23-13) автомобиль көлігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
23-14) Қазақстан Республикасының аумағында ірi габаритті және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
23-15) төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту тәртiбiн айқындайды;
23-16) әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекітеді;
23-17) 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23-18) автомобиль көлiгi саласындағы лицензияланатын қызмет (кіші қызмет) түрлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 23-19) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
23-19) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 23-20) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
23-20) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекітеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 23-21) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
23-21) автоматтандырылған өлшеу станцияларының тізілімін жүргізеді;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) өз құзыретi шегiнде жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын бекiтедi;
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - қалалық және қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - қалалық және қала маңындағы тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келіседi;
4) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауларды ұйымдастырады;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
6) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - қалалық және қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) - 6-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;
10) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды
10-2) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекiтедi, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткiзедi, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiтедi;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
3) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi;
4) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады;
5) қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-1) - 5-2) тармақшалармен толықтырылды
5-1) тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
5-2) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-1-бап. 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен мiндеттерi
1. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының:
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарын тоқтатуға;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының бұзылуы туралы тексерулердi жүзеге асыруға және актiлер жасауға, жолсыздықтарды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның 19-6-бабында көрсетілген, тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды жеке және заңды тұлғалардан сұратуға;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар.
2. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
1) жеке және заңды тұлғалардың автомобиль көлiгi қызметi мәселелерi жөніндегі өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша тиiстi шаралар қолдануға;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киім (погонсыз) киюге, олардың нөмiрлi омырау белгiлерi, сондай-ақ қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуға тиiс.
Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз), нөмiрлi омырау белгiлерiнің, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2019 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы лицензиялау
Автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау лицензиарға берілген лицензияға қосымшада көрсетілген автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жолаушылар тасымалы жүзеге асырылатын автобустардың, шағын автобустардың жылжымалы құрамының бірлігі өзгерген жағдайда, лицензияға қосымша қайта ресімдеуге жатады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3 - 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Сәйкестікті растау
1. Автомобиль көлігі саласындағы автокөлік құралдарының, автокөлікке арналған жабдықтардың, олардың өмірлік циклі процестерінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттау
Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды сертификаттауды сертификаттау орталығы Қазақстан Республикасы халықаралық шартының ережелеріне сәйкес Еуропалық комиссияның бас сертификаттау орталығының цифрлық сертификатын қолдана отырып жүзеге асырады.
18-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мiндеттi сақтандыру
1. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарын пайдалануға олардың иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылған жағдайда ғана жол берiледi.
2. Жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдарымен жол жүрген кезде жолаушылардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi де мiндеттi сақтандырылуға жатады.
3. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру және тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi, сондай-ақ сақтандырудың осы түрлерiн (кластарын) ұстау және оларды жүргiзу шарттары бойынша қосымша талаптар Қазақстан Республикасының сақтандырудың осы түрлерi (кластары) туралы заң актілерімен белгiленедi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Тарифтер
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгендерден басқа жағдайларда жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауға еркін (шарттық) тарифтер белгіленеді.
2. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін жергiлiктi атқарушы орган барлық маршруттар үшін бірыңғай белгілейді.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Тариф жергілікті атқарушы органның шешімімен маршруттың түріне, жол жүру билетінің түріне, төлем тәсіліне, сондай-ақ тасымалдау қашықтығына немесе жүріп өткен аялдама пункттерінің санына қарай сараланады.
3. Қала маңы қатынасында жолаушылар мен багажды тасымалдау құнын тасымалдауларды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган бекітетін тарифке сәйкес, тасымалдау қашықтығына қарай белгілейді.
4. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін жергiлiктi атқарушы орган белгілейді.
5. Осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгіленетін тарифтер жергілікті өкілді органмен келісуге жатады.
6. Егер осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгіленген тарифтер жолаушылар тасымалының рентабельділігін қамтамасыз етпесе, жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдаушылардың залалын субсидиялайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-1-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1-тарау. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 19-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-1-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаты
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - көлiктiк бақылау) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауы үшін жүргiзiледi.
2. Көліктік бақылау жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бірлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 19-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-2-бап. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың түрлері
1. Көлiктiк бақылау мына түрлерге бөлiнедi:
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының өтуiн бақылау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің автомобиль көлігінің жұмыс істеу тəртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сəйкестігі тұрғысынан бақылау.
2. Тексеру жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлiк кәсiпорнының қызметiн тоқтатпауға тиiс.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
19-3-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 19-4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 19-4-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-4-бап. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүрiп өтуін көлiктiк бақылау
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуін көліктік бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, сондай-ақ автокөлік құралдары автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы жүріп өткен кезде жүзеге асырылады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында автокөлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерi, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындары және стационарлық көліктік бақылау бекеттері күрделі ғимараттармен және құрылыстармен жабдықталуға, техникалық бақылау, байланыс жасау құралдарымен, деректердi жинау, беру және шоғырландыру үшiн қазiргi заманғы телекоммуникациялық және компьютерлiк жабдықпен жарақтандырылуға тиiс. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттері қажет болған жағдайда шлагбаумдармен жабдықталады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-5-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруына көліктік бақылау жүргізудің нысандары
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесінің талаптарының орындалуы көліктік бақылау посттарында мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп-тұруына рұқсат беру құжаттарының болуын;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттардың болуын;
3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынастары үшін белгіленгенге сәйкестігін;
4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттың болуын тексеру арқылы жүргізіледі.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тасымалдаушылардың автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбегі мен тынығуы режимін сақтауын көлікті бақылау посттарда тахографтың болуын және оны пайдаланылуын тексеру, сондай-ақ жүргізушілердің еңбегі мен тынығуы режимін бақылаудың тіркеу парақтарын жүргізу жолымен жүргізіледі.
3. Көлік құралдарының нақты салмақтық және көлемдік параметрлерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген, жол берілетін параметрлерден асып кету шамасын айқындау арқылы ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылау мыналарды:
1) өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін;
2) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразыларды;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) автоматтандырылған өлшеу станцияларын пайдалана отырып жүргізіледі.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-6-бап. Тексеруге жататын негізгі құжаттар
1. Автомобиль көлігінде кәсіпкерлік субъектілеріне тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті органның лауазымды адамдары жарғымен және мына:
1) мамандар мен жүргізушілердің кәсіптік біліктілігін растайтын;
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2) белгіленген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру үшін қажетті (куәліктермен, қозғалыс кестелерімен, маршруттар схемаларымен, автовокзалдармен, автостанциялармен және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерімен жасасқан шарттармен, паспорттармен, келісімшарттармен);
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған (Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға уәкiлеттi орган берген арнайы рұқсатпен, қауiптi жүктi тасымалдау маршрутының бланкісімен, автокөлік құралы жүргізушісіне қауіпті жүк тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікпен, көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікпен);
4) автокөлік құралдарына арналған (белгіленген нысандардағы жол парақтары мен тауар-көліктік құжаттармен, билеттік-есепке алу парақтары және оларды есепке алу журналдарымен);
5) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті (тахографтарды салыстырып тексеру жөнінде жұмыстар жүргізу құқығына аккредиттеу аттестаты, тахографты салыстырып тексеру туралы сертификат, тахографты кезеңдік тексеру туралы куәлік, тахографтармен жұмысты есепке алу журналы, өндірістік үй-жайға техникалық құжаттама);
6) тасымалдаушының тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруына арналған (тауар-көлік жүкқұжаты, жол парақтары, жүкті өлшеу (салмағын өлшеу) актілері, тиеу-түсіру және қосалқы жұмыстар жүргізуге арналған штаттық және қосалқы жабдықтың ұлттық стандарттарға сәйкестік сертификаттары, өндірістік үй-жайға техникалық құжаттама) құжаттармен танысады.
2. Тексеру жүргізу кезінде қажетті құжаттардың болуы және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі айқындалады.
3. Автомобиль көлігіндегі кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүргізу кезінде өз құзыреті шегінде тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдары:
1) жылжымалы құрамның, жөндеу және өндірістік базаның, техникалық құралдардың, тиеу-түсіру тетіктерінің, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтік үй-жайдың (меншікті жөндеу және өндірістік базасы жоқ және басқа кәсіпорындармен тиісті жұмыс түрлерін орындауға шарт жасасқан кәсіпорындар бұған жатпайды) болуы мен олардың жай-күйін, сондай-ақ автомобиль көлігіндегі шаруашылық субъектілерінің экологиялық талаптар мен жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың нормаларын сақтауын;