«Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 341 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Әдеби дәстүрлерді сақтау әрi дамыту, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету және жас авторлардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң «Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.
3. «Жалын» әдеби-көркем журналын шығару үшін Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi өндірiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде барлық қажеттi ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасау болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзімде:
1) Кәсiпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны iске асыру үшін қажеттi өзге де шаралар қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |