Атмосфералық ауаның ластануы халық арасында аурулардың таралуына зор әсер ететiн қауiптi факторлардың қатарына жатады. Мысалы, мұнай өндiрiлетiн аудандарда ілеспе газды жалындатып жағу, күкiрттi ашық ауада сақтау орын алуда. Жекелеген аудандарда қалдық қоймаларының радиоактивтiк және уытты қалдықтары тозаңданып, шаң болып ауаға ұшып жатыр. Арал теңiзi өңiрлерiнде тартылған теңiз түбiнен уытты тұздар ауаға көтерiлiп, адамдар мен жануарлардың денсаулығына керi әсерiн тигiзiп отыр, сондай-ақ су мен топырақты ластауда.
Қазақстанның кең-байтақ аумағы әскери полигондар қызметiнен және ғарыш техникасын ұшырудан зардап шектi. Семей ядролық сынақ полигонында өткiзiлген ядролық жарылыстар салдарынан сәуле ауруына ұшырағандар саны жарты миллион адамға жеттi, 2 миллион гектарға жуық ауылшаруашылық жерi радиоактивтiк ластануға ұшырады.
Екiншi қайтара тұздану, шөлейттену салдарынан егiстiк жерлер құнарлылығының төмендеуi халықтың тұрмыс деңгейiне, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығына және жалпы түсiмiне, мал басына және мал шаруашылығының өнiмдiлiгiне керi ықпал ететiн бірқатар экономикалық проблемалар туғызуда. Санитариялық-экологиялық жағдайлардың нашарлауы өз кезегiнде халықтың еңбек және зияткерлiк әлеуетiн төмендетедi.
Кедейлiк халықты табиғи ресурстарды жөн-жосықсыз пайдалануға мәжбүр етуде. Көмiр, газ, электр қуатын сатып алуға қаражаты жоқ халық сексеуiлдердi, тоғайларды, қалқанды орман белдеулерiн жаппай кесуде. Киiк және басқа да тұяқты жануарларға қатысты қаскер аңшылық етек алуда. Ауылдың кедей халқы көбiнесе тозған және мардымсыз суарылатын жерлерде шаруашылық жүргiзуге мәжбүр және агрохимиялық және ирригациялық іс-шаралар мен ресурс үнемдейтiн технологияларды пайдалануға мүмкiндiктерi жоқ.
1.2.5. Қоғам институттарының халықтың кедейлік деңгейін
төмендетудегi рөлі
1.2.5.1. Мемлекеттік органдардың халықтың кедейлiк деңгейiн төмендетудегi қызметiнiң тиiмдiлiгі
Мемлекет кедейлiк деңгейiн төмендетуде басты рөл атқарады. Бұл, бірiншiден, бизнеспен айналысу үшiн қолайлы жағдайлар, оның iшiнде салық, инвестициялық ахуал жасаудан, қаржылық және институционалдық инфрақұрылым жасаудан, соның iшiнде кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн бәсекелестiктi дамытуға қолайлы жағдайлар жасаудан көрiнедi. Екiншiден, әлеуметтiк даму саласында да (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтiк қамсыздандыру), қоғамдық инфрақұрылымды (қоғамдық объектiлер, жолдар құрылысы, көлiкпен қамтамасыз ету) қалыптастыру да халыққа мемлекеттік қызмет түрлерiн көрсету бойынша бюджеттiң шығындарын жоспарлаудан көрiнедi. Yшiншiден, халықтың әлеуметтiк осал топтарын тiкелей әлеуметтiк қорғаудан көрiнедi.
Соңғы жылдары әлеуметтiк салада мемлекеттік қызметтер көрсету тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қолданылды. Жаңа зейнетақы жүйесiне көшу жүзеге асырылды және әлеуметтік төлемдердi төлеу ретке келтiрiлдi.
Елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын көрсететiн бағдарламалы, нысаналы бюджет қалыптастыру қамтамасыз етiлдi. Бюджет мемлекеттiң ағымдағы мұқтаждарын орындауға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылатын ағымдағы бюджетке және экономикаға бөлiнетiн инвестицияларға жұмсалатын шығындарды қамтитын даму бюджетiне бөлiнедi.
Сонымен бірге бағдарламалардың нақты нәтижелерiн қадағалау және олардың тиiмдiлiгiн бағалау тетiктерi одан әрi жетiлдiрудi қажет етедi. Сондай-ақ әсiресе шалғайдағы ауылдық аудандарда бастапқы медициналық-санитариялық көмек, сапалы орта жалпы білім беру сияқты халыққа базалық қызметтер көрсетуге әкiмшiлiк ету жетiлдiрудi қажет етедi.
Көрсетiлетiн қызмет түрлерiнiң сапасы төмен, ол қаражаттың жоқтығына емес, орталық деңгейде де, жергiлiктi деңгейде де жоспарлаудың жеткiлiктi дәрежеде тиiмдi болмауына байланысты болып отыр.
Инфрақұрылым нысандарын салу бойынша рентабельдi жобаларды таңдаудағы басқару шешiмдерi әрдайым өзiн өзi ақтай бермейдi.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тетiгiн одан әрi жетiлдiру қажет.
Денсаулық сақтау, білім беру қызметкерлерiнiң мемлекет кепiлдiк берген тегiн қызмет түрлерiне ақы алу оқиғалары кездесiп қалады, ал бұл кедейлердiң жағдайын қиындататыны белгiлi.
1.2.5.2. ?кіметтiк емес ұйымдардың және кәсiподақтардың кедейлiктi төмендетудегі рөлі
?кіметтiк емес ұйымдар (YЕҰ) әлеуметтiк мәнi бар шын мәнiнде алуан түрлi бағдарламаларды, оның iшiнде кедейлiктi еңсеруге тiкелей немесе жанама бағытталған бағдарламаларды iске асырумен айналысады.
YЕҰ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, шағын кредит беру, кәсiпкерлiктi дамыту, қайырымдылық жасау, халықтың мұқтаж топтарына әлеуметтiк қолдау көрсету, дене мүшесiнiң, психологиялық проблемалары бар адамдарды оңалту, түзеу жұмысы, үмiтсiз ауру адамдармен, қатер топтарымен жұмыс жүргiзу (нашақорлар, маскүнемдер, қараусыз балалар), адам құқығын қорғау, экология сияқты және басқа да бағдарламаларды iске асыруға қатысады.
Кәсiподақтар Қазақстанда әлеуметтiк реформаларды енгізуге бағытталған жұмыстарға келісімдер және келiссөздер арқылы қатысады. Қазiргi кезде жалданып жұмыс істейтiн адамдардың еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар жүйесi, кәсiподақ бірлестiктерiнiң қызметi жеткiлiктi дәрежеде тиiмдi емес.
"Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әріптестiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық деңгейдегi мемлекеттік органдардың өкiлдерi, жұмыс берушiлер және қызметкерлер арасында мүдделердi келісіп алу жүйесi тиiстi дәрежеде дамымай келедi. Республикалық комиссияда шетел инвесторлары қатарынан жұмыс берушiлер тарабының өкiлi болмай отыр, олар да Қазақстан заңдарын бұзушылыққа жол бередi. Республика өңiрлерiнiң көпшiлiгiнде әлеуметтiк әрiптестiк комиссиялары формальды жұмыс iстейдi, орын алып отырған проблемаларды шешуге, барлық мүдделi мәселелер бойынша әрiптестердiң хабардарлылығын қамтамасыз етуге, жүргiзiлетiн жұмыстың жариялылығын қамтамасыз етуге бағдарланбаған.
1.2.5.3. Жеке меншiк сектордың кедейлiк деңгейін төмендетудегi рөлi
Кедейлiк деңгейiн төмендетуде жеке меншiк секторы елеулi рөл атқарады. Ол халықтың еңбекке қабiлеттi бөлiгiн жұмыспен қамту және күнкөрiсi төмендерге қайырымдылық көмегiн көрсету жолымен қоғамдағы әлеуметтiк шиеленiстi төмендетуге ықпал етедi.
Жұмыс берушiлердi жұмыс орындарын, оның iшiнде халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн жұмыс орындарын құруға ынталандыру мүмкiндiктерi толық дәрежесiнде пайдаланылмайды.
Қайырымдылық бағдарламалары республикада жеткiлiктi деңгейде дамымай отыр. Олар қазiргi уақытта осы қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық базаның болмауы салдарынан бақылаусыз дамуда.
1.2.5.4. Кедейлердің шешiмдер қабылдаудағы рөлі
Әлемдiк тәжiрибе жергiлiктi халықтың қатысуымен және көмектi тiкелей алушылар - халықтың әлеуметтiк осал топтарын тартып, жергiлiктi деңгейде нақты мақсаттарды шешуге арналған бағдарламалардың кедейлiктi төмендетуде ең тиiмдi бағдарламалар болып табылатынын көрсетуде. Қазiргi уақытта кедей халық өзiнiң проблемаларын шешуге байланысты бағдарламаларды әзiрлеуге және орындауға тартылмаған. Бұл қолданыстағы бағдарламалардың сол кедейлердiң қажеттерi мен мүмкiндiктерiн жете есепке алмау салдарынан өз мақсаттарына жиi қол жеткiзе алмайтындығын бiлдiредi.
Халықаралық зерттеулер, сондай-ақ Қазақстан бойынша зерттеулер қоғамның әртүрлi жiктерi кедейлiктi түрлiше түсiнетiндiктерiне айғақ болады. Кедейлiк көбiнесе білімiнiң төмен болуымен және өз проблемаларының себептерiн қаз-қалпында бағалаудағы қиындықтармен байланыстырылады. Iс жүзiнде, егер кедейлерге себептердi түсiнуде көмек көрсетiлсе, өз мүдделерiн бiлдiру және ақпарат алу мүмкiндiгi берiлсе, олар өз проблемаларын шешiп, кедейлiкке тиiмдi түрде қарсы тұра алар едi.
2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МIНДЕТТЕРI
Осы бағдарламаның мақсаты халықтың тұрмыс деңгейiне әсер ететiн негiзгi экономикалық және әлеуметтiк факторларды жақсарту жөніндегі шаралар кешенiн iске асыру есебінен кедейлiк деңгейiн төмендету болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшiн Бағдарламада мынадай мiндеттердi шешу көзделген, олар:
жұмыспен қамтуды қамтамасыз eту және кәсiпкерлiктi Дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
қосымша жұмыс орындарын құpу, ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсiптiк оқыту, біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау есебiнен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын одан әрi дамыту және жетiлдiру;
денсаулық сақтау, білім беру салалары, инфрақұрылым (таза ауыз суы, коммуналдық қызметтер, көлiк инфрақұрылымы) қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн және оларға халықтың қол жетiмдiлiгiн арттыру;
халықтың әлеуметтiк осал топтарына атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тетiктерiн жетiлдiру;
елде кедейлiктi төмендетуде мемлекеттік басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;
қоғамның барлық институттарының: мемлекеттік органдардың, кәсiби одақтардың, жеке сектордың және үкiметтiк емес ұйымдардың, оның ішiнде кедей халықтың мүддесiн бiлдiретiн бірлестiктердiң кедейлiк проблемаларын шешуге қатысуы мен бірлесiп iс-қимыл жасауын жандандыру.
Қазақстанда кедейлiктi азайту жөніндегі мiндеттердi шешу:
елдiң заңнамасын одан әрi жетiлдiру жолымен кәсiпкерлiк еркiндiгiн қамтамасыз ету;
қолданылатын шаралардың тиiмділiгiн және үнемдiлiгiн арттыру (қажеттi нәтижелердi аз шығындармен қамтамасыз ету);
мемлекеттік органдардың халыққа қызметiнiң ашықтығын және есеп беруiн қамтамасыз ету;
кедейлiктiң өңiрлiк, гендерлiк, жас шамасы және басқа да ерекшелiктерiн есепке алу;
көмек көрсетуде әлеуметтiк әдiлдiктi және атаулылықты қамтамасыз ету;
елдегi кедейлiк жай-күйiн объективтi бағалауды қамтамасыз ету қағидаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшiн мынадай индикаторлар белгiленедi:
Р/с N | Көрсеткiш | | 2000 жыл | 2001 жыл | 2002 жыл | Болжам |
факт | факт | бағалау | 2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Халықтың жан басына шаққанда алынатын жалпы iшкi өнiм | АҚШ долла- ры | 1230,2 | 1494 | 1631 | 1736 | 1869 | 2028 |
2 | Табыстары ең төменгi күнкөріс деңгейiнен төмен халықтың үлесi | % | 31,8 | 28,4 | 27,0 | 25,0 | 23,0 | 20,0 |
3 | Жұмыссыз. дық деңгейi | -//- | 12,8 | 10,4 | 9,4 | 9,0 | 8,5 | 8,1 |
4 | Экономикалық белсендi халыққа шаққанда шағын кәсiпкерлiк саласында iстейтiндер- дiң үлесi | -//- | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
5 | Шағын кредит алған азаматтар саны | мың адам | 4,0 | 1,4 | 6,6 | 23,2 | 23,7 | 24,3 |
6 | Кәсiби даярлауға, қайта даярлауға және біліктiлiгiн арттыруға жiберiлген жұмыссыз- дар саны | мың адам | 12,8 | 21,3 | 20,4 | 21,2 | 22,3 | 23,7 |
7 | | -//- | 116,4 | 132,5 | 134,0 | 135,0 | 136,0 | 137,0 |
8 | Ауыз сумен қамтамасыз етiлмеген халықтың үлесi: қалалық ауылдық | % | 15 29 | 14 27 | 13 25 | 11 22 | 9 20 | 6 15 |
9 | Ауылдық жердегi пәтер телефондары жоқ отбасылар үлесi* | -//- | 81,4 | 78,9 | 77,9 | 77,5 | 77,1 | 76,4 |
10 | 5-6 жастағы балалардың мектеп алды даярлығымен қамтылу деңгейi | -//- | 70 | 82 | 82 | 85 | 90 | 90 |
11 | Туберкулез- ден қайтыс болу | 100 мың адамға | 26,6 | 24,5 | 25,4 | 24,6 | 23,9 | 23,2 |
12 | Туберкулез- бен ауру | 100 мың адамға | 153,2 | 155,7 | 170,7 | 168,0 | 165,0 | 160,0 |
13 | Сәбилер өлiмi | 1 мың тiрi туыл- ғанға | 19,6 | 19,4 | 19,4 | 19,0 | 18,8 | 18,6 |
14 | Аналар өлiмi | 100 мың тiрi туыл- ғанға | 60,9 | 48,6 | 66,4 | 62,4 | 60,2 | 50,6 |
15 | Халықтың алдағы өмiрiнiң орташа ұзақтығы, соның iшiнде: ерлер әйелдер | жылдар саны | 65,4 59,8 71,3 | 65,6 60,3 71,1 | 66,4 60,3 72,1 | 66,6 60,6 72,2 | 67,0 61,3 72,3 | 67,4 62,0 72,5 |
* жедел деректер
3. КЕДЕЙЛIКТI АЗАЙТУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ
3.1. Кедейлiктi сипаттайтын көрсеткiштердi жетiлдiру жөніндегі шаралар
Кедейлiктi сипаттайтын көрсеткiштердi жетiлдiру үшiн:
азық-түлiк және азық-түлiктiк емес тауарлар мен қызмет түрлерiне (тұрғын үйдi күтiп ұстау, көлiктiк шығыстар) жұмсалатын нақты шығындарды ескере отырып, ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен құрылымына талдау жасау;
денсаулық сақтау және білім беру қызметтерiне қол жетiмдiлiгi дәрежесiн мейлiнше дәл көрсететiн индикаторларды айқындау немесе әзiрлеу және оларды статистикалық есептiлiк жүйесiне енгізу;
сумен жабдықтау қызметтерiн көрсетуiне, коммуналдық қызметтер көрсетуiне, көлiк инфрақұрылымына қол жетiмдiлiгi индикаторларын әзiрлеу қажет.
3.2. Халықтың әлеуметтік осал топтарында кедейлiкті азайту
жөніндегi шаралар
Табысы төмен және көп балалы отбасыларының балалары Табысы төмен отбасыларды мемлекеттік қолдау "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады. Жалпыға бірдей мiндеттi орта білім қорынан қаржы бөлу әртүрлi көздерден алынатын деректердiң (үй шаруашылықтарын зерттеу, әлеуметтiк карталар, ата-аналардың өтiнiштерi) көмегiмен айқындалған көп балалы кедей отбасыларының үлесiне сәйкес сараланған және негiзделген түрде жүргізілуi тиiс.
Ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүргендер
Қоғамдық жұмыстарды, кәсiпкерлiкке үйретудi, кәсiптік қайта оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыру, әлеуметтік оңалту жөнiнде жұмыстар жүргiзу кезiнде ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүргендерге басым көңiл бөлiнедi.
Оқымайтын және жұмыс iстемейтiн жастар
Оқымайтын және жұмыс iстемейтiн жастарды анықтау және оларды еңбек пен әлеуметтiк өмiрге, оның iшiнде олар үшiн тартымды қызмет салаларына тарту жөнiнде шаралар қабылдау.
Оқымайтын және жұмыс істемейтiн жастарды еңбекке, спортқа және өнерге тарту арқылы оларды есiрткi мен алкоголь тұтынудан, қылмыстық топтарға қатысудан сақтандыру мақсатында олармен ақпараттық және насихат жұмыстарын ұйымдастыру.
Жалғызiлiктi қариялар
?кіметтiк емес және басқа да ұйымдарды жалғызiлiктi қарияларға күтiм жасауға тарту жөніндегі жұмысты жандандыру. Оларға көмек көрсету жөнiнде әлеуметтiк қызметтер құру мүмкiндiгiн қарастыру.
Мүгедектер
Мүгедектердi еңбек қызметiне тарту үшiн жағдайлар жасау, олардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жәрдемдесетiн инфрақұрылымды жетiлдiру есебiнен олардың толыққанды өмiрге қатысу мүмкiндiктерiн кеңейту.
Мүгедектердi оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану.
Межелiк топтар
Межелiк топтар арасында кедейлiктi азайтуға бағытталған негiзгi шаралар алдын алу шаралары болып табылады. Атап айтқанда, үкiметтiк емес ұйымдарды тарта отырып, мектептерде, интернаттарда, арнаулы мекемелерде, оңалту орталықтарында және бас бостандығынан айыру орындарында алдын алу жұмысын күшейту қажет. Межелiк топтарға жататын адамдарды тиiмдi әлеуметтiк бейiмдеуге жәрдемдесетiн нормативтiк құқықтық база әзiрлеу қажет. Межелiк топтардың қоғам өмiрiне терiс ықпалын азайту жөнiнде арнайы iс-шаралар жүргiзу керек.
Халықтың әлеуметтiк осал топтарының межеленуiн азайту мақсатында бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды Уақытша оңалту және бейiмдеу орталықтарының және белгiлi бір тұрағы жоқ адамдарға арналған Әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарының жұмыс iстеп тұрған желісін жетiлдiру қажет.
3.3. Республикада халықтың кедейлік деңгейiн азайту жөніндегі шаралар
3.3.1. Экономиканың дамуы және кедейлікті азайту
3.3.1.1. Экономикалық өсудi қамтамасыз ету және кедейліктi азайту
Экономиканың одан әрi дамуын және кедейлiктi азайтуды қамтамасыз ету үшін:
инновациялық процестердi ынталандыру, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы экономиканың одан әрi дамуы үшін жағдайлар жасау;
бизнес ашу және оны дамыту үшiн оңайлатылған тәртiп және қолайлы жағдайлар жасау;
заңнаманы жетiлдiру, инфрақұрылымды жақсарту, лизингтiк қатынастар негiзiнде ауыл тауар өндiрушiлерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесiн құру, ауыл шаруашылығы тaуap өндiрушiлерiнiң кредит ресурстарына қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, ауыл халқының нарықтық сауатын көтеру, ауыл шаруашылығының біртұтас ақпараттық-маркетинг жүйесiн жетiлдiру есебiнен аграрлық сектордың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасау арқылы оны одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау;
мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметкерлерiнiң жалақысын кезең-кезеңмен арттыру;
салық салынатын базаны арттыру мақсатымен экономиканың "көлеңкелi" секторының көлемiн қысқарту жөнiнде шаралар қабылдау, жасырын бизнес, шаруашылық субъектiлердiң табыстарды жасырып қалу факторларының алдын алу, анықтау және жою жөніндегі шараларды күшейту;
кедейлiк проблемаларын шешуде облыстардың әлеуетiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру;
YEҰ-ды және кедей халықты шешiмдер қабылдау процесiне тарту арқылы экономикалық өсудi және әлеуметтiк әдiлдiктi қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк әрiптестiк тетiгiн жетiлдiру қажет.
3.3.1.2. Жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты азайту
Еңбек рыногындағы ахуалды жақсарту мақсатында мынадай шаралар қабылдау:
1) республикалық деңгейде:
жұмыс күшiн өзара алмасу мақсатында өңiрлердегi еңбек рыногының мониторингiн жүргiзу;
жұмыс орындарын құруға жұмыс берушiлердi ынталандыру жөнiнде шаралар қолдану;
экономиканың қажеттiлiктерiн ескере отырып, кәсiби даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру арқылы жұмыс күшiнiң біліктiлiгiн арттыру;
халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтуына мониторинг жүргiзу жүйесiн құру жөнiнде шаралар қабылдау;
2) жергiлiктi деңгейде:
еңбек рыногында белсендi саясат жүргiзу жөніндегі шараларды жалғастыру;
жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органдар жанында өңiрдегi еңбек рыногына мониторинг жүргiзу, соның iшiнде ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүргендердi есепке ала отырып жүргiзу;
үйде еңбек етудi қоса алғанда, бос орындар бойынша ақпараттық дерекқорды жетiлдiру және бос орындар жәрмеңкелерiн тұрақты түрде өткiзiп тұру;
жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкілеттi органдардың жұмыссыздарға олардың еңбек құқықтары мәселелерi бойынша консультация беру жөнiнде қызмет көрсетуi;
жұмыспен қамту, еңбекақы төлеу және еңбек жағдайлары мәселелерiн шешуде әлеуметтiк әрiптестiктiң рөлiн арттыру қажет.
Мақсатты топтардың өкiлдерiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында: жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
жұмыс берушiлердi мүгедектердi жұмысқа қабылдауын ынталандыру тетiктерiн әзiрлеу;
жаңа жұмыс орындарын құру кезiнде еңбек рыногының сұранысын ескеру;
әсiресе ауылдық жерлерде ұлттық көркем және басқа да кәсiпшiлiктердi дамытуға көмек көрсету;
жергiлiктi атқарушы органдардың, YЕҰ-ның бірлескен күш-жiгерiмен әлеуметтiк бейiмдеу, өзiн-өзi қолға алу, белсендiлiк жөнiнде халықаралық тренингтер ұйымдастыру қажет.
Өңiрлiк деңгейде жұмыссыздық деңгейiн төмендету жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай индикаторлар белгiленедi: пайызбен
| Жұмыссыздық деңгейi | Өңiрдiң атауы |
N | | 2002 ж. | болжам |
баға | 2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. |
1 | Ақмола | 9,0 | 8,5 | 8,2 | 7,7 |
2 | Ақтөбе | 11,1 | 10,5 | 9,6 | 8,3 |
3 | Алматы | 9,7 | 9,6 | 9,5 | 9,3 |
4 | Атырау | 12,3 | 11,7 | 11,4 | 11,1 |
5 | Шығыс Қазақстан | 7,3 | 7,2 | 7,1 | 7,0 |
6 | Жамбыл | 12,1 | 11,4 | 10,8 | 10,0 |
7 | Батыс Қазақстан | 11,5 | 11,0 | 10,7 | 10,4 |
8 | | 8,5 | 8,3 | 7,8 | 7,5 |
9 | 13,3 | 12,9 | 12,6 | 12,1 |
10 | 9,0 | 8,1 | 7,3 | 7,2 |
11 | Маңғыстау | 10,0 | 8,8 | 7,7 | 6,5 |
12 | Павлодар | 8,4 | 7,9 | 7,6 | 7,4 |
13 | Солтүстiк Қазақстан | 8,0 | 7,2 | 6,6 | 6,4 |
14 | Оңтүстік Қазақстан | 9,3 | 9,0 | 8,5 | 8,2 |
15 | Алматы қаласы | 9,5 | 8,9 | 8,5 | 8,0 |
16 | Астана қаласы | 7,2 | 5,4 | 4,1 | 3,0 |
17 | | 9,4 | 9,0 | 8,5 | 8,1 |
3.3.1.3. Шағын бизнесті дамыту
Орын алып отырған кемшiлiктердi жою және шағын кәсiпкерлiктi
дамытуға қолайлы жағдайлар жасау үшiн:
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және
қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске
асыру;
жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсету арқылы
халықтың кедей жiктерiнiң шағын бизнеске қатысуға қол жетiмдiлiгiн
қамтамасыз ету;
бизнес жүргiзу және кәсiпкерлiк қызметпен айналысу негiздерiне оқыту
орталықтарын құру жөніндегі жұмысты күшейту;
тоқтап тұрған кәсiпорындарды және тиiмдiлiгi аз өндiрiстердi
белгiленген тәртiппен кейiннен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бере
отырып, оларды сегменттеудi одан әрi жалғастыру;
бизнес-инкубаторлар құру жөніндегі жұмысты жалғастыру, сондай-ақ бұл
үрдіске үкіметтік емес ұйымдарды тартуды жандандыру;
шағын кәсiпкерлiк саласына кредиттiк ресурстар тартуға ықпал ету;
өзiн-өзi қамтушыларға өз iсiн ұйымдастыруда арнайы көмек шараларын
әзiрлеу қажет.
3.3.1.4. Қоғамдық жұмыстардың тиiмдiлігiн арттыру
Қоғамдық жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында мынадай шаралар
қабылдау:
өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қоғамдық жұмыстар
ұйымдастыру жүйесiне экономикалық қажеттiлiк сипатын берiп, оны жетiлдiре
түсу;
аудан, қала, ауыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталған қоғамдық
жұмыстарды басым түрде ұйымдастыру;
қоғамдық жұмыстар бойынша берешектерге жол бермеу;
ауылдық жерлерде қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруды жандандыру;
кедейлердiң қоғамдық жұмыстарға қатысуына мониторинг жүргiзу тетiгiн
жетiлдiру;
халықтың неғұрлым осал топтары үшiн (кәмелетке толмаған балалар
тәрбиелеушi жалғызiлiктi көп балалы ата-аналар, зейнетке шығуына екi жылы
қалған зейнет алдындағы жастағылар, мүгедектер) қоғамдық жұмыс түрлерiн
көбейту қажет.
3.3.1.5. Кәсiби даярлауды және қайта даярлауды жақсарту
Жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау жүйесiнiң
пәрмендiлiгiн арттыру мақсатында мынадай шаралар қабылдау:
облыстық, қалалық, аудандық еңбек рыноктарының жұмыс күшiне
қажеттiлiгiне жүйелi түрде мониторинг жүргiзiп тұру;