Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 31 мамырдағы № 741 және 2001
жылғы 21 тамыздағы № 1092 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 569 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.09.03 № 217 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 588 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Кеден кодексiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2005.09.03 № 217 қаулысымен алып тасталды (бұр . ред. қара)
2) "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимi қолданылатын лизинг заттарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1092 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 387-құжат):
тақырыптағы және мәтiндегі "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету" деген сөздер "Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" деген сөздермен ауыстырылсын;
кiрiспеде:
"2000 жылғы 5 шiлдедегi және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi Заңын және Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 191-бабын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |