үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң аффилиирленген тұлғасы шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бағалы қағаздар рыногы субъектiсi қабылдаған шешiмге, оның iшiнде ауызша шартты қоса алғанда, шарттың немесе өзге де мәмiленiң күшiне әсер етуге мүмкiндiгi бар тұлға (өзiне берiлген өкiлеттiк шегiнде осы тұлғаның қызметiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ осындай құқығы бар бағалы қағаздар рыногы субъектiсiне қатысты кез келген тұлға;";
төртiншi абзацтағы «делдал» деген сөз «кәсiби қатысушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацтағы «бұрын шығарылған» деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«9) бағалы қағаз ұстаушы - бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жүргiзу жүйесiнде тiркелген және осы бағалы қағазбен куәландырылған мүлiктiк құқықтарды иеленген тұлға;";
оныншы абзац алып тасталсын;
он бiрiншi абзац «пайда табу мақсатымен» деген сөздерден кейiн «баға кесудi ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына шығару және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
он екiншi абзацтағы «өз» деген сөз алып тасталсын;
он үшiншi, он төртiншi және он сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) институционалдық инвестор - өзi тартқан ақшаларды заңдарға сәйкес бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялайтын заңды тұлға;
13) кастодиан - бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеу және олардың есебiн жүргiзу, құжатты бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердiң ақшаларына есеп жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы;";
«17) листинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының ережелерiнде белгiленген тәртiппен сауда-саттық ұйымдастырушының бағалы қағаздар тiзiмiне енгізу;";
он тоғызыншы абзацтағы «бiр эмиссиядағы» деген сөздер алып тасталсын;
жиырма бiрiншi және жиырма алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20) облигацияның нақтылы құны - облигация құнының оны шығару проспектiнде айқындалған ақшалай көрiнiсi;";
«25) бағалы қағаздар портфелi - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгіндегі не сенiмгерлiкпен басқаруындағы әртүрлi бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының жиынтығы;";
жиырма сегiзiншi абзацтағы «эмиссия» деген сөз «шығарылым» деген сөзбен ауыстырылсын;
отыз бiрiншi және отыз екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30) тiркеушi - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы;
31) өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай ережелерiн (стандарттарын) әзiрлеу және қабылдау мақсатында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары құрған ұйым;";
отыз үшiншi абзац алып тасталсын;
отыз төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«32) бағалы қағаздар шығарылымының құрылымы - шығарылатын бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, сондай-ақ орналастырылу бағасы (нақтылы құны) туралы мәлiметтер;";
отыз бесiншi абзац 33) тармақша болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы 34) тармақшамен толықтырылсын:
«34) трансфер-агент - бағалы қағаздар рыногында азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыру процесiнде ақпараттар (құжаттар) қабылдау мен беру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы;";
отыз алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«35) бағалы қағаздар портфелiн басқарушы - бағалы қағаздарды, өзге де қаржы құралдарын, сондай-ақ оларды сатып алуға арналған ақшаларды сенiмгерлiкпен басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы;";
мынадай мазмұндағы 36) және 37) тармақшалармен толықтырылсын:
«36) қаржы агенттiгi - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен экономиканың белгiлi бiр саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берiлген және осы мақсатта капиталдың iшкi және сыртқы рыноктарынан қарыз алуды жүзеге асыратын ұйым. Қаржы агенттiгiне мәртебе беру тәртібін және қаржы агенттiгiнiң қызметiне қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi;
37) қаржы құралы - тұтыну құны оның айналыс және (немесе) төлем құралы ретiнде пайдаланылу мүмкiндiгiмен айқындалатын және ұлттық валютаға айырбасталу қабылеттiлiгiн иеленген актив түрі;";
отыз жетiншi, отыз сегiзiншi, қырқыншы, қырық бiрiншi абзацтар тиiсiнше 38), 39), 41), 42) тармақшалар болып есептелсiн;
отыз сегiзiншi абзацтағы «бiр эмиссия» деген сөздер «бiр шығарылым» деген сөздермен, «осы эмиссияға» деген сөздер «осы шығарылымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«40) эмиссия - эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу және оларды орналастыру мақсатында жасайтын iс-әрекетi;";
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылар уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi сақтауға мiндеттi. Пруденциялық нормативтердiң құрамына бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, өз капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентi, сондай-ақ уәкiлеттi органның айқындауы бойынша өзге де нормалар мен лимиттер кiредi.»;
3) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өздерi тартқан қаржыны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау үшiн пайдаланушы субъектiлер Қазақстан Республикасындағы институционалдық инвесторлар болып табылады. Институционалдық инвесторларға:
инвестициялық қорлар;
банктер - Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда;
жинақтаушы зейнетақы қорлары;
сақтандыру ұйымдары;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да ұйымдар жатады.»;
4) 7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген шектеулер ескерiле отырып, құжатты немесе құжатсыз нысанда шығарылуы мүмкiн.»;
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
4-тармақтағы «эмиссияны» деген сөз «шығарылымды» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 8-бап алып тасталсын;
6) 9-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы eкінші бөлiкпен толықтырылсын:
«Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қатысушылардың ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногындағы бағалы қағаздармен мәмiле жасауына шектеу белгiлеуге құқылы.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен мәмiле жасау рәсiмi және оларды тiркеу сауда-саттық ұйымдастырушылардың ережелерiмен айқындалады.»;
7) 10-бапта:
екiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi және тоғызыншы абзацтар тиiсiнше 1), 3), 5), 6), 7), 8) тармақшалар болып есептелсiн;
үшiншi және бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу, сондай-ақ эмитенттердiң олардың шығарылу, айналыс және өтелу шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;";
«4) сауда-саттық ұйымдастырушылардың және институционалдық инвесторлардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялау;";
жетiншi абзац «бағалы қағаздар рыногына кәсiптiк қатысушылар» деген сөздер «бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар, сауда-саттық ұйымдастырушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 12-баптың тақырыбындағы «эмиссиясын» деген сөз «шығарылымын» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 13-бап алып тасталсын;
10) 14-баптың тақырыбындағы және мәтіндегі «эмиссиясы», «эмиссия», «эмиссия» деген сөздер тиiсiнше «шығарылымы», «шығарылымын», «шығарылым» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Агенттiк облигациялар эмиссиясы
Агенттiк облигацияларын шығару, орналастыру және өтеу шарты мен тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
12) 15-бап алып тасталсын;
13) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды
мемлекеттік тiркеу
1. Жарияланған акциялар шығару туралы шешiм акционерлік қоғам құрылтайшыларының жиналысында (акционерлердiң жалпы жиналысында) қабылданады.
Акционерлік қоғам құрылтайшылардың ол әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеуге арналған құжаттарды, олардың арасында орналастырылған акцияларды төлегендiгiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу құрылтайшыларды акция ұстаушылардың тiзiлiмiнде акция ұстаушылар ретiнде тiркеу үшiн негiз болып табылады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу:
1) ұсынылған құжаттарды қарауды және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiне сараптаманы;
2) эмитенттiң аудиторлық ұйым (аудитор) растаған қаржылық есептiлiгiн қарауды;
3) бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрiн берудi және Бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы және эмитент туралы мәлiметтер енгізудi;
4) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжат берудi қамтиды.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудiң ерекшелiгiн, сондай-ақ олардың шығарылу, айналысы, өтелу мен жойылу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
5. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент ұсынған құжаттарды уәкiлеттi орган олар табыс етiлген күннен бастан отыз күн iшiнде қарайды.
Мемлекеттік тiркеуге қосымша құжаттар табыс етiлген жағдайда құжаттарды қарау мерзiмi жаңартылады.
6. Эмитенттiң лауазымды адамдары мәлiметтер бермегенi не дұрыс емес мәлiметтер бергенi, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды табыс ету мерзiмдерiн бұзғаны, сондай-ақ уәкiлеттi органның нұсқамаларын орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
14) 17-бапта:
баптың тақырыбындағы «бағалы қағаздар эмиссияларының» деген сөздер «бағалы қағаздарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «эмиссиялары» деген сөз «шығарылымдары» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «эмиссиялары туралы» деген сөздер «шығарылымдары туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 18-бап алып тасталсын;
16) 19-бапта:
тақырыбындағы «эмиссиясын» деген сөз «шығарылымын» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «эмиссиясын» деген сөз «шығарылымын» деген сөзбен ауыстырылсын; «қаржы» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтағы «эмиссиясын» деген сөз «шығарылымын» деген сөзбен ауыстырылсын;
17) 20-бапта:
тақырыбындағы «эмиссиясын» деген сөз «орналастыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «эмиссиясын» деген сөз «орналастыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бағалы қағаздарды орналастыру талаптарының шығару мен орналастырудың тiркелген талаптарына, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкессiздiгi;";
үшiншi-бесiншi абзацтар тиiсiнше 2)-4) тармақшалар болып есептелсiн; үшiншi абзацтағы «эмиссия» деген сөз «орналастыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртiншi абзацтағы «эмиссияның» деген сөз «шығарылымның» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «эмиссиясын» деген сөз «орналастыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi-төртiншi абзацтар тиiсiнше 1)-3) тармақшалар болып есептелсiн;
3-тармақтағы «эмиссиясын» деген сөз «орналастыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкiлеттi органның бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап эмитент осы баптың 2-тармағының талаптарын сақтай отырып, бұл туралы баспасөз басылымында хабар жариялауға және анықталған жолсыздықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға мiндеттi.
Эмитенттiң бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн уәкiлеттi орган эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тізіліміндегi жеке шоттармен жүргізілетін операцияларды тоқтата тұру мақсатында тiркеушiге жiбередi. Тiзiлiмде нақты ұстаушының жеке шоты болса тiркеушi оны уәкiлеттi орган қабылдаған шешiм туралы хабардар етуге мiндеттi.
5. Уәкiлеттi органның шешiмiмен бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұруға себеп болған негiздердi жойғаннан кейiн ғана эмитенттiң бағалы қағаздарды одан әрi орналастыруына мүмкiндiк туады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақтағы «эмиссияны» деген сөз «орналастыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
18) 21-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын
жарамсыз деп тану»;
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «эмиссиясы» деген сөз «шығарылымы» деген сөзбен, «болмады» деген сөз «жарамсыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi, үшiншi және бесiншi абзацтар тиiсiнше 1), 2) және 4) тармақшалар болып есептелсiн;
екiншi абзацтағы «эмиссиясы» деген сөз «шығарылымы» деген сөзбен ауыстырылсын;»(тiркелген шығару шарттарына)»деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi абзац «эмиссия проспектiне (тiркелген шығару шарттарына)»деген сөздер «шығарылым проспектiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепте көрсетiлген мәлiметтердiң шығарылымның тiркелген проспектiне немесе осындай шығарылымның нақты орналастырылу деректерiне сәйкес келмеуi;";
бесiншi абзацтағы «эмиссияны» деген сөз «орналастыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке және осы эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiміндегі бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру мақсатында тiркеушiге жiбередi.
Тiзiлiмде нақтылы ұстаушының жеке шоты болса тiркеушi оны уәкiлеттi орган қабылдаған шешiм туралы хабардар етуге мiндеттi. Хабарламаны алған нақтылы ұстаушы клиенттiң шоты бойынша бағалы қағаздармен жасалған мәмiленi тiркеудi тоқтата тұруға мiндеттi.
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы мәлiмет Бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен енгiзiледi.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облигациялар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайда осы шығарылған облигациялар эмитентке қайтарылуға жатады. Инвесторларға облигациялардың нақтылы құнын өтеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Акциялар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайда акционерлік қоғамның директорлар кеңесi уәкiлеттi органнан акциялар шығарылымының жарамсыз деп танылғаны туралы хабар алған күннен бастап екi ай iшiнде мынадай:
1) акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы;
2) шаруашылық серiктестiк (өндiрiстiк кооператив) етiп қайта құру туралы;
3) акционерлік қоғамды тарату туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдау мақсатында акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға және өткізуге мiндеттi.
Акционерлердiң жалпы жиналысында акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн акционерлік қоғам акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi қабылданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей құжаттарды мемлекеттік тiркеуге табыс етуге мiндеттi.
2-2. Осы баптың 2-1-тармағының талаптарын сақтамаған жағдайда акционерлік қоғам уәкiлеттi органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен таратылуға жатады.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақтағы «бағалы қағаздар эмиссиясын жарамсыз» деген сөздер «бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 22-бапта:
тақырыбы «Бағалы қағаздар» деген сөздердiң алдынан «Эмиссиялық» деген сөзбен толықтырылсын, «Бағалы» деген сөз кiшi әрiппен жазылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмитент орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар туралы мәлiметтi олардың шығарылуы мемлекеттік тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде баспасөз басылымында жариялауға мiндеттi.
Мемлекеттік тiркелгенге дейiн шығару туралы мәлiметтердi жариялауға тыйым салынады.»;
2-тармақтағы «эмиссиясы проспектiмен (шығару шарттарымен)»деген сөздер «шығарылымы проспектiмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бағалы қағаздарды орналастыру және олардың айналымы кезеңiнде эмитент оларды уәкiлеттi органда тiркеуге және ықтимал инвесторлар мен бағалы қағаз ұстаушыларды бағалы қағаздар шығарылымының тiркелген проспектіндегі деректермен және эмитенттiң қызметi туралы және олар эмиссиялаған бағалы қағаздар туралы ақпараттармен салыстырғанда iстiң нақты жәй-күйіндегі олардың мүдделерiн қозғайтын барлық өзгерістер туралы хабардар етуге мiндеттi.»;
4-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мыналар ықтимал инвесторлар мен бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерiн қозғайтын мәлiметтер болып танылады:";
2) тармақшада»(шығарылған (төленген)»деген сөздер «төленген» деген сөзбен ауыстырылсын; «ашық» деген сөз алып тасталсын;
3) және 4) тармақшалардағы «ашық» деген сөз алып тасталсын;
10) тармақша «ықтимал инвесторлардың» деген сөздерден кейiн «және бағалы қағаздар ұстаушылардың» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «эмиссиясы проспектiсiне (шығару шарттарына)»деген сөздер «шығарылымы проспектiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «эмиссиясы проспектiсiнде (шығару шарттарында)»деген сөздер «шығарылымы проспектiнде» деген сөздермен ауыстырылсын; «ықтимал инвесторлардың» деген сөздерден кейiн «және бағалы қағаздар ұстаушылардың» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы «эмиссиясының проспектiнде (шығару шарттарында)»деген сөздер «шығарылымы проспектiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 23-бапта:
1-тармақтағы «эмиссиясының» деген сөз «шығарылымының» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «Ашық қоғам» деген сөздер «Эмитент» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 24-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және
өтеу қорытындылары туралы есептер»;
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмитент уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органға бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейiн не оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейiн әрбiр алты айдың қорытындысы бойынша (есептi жартыжылдық аяқталған соң бiр айдың iшiнде) бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есептердi, сондай-ақ облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi табыс етуге мiндеттi.»;
екiншi бөлiктегi «Ашық халықтық» деген сөздер «Халықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Есептi бекіту үшiн табыс етiлетiн құжаттар тiзбесiн және оларды ресiмдеу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi. Эмитент көрсетiлген талаптарды сақтамаған жағдайда уәкiлеттi орган есептi бекiтпей тастауға құқылы. Эмитент құжаттарды қайтара табыс еткен кезде оны қарау мерзiмi жаңартылады.»;
4-тармақтағы «акцияларды шығару және орналастыру қорытындысы туралы есептi» деген сөздер «эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердi» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта «шығару және» деген сөздер алып тасталсын; «осы эмиссияны жарамсыз» деген сөздер «шығарылымды жарамсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Егер эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қараған кезде ұсынылған мәлiметтердiң немесе эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тiркеу үшiн ұсынылған мәлiметтердiң анық еместiгi анықталса, уәкiлеттi орган бағалы қағаздарды одан әрi орналастыру мен оның айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
7. Бекітуге ұсынылған бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептегi мәлiметтердiң анық еместiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган есептi бекіту туралы хабарламаны керi қайтарып алу туралы және эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.»;
22) 24-1-баптың 1-тармағында:
екiншi-төртiншi абзацтар тиiсiнше 1)-3) тармақшалар болып есептелсін;
екiншi абзацтағы «эмиссияны болмаған» деген сөздер «шығарылымды жарамсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 24-2-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгiнде:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексерiс жүргiзу кезеңiнде және тексерiстiң қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:";
екiншi-төртiншi абзацтар тиiсiнше 1)-3) тармақшалар болып есептелсiн;
екiншi абзац «эмитенттерге» деген сөзден кейiн», сауда-саттық ұйымдастырушыларға» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
екiншi-төртiншi абзацтар тиiсiнше 1)-3) тармақшалар болып есептелсiн;
төртiншi абзац «эмитенттiң» деген сөзден кейiн», сауда-саттық ұйымдастырушының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Тексерiс жүргiзу процесiнде эмитент, кәсiби қатысушы және сауда-саттық ұйымдастырушы уәкілетті органның тексеріс үшiн қажеттi құжаттарды табыс ету туралы талабын орындауға мiндеттi.
Қажет болған жағдайда уәкiлеттi орган тексерiс актiсiне қоса тіркеу үшiн құжаттардың көшiрмелерiн талап етуге құқылы.
Уәкiлеттi орган эмитент қызметкерлерiнен, кәсiби қатысушыдан және сауда-саттық ұйымдастырушыдан тексерiс жүргiзу процесiнде және тексерiс қорытындысы бойынша жазбаша түсiнiк берудi талап етуге құқылы.
2-2. Эмитенттiң, сауда-саттық ұйымдастырушының және кәсiби қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанын куәландыратын тексерiс қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган эмитенттiң бағалы қағаздарының айналысын, кәсiби қатысушы мен сауда-саттық ұйымдастырушы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиясын керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдауға құқылы.»;
24) 25-бапта:
1-тармақтың екiншi-бесiншi абзацтары тиiсiнше 1)-4) тармақшалар болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған ұйымдары бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметiн жүзеге асыруға лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға құжаттарын ұсынған ұйымның, бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының және сауда-саттық ұйымдастырушының жарғылық капиталын қалыптастыруы тек ақшамен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұнды 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органмен және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың уәкiлеттi органымен келісілген ережелермен белгiленедi.
5. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне қатысуы мiндеттi болып табылады.»;
25) 26-бапта:
2-тармақта:
«кәсiпқой қатысушы өз капиталының уәкiлеттi орган белгiлеген ең төменгi деңгейiнiң» деген сөздер «уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi сақтау жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Пруденциялық нормативтердiң құрамына жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi, өз капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентi, сондай-ақ уәкiлеттi органның айқындауы бойынша өзге де нормалар мен лимиттер кiредi.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген тәртiппен лицензия беруден бас тартуға, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға немесе лицензияны керi қайтарып алуға құқылы.»;
мынадай мазмұнды 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Уәкiлеттi орган:
1) лицензия алу немесе лицензиаттың қызметi туралы есептi қарау үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұнында анық емес немесе толық емес ақпараттар анықталған;
2) лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттардағы өзгерістер туралы ақпарат берiлмеген;
3) лицензиат уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi сақтамаған;
4) лицензиат бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртібін белгiлейтiн ережелер мен стандарттарды орындамаған немесе бұзған;
5) лицензиат өзiнiң қызметi туралы есептi ұсыну тәртібін сақтамаған;
6) өзiн-өзi реттейтiн ұйымға мүше болмаған, сондай-ақ лицензиат өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан шыққан немесе оны шығарған;
7) лицензиат Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарды бұзған;
8) лицензиат лицензиялық талаптарды сақтамаған;
9) лицензиат уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамаған жағдайларда лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы.