"Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамын басқарудың
кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 5 маусымдағы № 533 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетімен бiрлесіп "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамының президентi қызметiне заңнамада белгiленген тәртiппен сайлау үшiн Серiк Әбдiбайұлы Қапаровтың кандидатурасы ұсынылсын.
2. "Кейбiр акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегi № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымша:
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ:
Hығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi, төраға;
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi;
Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Есқалиев Ерхат Серiкұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Департамент директорының орынбасары;
Мәмбетов Алматбек Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетiнің төрағасы;
Мұқанов Елтай Жанәбiлұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі Департамент директорының орынбасары;
Қапаров Серiк Әбдiбайұлы".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |