«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
2003 ж. 4 шілдедегі № 473-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) 13-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «ішкі істер органдарының» деген сөздерден кейін «және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 14-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «ішкі істер органдарының» деген сөздерден кейін «және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 20-баптың бірінші абзацындағы «және ішкі істер органдарының» деген сөздер», ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының