Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 15 мамырдағы № 453 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 591 Қаулысымен күші жойылды
Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркеу үшiн ақы алуды тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 286-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсін:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртібi туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Облигация шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын және бiрыңғай кепiл ретiнде енгiзiлген, тiркелген, жылжымалы мүлiк кепіліне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ осы кепілдi тоқтату ақы алусыз жүзеге асырылады».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |