Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 мамырдағы № 592
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 441 қаулысы
ҚР Үкіметінің 21.06.04 ж. № 678 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 мамырдағы № 592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 15, 166-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесінде:
мәтіндегі "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрi Қаржы министрлігі)", "Қаржы министрлігінiң", "Қаржы министрлігіне" деген сөздер "Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган", "бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттi органның", "бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес өткен жыл үшiн республикалық бюджеттік бағдарламаларды iске асыру туралы есептi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға бередi және бiр мезгiлде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға мынадай ұсыныстар бередi:";
11-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
12-тармақтың бiрiншi абзацындағы "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкілеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақта:
1) тармақшаның екiншi абзацы "көрсетiледi" деген сөзден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: ". Инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша паспорттың жобасы инвестициялық жобаны iске асырғаннан бастап өткен кезең iшiнде игермеген сомаларды бөлiп көрсетумен инвестициялық жобаның толық құнын, ағымдағы қаржы жылына және инвестициялық жобаны iске асыру аяқталғанға дейiн кейінгі жылдарға жоспарланған сомаларды қамтуы тиiс";
7) тармақшаның екiншi абзацындағы "көрсеткiштердi" деген сөздiң алдынан "сандық және сапалық" деген сөздермен, "деңгейiн" деген сөзден кейiн "және оның тиiмділiгiн" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Олар бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерiнiң бюджеттік өтiнiмдерi, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттік бағдарламаларды iске асырудың нәтижелерi туралы ақпарат ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзіледi.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерi бойынша қорытындының нысанын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган айқындайды.";
19-тармақта "қорытындыларын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды iске асыру барысы туралы бюджеттi атқару жөнiндегі уәкілеттi органның ақпаратын" деген сөздермен толықтырылсын;
34-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Олар бойынша жергiлiктi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтінімдерi, сондай-ақ ағымдағы жылғы бюджеттік бағдарламаларды iске асырудағы нәтижелерi туралы ақпарат ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап облыстың бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзiледi.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтінiмдерi бойынша жергiлiкті уәкілеттi орган қорытындысына нысанын облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы айқындайды.";
51-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Олар бойынша жергіліктi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерi, сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап өткен жылғы бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелерi туралы ақпарат ауданның (қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзiледi.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтінiмдерi бойынша жергiлiктi уәкiлеттi орган қорытындысының нысанын ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы айқындайды.";
Ережеге 3-қосымша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |