Ескерту: осы кестеде берiлген ресурсы анықталмаған (жай-күйi бойынша пайдаланылады) Ан-2 әуе кемелерi және аса жеңiл авиацияның әуе кемелерi көрсетiлмеген.
Қазiргi уақытта әрі қарай пайдалануға жарамдылығын анықтау мақсатында барлық әуе кемелерінің техникалық жай-күйiн тексеру жүргiзiлуде.
Әуежайлар
Қазақстанда 22 әуежай жұмыс iстейдi, олардың iшiнен 3 әуежай республикалық меншiкте (Астана қ., Ақтөбе қ., Талдықорған қ.) алтауы - жеке меншiкте (Алматы қ., Орал қ., Екiбастұз қ., Көкшетау қ., Тараз қ., Үржар қ.), қалған 13-i - коммуналдық меншікте.
Тек екi қазақстандық әуежай ИКАО 2 - санатына сәйкес - Астана қ., Алматы қ.
Бүгiнгi күнi уақытша сызба бойынша халықаралық ұшуды қамтамасыз етуге 14 әуежайға рұқсат берiлген: Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Павлодар, Семей.
Әуежайлардың көбінің жердегi қызмет көрсету, сервис және жердегi инфрақұрылымды дамыту деңгейi бүгiнгi күнi олардың халықаралық мәртебе алуына мүмкiндiк бермейдi.
Iс жүзінде қазiргi 22 әуежайдың әрқайсысының 1-сыныпты әуе кемелерiн шектеусiз қабылдау үшiн ұшу-қону жолағы күрделi жөндеудi талап етедi.
Қазақстандық әуежайлардың көбінің техникалық жарақталуы да төмен деңгейде болып отыр. Олар қазiргi заманғы өндiрiстiк қуаттармен, ғимараттармен, құрылыстармен және халықаралық деңгейде әуе кемелерiн және жолаушыларды қабылдау мен оларға қызмет көрсетуге мүмкiндiк беретiн техникалық жабдықпен қамтамасыз етiлмеген.
Ағымдағы уақытқа республиканың барлық әуежайлары:
- ұшу-қону жолақтарын, рульдеу жолдарын, перрондарды, әуе кемелерінің тұрақ орындарын күрделi жөндеу;
- әуеайлақтарды халықаралық талаптарға сәйкес қазiргi заманғы навигациялық және жарық-белгілік жабдықпен, глиссаданың көзбен шолу индикация жүйесiмен қайта жарақтандыру;
- әуе кемелерiне қызмет көрсетудiң ескірген жердегi құралдарын ауыстыру;
- аэровокзал ғимараттарын, қызметтiк үй-жайлар мен вокзал маңындағы алаңдарды қайта жаңарту жөніндегi жұмыстарды жүргiзу қажеттілiгiнен шығатын проблемалардан қиындық көруде.
Авиаотынмен қамтамасыз ету
Қазiргi уақытта республика бойынша авиаотынды жыл сайынғы тұтыну шамамен 300 мың тоннаны құрайды. Әуежайларда отын сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тендер өткізу жолымен жүргiзiледi. Бұл ретте отандық авиакеросиннің жоғары құны және өндiрушiлер мен отын тұтынушылары арасына көптеген делдалдың қатысуы себебiнен тұтынуға қажеттi авиаотынның 50%-ынан астамы Ресейден және ТМД-ның басқа елдерiнен әкелiнедi.
Қаржылық қиындықтарға байланысты аймақтық авиакомпаниялардың көбi авиаотынды үлкен партиямен (100 тоннадан астам) сатып алуға жағдайы жоқ, себебi отынды жеткізуге шарттар жасасу кезiнде мұнай өндiру зауыттары алдын ала төлеудi мiндеттi шарт ретiнде қойып отыр. Мұнай өндiру зауыттары көбінесе өздерi құрған делдалдық ұйымдар арқылы жұмыс iстейдi. Ұсақ көтерме тапсырыстарды бiрiктiрiп, олар алдын ала төлеу бойынша iрi партияларды сатып алуды жүзеге асыруға қабілеттi.
Сонымен, делдалдар зауыт бағаларына тоннасына 30-35 долларға дейiн қосады. Делдалдан отынды сатып алып, авиакәсiпорындар өзiнің үстемелерiн, пайдасын және т.б. қосады, соның нәтижесінде авиаотынға деген баға мұнай өндiрушi зауыттардағы босату бағасымен салыстырғанда 30-35%-ға дейiн өседi. Сайып келгенде, осының бәрi авиабилеттердің құнына әсер етеді.
Жеткізушілер - тендер жеңімпаздары өздерiне алған міндеттемелердi орындамай, алдымен отынға босату бағасын көтередi, содан кейiн тiпті отын берудi тоқтатады. Авиакәсiпорындардың отын берушiлерге қолданатын айыппұл санкциялары рейстердi жабу немесе ауыстыру салдарынан болатын шығындармен салыстырғысыз.
Аэронавигация
Қазақстан әуе жолдарының ұзақтығы 54 000 км құрайды, соның iшiнде халықаралық - 49 000 км.
Әуе қозғалысын басқару тiкелей әуе қозғалысын басқаратын диспетчерлiк құрамды, инженерлiк-техникалық, қаржылық және олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыратын басқа да бөлiмшелердi қамтитын көптеген негiзгi және көмекшi қызметтердің, тұрақты және жедел өзара iс-қимылын талап ететiн үздіксiз технологиялық процесс болып табылады.
Республикада әуе қозғалысын басқару, навигация және байланыстың қазiргi заманғы құралдарымен жабдықталған және әлемдiк авиациялық қоғамдастықтың қажеттiлiгiн қанағаттандыратын халықаралық әуе жолдарының кең торабы құрылған. Жолдарды жоспарлау және енгізу әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар тарапынан сұранымның негiзiнде жүргiзiледi.
Сонымен, қазiргi уақытта "Қазаэронавигация" РМК талап етiлетiн сапамен аэронавигациялық қызмет көрсетудi ұсыну үшiн жауап беретiн атқаратын бiрыңғай, жақсы теңдестiрiлген құрылым болып отыр.
1995 жылы құрылған сәтiнен бастап "Қазаэронавигация" РМК-да Қазақстанның әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесiн құру және дамыту процесi жүргiзiлiп келедi. Орнатылған жүйенi жаңғырту барысында Алматы мен Ақтөбенiң бiрлескен аудандарында қазiргi заманғы автоматтандырылған орталықтар пайдалануға енгiзiлген. Орталықтарды радиолокациялық бақылаудың сапалы ақпаратымен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының радиолокациялық позицияларында 16 қазiргi заманғы радиолокаторлар орнатылған және тағы екеуінің орнатылуы жүргiзiлiп жатыр.
"STAR 2000" бастапқы әуеайлақтық радиолокаторларын, сондай-ақ орындалған iс-шараларды және әуе жағдайын көрсету аппаратурасын ауыстыру жөніндегі қазiргi уақытта жүргiзiліп жатқан жұмыстарды қоса алғанда, Алматы және Астана қалаларының әуе айлақтық аймақтарындағы ӘҚБ автоматтандыру кешендерiн пайдалануға енгізу ұшу қауiпсiздiгi және аэронавигациялық қызмет көрсетулер сапасының талап етілетін деңгейiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Радиотехникалық және аэронавигациялық жабдықтың жаңғыртылуы халықаралық әуе жолдарының ұзақтығын 1995-2001 жылдар кезеңiнде 8 мың км 54 мың км дейiн ұзартуға, ал 1992-2002 жылдар кезеңiнде халықаралық әуе дәлiздерінің санын 6-дан 72-ге дейiн көбейтуге мүмкiндiк бердi. Республиканың әуе кеңiстiгiнде транзиттiк ағынның басымдылығы және шектес елдермен жоғары бәсеке радиотехникалық және аэронавигациялық жабдықтың тұрақты жаңғыртылуын талап етедi.
Әуеайлақтар аудандарында және ұшу-қону аймақтарындағы жабдықтың тозуы аэронавигациялық кешенінің негiзгi проблемасы болып табылады. Авиациялық электр байланыстың жабдығы да ұқсас жай-күйде тұр. Жабдықтың жеткiлiксiз ауыстырылуы жекелеген радиотехникалық құралдардың регламенттен шығуына әкеп соқтырады, бұл әуежайлардағы ұшу өндiрiсiнің жағдайларын айтарлықтай төмендетедi.
Қазақстанның Еуразиялық құрлық орталығында географиялық орналасуы Еуропа - Оңтүстiк - Шығыс Азия елдері және керi қайту бағытында осы аймақтағы авиатасымалдардың негiзгi рыногын белгiлейдi.
Осы ұшу үш негiзгi бағыт бойынша орындалады:
- Қазақстанның аумағы бойынша өтетiн;
- солтүстiкте, Ресей, Монғолия және Қытайдың аумағы бойынша;
- оңтүстiкте, Қара теңiз, Иран және Түрікмения арқылы.
Қазақстан аумағы арқылы өтетiн бағыттарды пайдалану басымдылықтарына қарамастан (шектес мемлекеттермен салыстырғанда алымдардың төмен ставкалары, қашықтықты қысқарту) авиакомпаниялар, сонда да, мынадай факторларды ескерумен, Ресей, Монғолия және Қытайдың солтүстiк бөлiгiнің әуе кеңiстiгiнен өтетiн бағыттарды пайдаланады:
- авиакомпаниялар Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетiн едәуiр қысқа бағыттарды пайдалануда Ресейдің азаматтық авиациясы тарапынан "роялти" қолданудан;
- Ресей аумағы үстiнен ұшатын шетелдiк авиакомпанияларды Ресей Федерациясының әуе кеңiстiгiн пайдалануға рұқсат беруде белгiленген бағыттарды қолдануға мәжбүр еткізу, бұл өз кезегiнде, Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалануда шектеулерге әкеп соқтырады;
- Қытайдың азаматтық авиациясы оның аумағы арқылы ұшуға рұқсат алуды қиындататын рәсiмдердi пайдаланудан және аэронавигациялық қызмет көрсету үшiн алымдардың жоғары ставкаларынан;
- Қазақстан мен Қытайдың авиациялық өкiметтерi арасында ұлттық авиакомпаниялармен ұшуларды жүзеге асыруда екi мемлекеттің әуе кеңiстiгi мәселелерi жөнінде eкі жақты келісімнің болмауынан;
- Ауғанстанның әуе кеңiстiгiн пайдалануға тыйым салудың болуынан.
Қазақстанның оңтүстiгi бойынша, Грузия, Армения, Әзербайжан, Иран және Түркiменстанның аумағынан өтетiн бағыттар Еуропадан Дели, Бангкок, Сингапур, Куала-Лумпурға ұшулардан басымды болып отыр. Бұл Ресейдің аумағы арқылы ұшуларды жасауда "роялти" алудан оның әуе кеңiстiгiн айналып өтуге, Ауғанстанның әуе кеңiстiгiн пайдалануға бiрқатар тыйымның болуына және Гималай үстiнен ұшуды орындауда қосымша борттық жабдықтың қажеттiлiгiне байланысты.
Тарифтiк саясат
Әуе көлiгiмен халықаралық транзиттiк тасымалдар саласында тиiмдi тарифтiк саясатты қалыптастыру республиканың транзиттiк әлеуетiн iске асырудағы факторлардың бiрi болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстан үшiн шетел мемлекеттерi әуе кемелерiнiң транзиттік ұшуына қатысты икемдi тарифтiк саясатты қолдану мәселесi өте түбегейлi болып тұр. Монополияға қарсы заңнамаға енгiзілген өзгерістерге сәйкес әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсеткенi үшiн алынатын алым ставкаларына уақытша төмендету коэффициенттерiн қолдану көзделген.
Сондай-ақ, әуе қозғалысының Қазақстанның оңтүстiк бағыттарына кету қаупi бар. Бұл Украинаның, Грузияның, Әзербайжанның және Түркiменстанның аэронавигациялық қызметтерінің Батыс Еуропадан Оңтүстiк Шығыс Азияға (Бангкок, Дели, Сингапур және т.б.) ұшуды орындауда Ресейдiң (салдар ретiнде Қазақстанның) аумағын айналып өтудi көздейтiн қаратеңiздiк бағыттар мен жолдардың торабын дамыту бойынша жұмысты белсендi етуге байланысты. Кавказ елдерi, Түркiменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайдың әуе кеңiстiгi арқылы өтетiн баламалы транзиттiк бағыт бар, бұл да Қазақстанның әуе кеңiстiгi арқылы өтетiн бағыттарды пайдалануға әсер етедi.
Транзиттiк рейстерге ұсынылатын әуежайлық қызмет көрсетулермен де ұқсас жағдай бар. Республика әуежайларында техникалық қонулар мен Қазақстан арқылы транзиттi орындайтын шетелдiк компанияларды тартуды көздейтін "Транзит қонумен" бағдарламасын iске асыру үшiн транзиттiк рейстерге әуежайлық қызмет көрсету үшiн тарифтердiң икемдi жүйесiн (төмендету және жоғарылату коэффициенттерi) қолдану, сондай-ақ авиаотынға деген бәсекелестiкке қабiлеттi бағалар қажет.
Әуежай алымдары және аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алымдар саласында келісілген саясатты қамтамасыз ету мақсатында, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының әуежайлар экономикасы және аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі Конференциясының ұсынымдарын ескерумен, ?кіметаралық авиациялық комитет ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің келісімi жобасын қарауда.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Азаматтық авиацияны реттеу мен басқарудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру жолымен авиациялық қызмет көрсетулер рыногын құру жөнiнде 2003-2005 жылдарда азаматтық авиация саласын дамыту әуе көлiгінде ұшулар қауіпсiздiгiн, рейстердi орындау тұрақтылығын, қызмет көрсетулер сапасын жақсартуды және Қазақстанның әуе кеңiстiгi арқылы транзиттiк ағындарды тартуды көздеп отыр.
Бағдарламаның мақсаты халықаралық стандарттарға жауап беретiн және мемлекет пен азаматтардың сапалы авиациялық қызметтерге өсіп отырған қажеттілiгін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттің тиiмді авиакөлік жүйесiн құру болып табылады.
Осы кезеңінің мiндеттерi мыналар болып белгiлендi:
1) ұшулар қауіпсiздiгi мен авиациялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру;
2) мемлекеттік реттеу тетiгiн және азаматтық авиацияның қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру;
3) әлеуметтiк мәнi бар авиабағыттарды субсидиялау авиакомпаниялар мен әуежайлардың қызметiн оңтайландыру, транзиттік әлеуеттi дамыту;
4) әуе қозғалысын басқару және бақылау жөніндегі өндiрiстiк қуаттарды жаңғырту жөнінде іс-шаралар кешенiн орындау;
5) тарифтiк саясатты жетiлдiру.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және iске асыру
тетiктерi
5.1. Ұшу қауiпсiздiгi мен авиациялық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету
Мыналар ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету деңгейiн арттыру жөніндегі қажеттi іс-шаралар болып белгiленген:
1) одан әрi пайдалану немесе есептен шығару мүмкiндiгiн анықтау мақсатында азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген әуе кемелерiне тексерiс жүргiзу;
2) тергеуге барлық мүдделi тараптарды және бiрiншi кезекте, шығарушы және жөндеу зауыттарының өкiлдерiн, авиатехниканың әзiрлеушiлерiн тартумен авиациялық оқиғалардың шын себептерiн анықтау үшiн тергеудiң объективтілiгiн қамтамасыз ету;
3) ұшу қауiпсiздiгi мен авиация қауiпсiздiгiнiң алдын алу жөніндегі iс-шараларды әзiрлеумен олардың жай-күйiнің тоқсан сайынғы талдауын жүргiзу, сондай-ақ ай сайын әуе көлiгіндегі қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы ақпараттық бюллетень шығару;
4) әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық қауiпсiздiк қызметінің басшыларын аттестаттауды жүргiзу;
5) қауiпсiз орнитологиялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында әуе кемелерiнің құстармен соқтығысуының алдын алу бойынша әуеайлақтарға қойылатын талаптарды әзiрлеу;
6) әуе кемелерінің жай-күйi бойынша нақты алдын алу iс-шараларын әзiрлеу;
7) авиакомпаниялар мен әуежайларға инспекциялық тексеру жүргiзу.
Әрбiр әуежай мен авиакомпания өз құрылымында тиiстi қажеттi техникалық құралдармен және кадрлар құрамымен жинақталған авиациялық қауiпсiздiк қызметiн ұстауға тиiс.
Авиациялық қауiпсiздiк қызметтерінің қызметi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің бақылауында және ұлттық қауiпсiздiк, құқық қорғау органдарымен және олардың құзыретiне сәйкес республиканың басқа да мемлекеттік органдарымен өзара iс-қимылда жүзеге асырылуы тиiс.
Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн авиакәсіпорындар мен авиациялық қауiпсiздiк қызметiнің бiрiншi басшылары жеке жауапкершiлiкте болады.
Авиациялық қауiпсiздiк қызметi басшысының тағайындалуы мен жұмыстан босатылуы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің Азаматтық авиация комитетiмен және Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келісіледi.
Авиациялық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету деңгейін арттырудың негiзгi элементтерi мыналар болып табылады:
- әуежайдың немесе әуеайлақтың бақыланатын аймағына бөгде адамдар мен көлiк құралдарының кiруiн болдырмау;
- әуе кемелерiне бөгде адамдардың өту мүмкiндiгiн болдырмау мақсатында тұрақтарда әуе кемелерiн күзету;
- әуе кемесінде қару, оқ-дәрiлер, жарылғыш радиоактивтi, уландыратын, тез тұтанатын заттарды және басқа да қауiптi нәрселер мен заттарды заңсыз тасымалдау мүмкiндiгiн болдырмау және оларды тасымалдауға рұқсат барда сақ болудың ерекше шараларын енгізу;
- ұшу алдында тексеру жүргiзу;
- авиация саласында қызметiне заңсыз араласу актілеріне қарсы шараларды және өзге де шараларды, оның iшінде құқық қорғау органдарының қатысуымен жүзеге асырылатын шараларды iске асыру.
5.2. Мемлекеттік реттеудi және азаматтық авиацияның
қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны
жетiлдiру
ҚР Үкіметінің 2005.22.06. № 609 қаулысымен 5.2-тарау өзгертілді (бұр. ред. қара)
Жолаушылар мен жүктердi тасымалдауда қоғамның қажеттiлiгiне сәйкес қазiргi заманғы авиакөлiк жүйесiн қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық және экономикалық қауiпсiздiгi мүддесінде әлеуметтік, қорғаныс және басқа да арнайы талаптарды орындау үшiн жағдай жасау мемлекеттік реттеудiң мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация аясындағы заңнамасымен азаматтық авиация саласындағы жеке және заңды тұлғалар қызметiн мемлекеттік реттеудің құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерi белгiленген.
Мемлекеттік реттеудің мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) азаматтық авиацияның тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау (авиациялық инфрақұрылымды сақтау және дамыту әуе кемелерінің мемлекеттік тiзілімiн жүргiзу, авиациялық техниканы, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi лицензиялау және сертификаттау, авиациялық қызметшiлердi аттестаттау рәсiмдерiн жетiлдiру және т.б.);
2) азаматтық авиация ұйымдарында меншiктің мемлекеттік үлесін тиімді басқару;
3) азаматтық авиацияда адал бәсеке үшiн жағдай жасау;
4) азаматтық авиация саласында нормативтiк құқықтық базаны дамыту;
5) кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн, оқытудың техникалық құралдарын жетiлдiру, авиациялық қызметкерлер біліктiлiгiнің жоғары деңгейiн қамтамасыз ету;
6) әуежайлар мен әуеайлақтарды салу және пайдалану жөніндегі қызметтi үйлестiру;
7) азаматтық авиацияны дамытуға бөлiнген мемлекеттік ресурстардың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуының қаржылық мониторингi;
8) жобалауға, техниканы және әуе кемелерiн сатып алуға тапсырыстардың орналастырылуына бақылауды ұйымдастыру;
9) әуе кемелерi паркiнің және жердегi қызметтердің техникалық-пайдалану жай-күйiнiң мониторингiн қамтамасыз ету;
10) авиациялық кәсiпорындардың қызметiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтiру.
Мемлекеттік реттеудiң маңызды элементтерi мыналар болып табылады:
- сертификаттау және лицензиялау рәсiмдерiн жетiлдiру;
- авиация қызметкерлерiн аттестаттау;
- үшiншi тұлғаның, сондай-ақ әуе кемелерiнiң, экипаж бен жолаушылардың авиатасымалдаушының алдындағы жауапкершiлiгiн сақтандыру тетiгiн әзiрлеу;
- меншiкке, мүлiктiк жалдауға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға алуға, сондай-ақ авиациялық техника, әуеайлақтарды, әуежайларды пайдаланудың өзге де құқығына рұқсаттар беру;
- азаматтық кемелерiн мемлекеттік тiркеу, оларды және олармен жасалған мәмiлелердi тiркеу (осы шара әуе кемелерi паркiне мониторингтi жүзеге асыруға мүмкiндiк береді және азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құқықтық кесімдердің талаптарына сәйкес емес ұшақтарды сатып алуға және ұшуға жiберуге мүмкiндiк бермейдi);
- халықаралық әуежайларды уақытша басқаруды енгізу құқығы (уәкілетті орган осы құқықты ұлттық қауіпсіздік мүдделерiне, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда, сондай-ақ азаматтық авиация ұйымының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында пайдалануы мүмкiн. Уақытша басқаруды енгізу әуежайларды сапалы қызмет көрсетуге және авиациялық техниканың пайдалану мен азаматтық әуе кемелерiнің ұшу қауіпсiздігінің барлық техникалық талаптарын сақтауға ынталандыратын ақырғы шара болып табылады).
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі саладағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын жүзеге асырады, нормативтiк-техникалық және нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлейдi, авиациялық қызмет көрсетулер рыногында қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар мен сертификаттар бередi.
Азаматтық авиация саласында лицензиялау мен сертификаттау жүйесiн жетiлдiру үшiн:
1) мiндетті сертификаттауға жататын жұмыстар және қызмет көрсетулер тiзбесiн және, тиiсiнше, азаматтық авиация саласындағы жұмыстар мен қызмет көрсетулердi сертификаттау ережесін белгiлеу және бекіту;
2) республикалық және халықаралық авиация ұйымдарында әуе көлiгіндегі сарапшы-аудитор бағдарламасы бойынша Азаматтық авиация комитетінің қызметкерлерiн оқыту және біліктiлiгiн көтерудi жүргiзу қажет.
Аса жеңiл авиация субъектiлерiне де қатаң техникалық және біліктiлiк талаптар қойылатын болады.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу үшiн құқықтық негiз құру қажет.
"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысымен - 13 және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетi төрағасының бұйрығымен 9 нормативтiк құқықтық кесiм бекітілген.
Бұдан басқа, 035 "Азаматтық авиация үшiн әуе кемелерінің, жолдарының және әуеайлақтарының мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу жөніндегі құжаттарды дайындау" бюджеттік бағдарламасы бойынша заң жобалау жұмысы жүргiзiлуде, ол бойынша 2002 жылы азаматтық авиация саласы нормативтiк құқықтық кесiмiнiң 21 жобасы әзiрлендi, 2003 жылы 13 заңға тәуелдi кесім әзiрлеу көзделген.
Бағдарламаны жемiстi iске асыру және азаматтық авиацияны тиiмдi мемлекеттік реттеу үшiн таяу арадағы үш жыл iшінде бiрқатар нормативтiк құжаттарды мынадай бөлiкте әзiрлеу және қабылдау қажет:
- ұшулар қауiпсiздiгi;
- авиациялық қауiпсiздік;
- авиациялық техниканың техникалық пайдаланылуы;
- азаматтық авиация саласындағы сертификаттау;
- әуе кемелерінің мемлекеттік тiркелуi;
- авиациялық қызметшілердi аттестаттау, даярлау және қайта даярлау;
- әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру;
- әуе кемесiнде жолаушыларды, теңдеме жүктi және жүктердi тасымалдау;
- аса жеңiл авиацияны ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Азаматтық авиация комитетiне жүктелген функциялардың тиiсiнше орындалуы оның аппаратының штат санын әрi қарай ұлғайтуды және оларды халықаралық талаптарға сәйкес оқытуды талап етедi.
5.3. Авиакомпаниялар қызметiне қойылатын негiзгi
экономикалық, техникалық және біліктiлiк
талаптарын арттыру
Қазақстанда авиакомпанияның қызметi үшiн мiндеттi шарт меншiкте немесе лизингке алынған әуе кемелерінің болуы тиiс.
Тиiстi коммерциялық тәжiрибе және авиакомпанияның құрылымы арқылы қатал қаржылық тәртiп пен жауапкершiлiктi қамтамасыз ету қажет.
Бұдан басқа, авиакомпания Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының талаптарына сәйкес біліктi, аттестатталған ұшу және инженерлiк техникалық құраммен қамтамасыз eтілуi тиiс.
Авиация рыногын қалыптастыру және реттеу мақсатында iшкi және халықаралық авиабағыттарда тұрақты әуе жолаушылар тасымалдарын орындау үшiн ашық конкурстар өткізу жолымен бәсекелi орта құру қажет.
Сондай-ақ, жүк және чартерлiк авиатасымалдар рыногын реттеу бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру қажет.
Тұрақты жолаушылар тасымалдарына арналған конкурстың және жүк пен чартерлiк авиатасымалдарды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаның негiзiнде мынадай болатын авиация рыногы қалыптасады. Астана, Алматы, Атырау қалаларындағы үш негiзгi "хабтардың" дамуы Қазақстанның барлық қалаларын тек өздерiнiң арасында ғана емес, алыс шетелмен де байланыстырады.
Бағдарламада авиатасымалдардың халықаралық рыногында қазақстандық авиакомпаниялардың үлесiн арттыру, шетелдiк авиакомпаниялардың экспансиясын төмендету үшiн:
- Қазақстан мен басқа елдер арасындағы әуе қатынасы туралы екi жақты келісімдердiң сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
- жолаушылар және жүк тасымалдарының географиясын кеңейтудi ұйымдастыру мәселелерi;
- Қазақстан Республикасының авиатасымалдары рыногын пайдалану үшiн шетелдік авиакомпаниялардан бiр жақты тәртiпте роялтидi алу ресiмдерiн енгізу мақсатында заңнамалық базаға қажеттi өзгерістер енгізу;
- Қазақстанда билеттердi сату жөніндегі шетелдiк авиакомпаниялары өкілдiктерiнің және агенттiктердің қызметiн реттеу;
- тұрақты авиатасымалдаушының авиажелiлерінде басыңқылық тәжiрибесiн қолдану.
5.4. Әлеуеттiк мәнi бар авиабағыттарды субсидиялау және
бөлу жөніндегі iс-шараларды iске асыру
"Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы № 915 қаулысымен авиабағыттарға арналған қаражатты бөлу ережесi бекітілген.
Ережеге сәйкес әлеуметтiк мәнi бар авиабағыттар бойынша тұрақты тасымалдарға арналған қаражатты жұмсау тиiстi бюджетте көзделген қаражат есебiнен субсидиялауға жатады. Субсидиялау әуе кемесiнiң экономикалық сыныбындағы авиатасымалдарға да қолданылады. Авиатасымалдарға арналған субсидиялау тариф және авиатасымалда қалыптасқан пайдалану шығыстарының көлемi арасындағы айырмашылықты азайтуға бағытталады.
5.5. Транзиттiк әлеуеттi дамыту үшiн халықаралық
әуежайларды оңтайландыру
Әуежайлардың қызметiн тұрақтандыру және оңтайландыру мақсатында, ең бiрiншi, уақытша сызба бойынша халықаралық авиатасымалдарға жiберiлген әуежайлардың жұмысын реттеу қажет. Осы сызба бойынша жұмыс iстейтiн 14 әуежайдың көбi өзiнiң техникалық жабдықталуы мен қызмет көрсету сапасы бойынша халықаралық әуежайларға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін ескерсек, сонымен шетелдiк авиакомпаниялардың да, шетелдік азаматтардың жағынан да әдiл сөгiстердi тудырады, бұл елдің беделi мен экономикалық мүдделерiне нақты зиян келтiредi.