шеберiнiң учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлу;
2) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау мен мемлекеттік орман қорын арнайы картаға түсiру;
3) ормандардың тұқымдық және жас құрамын, олардың жай-күйін анықтай отырып, орман қорын түгендеу, сондай-ақ орман ресурстарының сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау;
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) мемлекеттік табиғат-қорық қоры объектілерін, орманның аса сирек кездесетiн өсiмдiктерiн және ерекше қорғаныштық учаскелердi анықтау;