2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Мұнай өнімдерін тасымалдау мұнай өнімдерінің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс, олардың шығындары белгіленген шекті нормадан аспауы керек.
15-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.
16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 12-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiн қоспағанда, 2003 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының