Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 784 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 437 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 784 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiнде:
"Ескерту" деген бағандағы "Конкурстық рәсiмдер арқылы" деген cөздер "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Кiм тағайындайды" деген бағанда "Премьер-Министрдiң штаттан тыс кеңесшiлерi" деген жолдағы "Үкiмет" деген сөз "Премьер-Министр" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Лауазымы" деген бағанда: "Кеден, қылмыстық-атқару жүйесi; нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі; тiркеу қызметi; мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру; жол полициясы комитеттерiнiң төрағалары*" деген жолда:
"Кеден," және "; жол полициясы" деген сөздер алынып тасталсын;
"комитеттерiнiң" деген сөзден кейiн "; құқық қорғау органдары комитеттерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
"IIМ орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары, ІІМ Академиясының бастығы" деген жолда:
"IIМ Академиясының бастығы" деген сөздер алынып тасталсын;
"Кiммен келісіледi (ұсынылады)" деген бағандағы "Премьер- Министрдiң орынбасарымен" деген сөздердiң алдынан "Әкiмшiлiк Басшысымен," деген сөздермен толықтырылсын;
"Лауазымы" деген бағандағы "Облыстар, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер басқармаларының бастықтары*" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Облыстық, Астана, Алматы қалалары көлiктегi iшкi iстер басқармаларының (бас басқармаларының) бастықтары";
"Кiммен келісіледi (ұсынылады)" деген бағандағы "Премьер- Министрдiң орынбасарымен" деген сөздердiң алдынан "Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкiмшiлiк Басшысымен," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай:
"Лауазымы" деген бағанда "Облыстар, Астана және Алматы қалалары қаржы полициясы департаменттерiнiң бастықтары және көлiктегi қаржы полициясы департаменттерiнiң бастықтары" деген жолда: ", Қаржы полициясы агенттiгi орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары" деген сөздермен және "Кiммен келісіледi (ұсынылады)" деген бағандағы "Премьер-Министрдiң орынбасарымен" деген сөздердiң алдынан "Әкiмшiлiк Басшысымен," деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Егер Премьер-Министр, Премьер-Министрдiң орынбасары немесе Кеңсе Басшысы өзгеше шешпесе, мынадай лауазымдарға кандидатуралар Премьер-Министр Кеңсесiнiң қорғаныс және құқық тәртібі, заң, кадр жұмысы бөлiмдерiнде алдын ала зерделенуi тиiс:
Iшкi iстер вице-министрлерi, Iшкi әскерлер қолбасшысының орынбасарлары, Iшкi iстер министрлігі комитеттерiнiң төрағалары, IIМ орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көлiктегi ҚIIБ (IIБ) бастықтары, IIМ Академиясының бастығы;
Әдiлет вице-министрлерi, Әдiлет министрлігі комитеттерiнiң төрағалары, Әдiлет министрлігінiң "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесiнiң директоры, облыстар, Астана және Алматы қалалары әдiлет басқармаларының бастықтары, облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармаларының бастықтары;
Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, облыстар, Астана және Алматы қалалары кедендiк басқармаларының бастықтары;
Қаржы полициясы агенттiгiнiң төрағасы және төрағаның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының қаржы полициясы департаменттерiнiң және көлiктегi қаржы полициясы департаменттерiнiң бастықтары, Қаржы полициясы агенттiгiнiң орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары.
Зерделеу қорытындылары келісім беру мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды түрiнде ресiмделедi және Премьер-Министрдiң орынбасары мен Кеңсе Басшысына берiледi. Қазақстан Республикасының Президентiмен немесе оның уәкiлеттiк беруiмен Президент Әкiмшiлiгi Басшысымен келісім бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша қорытындылар Президент Әкiмшiлiгiне хатпен жiберiледi";
6-тармақта:
төртiншi абзацтағы "материалдар қайтадан" деген сөздер "келiсу парағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацтағы "Облыстар әкiмдерiнiң орынбасарларын" деген сөздер "Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң орынбасарларын, әкiмдерi аппараттарының басшыларын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |