дарынды жастарды қолдауға және дамытуға бағдарланады.
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі берген
деректер бойынша қазiргi уақытта студенттердің, аспиранттардың,
докторанттардың, жастардың ғылыми ұйымдарының арасында талантты жастарды
анықтау шеңберiнде қоғамдық, жаратылыстану, техника және гуманитарлық
ғылымдар бойынша ең жақсы ғылыми жұмыстарға конкурстар өткiзiледi, онда
өңiрлiк конкурстарда жоғары баға алған ғылыми жұмыстар қаралады. Неғұрлым
талантты жас ғалымдарға атаулы стипендиялар тағайындаумен қатар,
магистратурада немесе аспирантурада оқуын жалғастыруға мақсатты орындар
бөлiнедi. Ғылыми қызмет үшiн - жаңа ақпараттық технологияларға еркiн қол
жеткізуге, ғылыми жұмыстарын жариялауға, түрлi конференциялар мен
семинарларға қатысуға жағдайлар жасалады.
Қазiргi уақытта дарынды балалармен жұмыс iстейтiн білім беру
ұйымдарының желісі жұмыс iстейдi (21 мектеп, 9 тәжiрибелiк мектеп-алаң, 6
өңiрлiк орталық), алты бағыт бойынша "Дарын" ауысымды бейiндi мектебi,
жалпы білім беретiн пәндер бойынша сырттай оқу мектебi, "Жас ғалым"
күндiзгi оқу мектебi жұмыс iстейдi.
Жыл сайынғы мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадалар мен
жарыстарға қатысуын талдау Қазақстан командаларындағы жүлделi орындардың
және дайындығының өсу серпiнiн байқатады. Егер 1998 жылы бiздiң оқушылар
11 медальға қол жеткiзсе, 1999 жылы - 24, 2000 жылы - 30, ал 2001 жылы
34, оның iшiнде 11 алтын, 5 күмiс, 18 қола медальдi еншiледi.
Сонымен қатар, талантты жастарды дамыту жөніндегі қызметтi бұдан әрi
жетiлдiру қажет. Таланттарды қолдауға бағытталған шараларды қаржылай
қамтамасыз ету жөнiндегі жұмысты күшейту, таланттарды айқындау жөнiнде
акция ұйымдастыруға ықпал ету, сондай-ақ олардың одан әрi үздiксiз
дамуына жәрдемдесу керек. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру және
бұқаралық спортты дамыту мәселелерi республикадағы жастардың толыққанды
дамуының негiзгi аспектiсi болып қала бередi. Әлеуметтiк проблемалардың
ушығуы, экологиялық жағдайдың нашарлауы, сауаттылық деңгейдiң төмендiгi
жастардың денсаулығының нашарлауына әкелiп соқтырады. Жастар арасында
ауру түрлерiнiң көбеюi ұрпақтың болашағы үшiн ерекше алаңдаушылық
тудырады.
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның (РСЭС) 2002
жылдың басындағы деректерi бойынша жастар ортасында былтырғы жылмен
салыстырғанда тыныс органдарының туберкулезiмен ауырғандардың саны
(18,8%-ға), педикулез (4,2%-ға), iшкi iсiктiң қабынуы (1,8%-ға) көбейдi.
Ерекше қоғамдық назар аудартатын аурулардан, жыныстық қатынас
жолымен жұғатын аурулар (ЖҚЖЖА) жастар арасында кең етек алуда.
Сонымен қатар, ЖҚЖЖА эпидемиялық сипат алып келедi. Нашаны тамыр
арқылы егу АҚТҚ инфекциясының негiзгi таралу себебi болып табылады.
Қазақстанда АҚТҚ жұқтырған адам ең алғаш 1987 жылы тiркелген. Қазiргi
уақытта ресми тiркелген АҚТҚ инфекциясын жұқтырғандар саны - 2 250 адам,
оның 68 %-ы жас азаматтар.
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі жүргiзген социологиялық зерттеудiң нәтижесi бойынша жас
қазақстандықтар денсаулық жағдайының нашарлауына әсер ететiн негiзгi
себептердiң арасынан экологиялық жағдайды (7,1 %), психологиялық
ауыртпалықтарды (6,6 %), нашар тамақтануды (5,3 %), ауыр жұмыс
жағдайларын (4,3 %), жазатайым оқиғаларды (3,2 %) атады.
Осы саладағы жағдайды өзгерту мемлекет тарапынан айтарлықтай күш
салуды талап етедi. Бүгiнгi таңда халықтың келешектегi денсаулығы
әлеуметтiк-экономикалық факторлармен анықталады, сонымен қатар әртүрлi
аурулардың профилактикасы, аурулардың алдын алу және салауатты өмiр
салтын қалыптастыру жөнiнде шаралар кешенiн қолдану қажет. Осы
проблемаларды шешудiң тиiмдi әдiстерiнiң бiрi жастардың спортпен
айналысуы, салауатты өмiр салтын белсендi түрде насихаттау үшiн жағдайлар
жасау болып табылады.
Жоғарыда көрсетiлген проблемаларды шешу үшiн жастарды дамыту
саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық қоғамдық институттардың
ауқымы өзара iс-әрекет жасауы қажет. Осы Бағдарлама шеңберiнде жастар
ұйымдарының ұйымдастыру мүмкiндiктерi мен кеңейтiлген қоғамдық
мүмкiндiктерiн қолдану туралы жұмыстарды жалғастыру қажет. Жастардың
қоғамдық бiрлестiктерiмен қарым-қатынастарды нығайту және халықаралық
жастар ынтымақтастығын дамыту, iске асырылып жатқан бағдарламалардың
атаулылығын арттырып, халықаралық байланыстар мен бiрiгудi кеңейтуге
мүмкiндiк туғызып, сондай-ақ мемлекет пен үкiметтiк емес секторлардың
арасындағы табысты өзара iс-әрекет жасауды және сұхбаттасуды қамтамасыз
етеді.
Қазiргi уақытта Қазақстанда 150-ден астам жастар бiрлестiктiгi жұмыс
iстейдi. Олардың iскерлiк бағыттарын экологиялық, ақпараттық, құқық
қорғау, салауатты өмiр салтын насихаттау, мәдени-ағарту деп бөлуге
болады. Одан басқа, кәсiби мүдделердiң, саяси көзқарастардың, жастардың
бос уақытын өткізудi ұйымдастыруға маманданған мәдени құндылықтардың
ортақтығы жөніндегі бiрлестiктердi де атауға болады.
Жастардың әртүрлi нысандағы өзiндiк ұйымдар құруға талпынысын
айтатын болсақ, онда өзектi проблемалардың спектры жақын арада құрылғалы
тұрған жастар ұйымдарының мынадай: ақпараттық, экологиялық, құқықтық,
спорттық, экономикалық сипаттағы ұйымдар, қолдау қорларының әртүрлiлiгi
тұрғысындағы бағдарлық және мақсаттық бағыттарын болжауға мүмкiндiк
бередi. Ұйым құру және оған кiру жерiнiң iшiнен таңдап алған iскерлiк
бағытына деген мүдделер, өзiн-өзi өндіруге мүмкiндік беру, өзiнiң
көзқарастары мен сенiмдерiн бiлдiру басым болуы мүмкін.
Алайда қазiргі кезде жеке ұйымдардың қызметi жастарды дамыту жөнінде
iске асырылып жатқан бағдарламалардың тиiмдiлiгiнiң төмендеуiне әкеліп
соқтыратын шашыраңқы және үйлестiрiлмеген сипатта. Сондықтан,
сектораралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы жастардың өзектi мәселелерiн
шешуге арналған мақсатты iс-қимылды әзiрлеуге ықпал ететiн демократиялық
орган ретiнде "Қазақстан жастарының конгресi" қауымдастығы нысанындағы
заңды тұлғалардың бiрлестiгi шеңберіндегі жастар ұйымдарының күштерiн
бiрiктiру заңды болып табылады.
Осылайша, ұйымдасқан жастар қозғалысын дамыту қоғамды реформалаудың
жалпы саяси процестерiне жастардың белсендi қатысуының қажеттi құрамдас
бөлiгiн құрайды.
Жастардың ынтымақтастығы халықтар арасындағы бейбiт сұхбаттар мен
өзара түсiнiстiктерге өз үлесiн қоса отырып, жастарды өзге мәдениеттiң
мүддесiне және шыдамдылық рухында тәрбиелеп, олардың патриоттық санасын
нығайтып, әртүрлi елдердiң жастары арасындағы өзара қарым-қатынастардың
дамуына мүмкiндiк туғызады.
9 жыл бойы Қазақстан және Германия Федеративтiк Республикасының
уәкiлеттi мемлекеттік органдарының арасында жастар саясаты саласындағы
қарқынды ынтымақтастық дамып келедi. 1995 жылы Қазақстан Республикасының
Жастар ісі, туризм және спорт жөнiндегі министрлiгі мен Германия
Федеративтiк Республикасының Отбасы, қартаң адамдар, әйелдер және жастар
iстерi жөніндегі министрлiк арасында қол қойылған құжат негiзiнде
ынтымақтастық өз дамуына жаңа серпiн алды. 1993 жылдан бергi кезеңде
халықаралық жастар алмасуында жастармен жұмыс жөніндегі 360-тан астам
қазақстандық және немiс мамандары, сонымен бiрге жастар саясатын iске
асыратын органдардың өкiлдерi, тiкелей жас адамдарың өздерi қатысты.
Қазiргi уақытта осы саладағы жұмыстар Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жүзеге асырылуда.
2001 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Катар
Республикасының Үкіметі арасындағы жастар және спорт саласындағы
ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастық туралы
ұсыныстармен Египет Араб Республикасы, Ливан, Ливия елдерi шығуда.
ТМД елдерiмен жастар ынтымақтастығы ТМД-ға қатысушы елдердiң жастар
iсi жөніндегі мемлекеттік органдар басшыларының Кеңесi ТМД-ға қатысушы
елдердiң жастар iсi жөніндегі мемлекеттік органдар қызметiн үйлестiрушi
консультативтiк-кеңесшi бiрлестiктер шеңберiнде жүргiзілуде. Ресей
Федерациясымен және Украинамен арадағы келісімдер жобалары әзiрленуде.
Бұдан басқа, жастар ынтымақтастығы БҰҰ-мен және басқа да Еуропа,
Азия, Африка және Тынық мұхит өңiрлерiнiң халықаралық жастар ұйымдарымен
өзара іс-әрекет жасау желісі бойынша дамуда.
Ынтымақтастықта жастардың мәдени алмасуы ерекше орын алады.
Тұтастай алғанда, жастар саясаты саласында ынтымақтастықты нығайту
және дамыту конструктивтік сипат алып, жастармен жұмыс саласындағы
қазақстандық мамандардың кәсiби дамуына, қазақстандық жастардың әлемдiк
демократиялық мәдениетке ықпалдасуына әсер етедi.
Мемлекеттік жастар саясатын табысты жүргізудің ажырамас бөлiгін оның
ақпараттық-әдiстемелiк қамтамасыз етiлуi болып табылады. Бүгiнгi таңда
жастар мен жастар саясатының ақпараттық қамтамасыз етілуі мемлекеттік
ақпарат саясаты шеңберiнде бұқаралық ақпарат құралдарына, мемлекеттік
тапсырысты орналастыру, әдістемелiк-талдау материалдарын даярлау арқылы
жүргізілуде.
Атап айтқанда, баспа БАҚ-та мемлекеттік тапсырысты iске асыру,
жастар проблемаларына арналған материалдардың тұрақты жарияланып отыруын
көздейдi. Бұл ретте, осы бағыттағы көптеген жұмыстар Қазақстан
Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң
бастамасымен құрылған "Жас өркен" акционерлік қоғамының көмегiмен
атқарылуда. Мәселен, 2002 жылы "Ұлан", "Дружные ребята", "Ақ желкен",
"Балдырған" республикалық балалар мен жасөспiрiмдер басылымдары жастар
саясаты жөнiнде 500-ден астам материалдар жариялады.
Жастар мәселелерiн "Казахстанская правда" және "Жас алаш" жалпы
республикалық газеттерi де егжей-тегжейлi жариялап тұрады. Мәселен,
"Казахстанская правда" ай сайын "Привет" атты жастар айдарын шығарады.
Одан басқа аталмыш басылым жастардың қоғамдық-саяси белсендiлiгiн
көтеруге, оның рухани дамуына және құқық бұзушылықтың алдын-алу, жастар
мен жасөспiрiмдер арасындағы нашақорлыққа қарсы күрес мәселелерiн сөз
ететiн, білім алу проблемалары және жас мамандарды еңбекпен қамтамасыз
етуге ықпал ететiн "Рухани құндылықтар", "Жастар саясаты", "Проблема бар
ма?" сынды материалдар жариялайды. "Жас алаш" өзiнiң "Ырғақ", "Рух",
"Жiбек жолы", "Студент", "Алдаспан" атты арнайы қосымшаларында
қазақстандық жастардың азаматтылығы мен патриотизмiн дамыту мәселелерiне,
салауатты өмiр салтын қалыптастыруға, сондай-ақ жұмыссыздық проблемасы
және жоғары оқу орындарының түлектерiн жұмыспен қамту мәселелерiне аса
назар аударады.
Жас азаматтар арасында кәсiпкерлiктi дамытудың көкейкестi
проблемаларын жарыққа шығаратын жастар бұқаралық ақпарат құралдарының
саны да көбеюде. Қазiргi кезде баспа басылымдардың саны 18-ден асты
("Предприниматель" - Қызылорда қаласы, "Думай и богатей"
жастар-кәсiпкерлiк газетi - Тараз қаласы, "Деловые вести" - Жамбыл
облысы, "Inter Yes" - Атырау қаласы және тағы басқалар), теледидар
бағдарламаларының саны - 29-дан астам ("Бизнес новости", "Стандарты
качества" - Павлодар қаласы, "Время деловых людей" - Өскемен қаласы және
т.б.).
Жастар проблемаларына электронды бұқаралық ақпарат құралдарында көп
көңiл бөлiнедi. Мемлекеттік тапсырысты орындаушы телеарналардың жастар
бағдарламаларын көрсетуге арналған жылдық жиынтық эфир уақыты 600
сағаттан астамды құрайды. Әсiресе, жастар тақырыбы "Хабар" агенттiгiнiң
"Новости", "Жетi күн", "Специальный репортаж", "Реальное время", "Город
будущего" және "Қазақстан" ұлттық телеарнасының "Қазақстан",
"Мезгiл", "Бүгiн" ақпараттық-жаңалықтар және талдау бағдарламаларында жиi
жарық көредi.
Дегенмен, жастардың қазiргi дамуы, сондай-ақ, жастар саясатын iске
асыру жастар бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн күшейту және
белсендiлiгiн арттыру арқылы ақпараттық қамтамасыз етудiң сандық және
сапалық көрсеткiшiн ұлғайтуды талап етедi.
2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Бағдарламаның мақсаты әлеуметтендіру процесiнде жастардың дамуы үшiн ұйымдастырушылық, әлеуметтiк, экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
Алға қойған мақсаттарға сәйкес мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
1. Жастарды әлеуметтiк қорғауға бағытталған шаралар кешенiн әзiрлеу.
2. Экономикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру және жас азаматтардың кәсiпкерлiк бастамаларын қолдау.
3. Жастар арасында салауатты өмiр салтын қалыптастыру.
4. Республика өңiрлерiнде мемлекеттік жастар саясатын iске асыру жөніндегі ұйымдастырушылық және құқықтық тетіктерді әзiрлеу.
5. Мемлекеттік құрылымдар мен жастардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң сектораралық ынтымақтастығын дамыту және жетiлдіру.
6. Халықаралық жастар ынтымақтастығын кеңейту.
7. Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету.
8. Жастар білімiнiң және жастар саясатын ғылыми қамтамасыз етудің деңгейiн көтеруге жәрдемдесу.
3. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТІГІ
Бағдарламаны iске асыру мынадай негiзгi бағыттар бойынша кезең-кезеңдiк және үйлестiрушi iс-әрекеттердi көздейдi:
1. Жастармен әлеуметтiк жұмыс жүргiзу үшiн жағдайлар жасау.
2. Жастардың экономикалық дамуы, еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау.
3. Өңiрлерде жастар саясатын iске асыру.
4. Бiлiм және ғылым саласында жастардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету.
5. Жастар мен жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету.
6. Жас таланттарды дамыту мен қолдау.
7. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру.
8. Жастар қоғамдық бiрлестiктерiнiң қызметi үшiн жағдайлар жасау.
9. Халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту.
10. Қазақстандық жастардың азаматтылығы мен патриотизмiн дамыту.
11. Мемлекеттік жастар саясатының нормативтiк құқықтық базасын дамыту.
Бағдарлама республика жастарында мемлекеттiң, қоғамдық-саяси, әлеуметтiк және экономикалық өмiрiне ұмтылуы және белсен қатысуына, өз қабiлетiн iске асыруы және өзiн-өзi дамытуы үшiн тиiстi жағдайлар жасауға дағдыландыру және ынталандыру арқылы мемлекеттік жастар саясатын iске асыруға бағытталған, ол оның рынок жағдайында ойдағыдай әлеуметтендiрілуiне ықпал ететiн болады.
Бағдарламаның iске асыру тетiгi Бағдарламаның iс-шаралар жоспарында көзделген iс-шараларды жастармен жұмыс iстейтiн барлық мүдделi құрылымдарды тарту арқылы, кезең-кезеңiмен iске асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың үйлескен iс-әрекеттерiнен тұрады.
Бағдарламаны iске асырудың бiр басымдылығы болып жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер желісін құру және оларды жастардың қазiргi әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын жоққа шығарушы негiзгi тетiк ретiнде пайдалануға болады.
Осы уақытқа дейiн жастардың әлеуметтiк саласын әлеуметтiк қолдау, медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтiк-психологиялық бейiмделуiне көмек көрсету саласындағы түрлi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы әлеуметтiк қызметтер ұсынған болатын. Осы уақытқа дейiн олардың қызметi "Жастарға арналған әлеуметтiк қызмет құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 мамырдағы № 340 қаулысымен реттелген.
Алайда, қоғамдық өмiрдегi күрделi өзгерістер және қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдай 90-жылдардың басында құрылған әлеуметтiк қызметтердi талап етудiң едәуiр төмендеуiне әкелiп соқтырды. Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер олардың қызметiнiң тиiмсiздiк факторының негiзi болып табылатын басқа да экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық жағдайларда құрылды және ұйымдастырылды.
Осыған байланысты жастарға арналған әлеуметтiк қызметтердiң қалыптасуына жаңа әдістердi қолдану қажеттiгi туындады. Әлеуметтiк қызметтер жастардың өңіршiлiк әрекетiнде бәсең рөл атқармауы керек, керiсiнше жастармен өзара iс-әрекеттерi жандандыруға, оның дамуына барлық жағынан ықпал етуге тиiс. Әлеуметтiк қызметтердi жастардың қазiргi проблемалары бойынша iзденуге, зерттеуге және оларды шешуге бағыттау қажет. Осы Бағдарлама шеңберiнде жастарға арналған әлеуметтiк қызмет желісін құру қарастырылады, оның негiзгi мақсаты жастардың аз қамтылған бөлiгiне арналған әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтiк қамтамасыз ету саласында жағдай жасау.
Әлеуметтiк қызметтiң негiзгi түрлерi ретiнде жастардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы, оның әлсiз бөлiгiнiң әлеуметтiк бейiмделуi мен оңалтылуы саласында бағдарламалар жүргiзудi және iске асыруды әрi әлеуметтік бағдарланған жастар бағдарламаларын әзiрлеу мен іске асыруды, экология саласындағы жастардың бастамаларын қолдауды, қиын тәрбиеленетін жасөспірiмдермен жұмыс бойынша жобаларды атауға болады.
Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын мынадай негізгі бағыттар арқылы жүзеге асыру көзделеді:
1) жастармен жүзеге асыратын кәсіпкерліктi дамытуға жәрдемдесу;
2) жастарға арналған маусымдық және қоғамдық жұмыстарды дамыту;
3) орта кәсіптік және жоғары оқу орындарының базасында студенттік еңбек жасақтарының қызметін құру және ұйымдастыру.
Осыған байланысты, жастарды жұмыспен қамтуға қатысты проблемаларды шешу үшін мемлекеттік құрылымдар тарапынан нақты іс-әрекеттер мен қолдаудың әртүрлі нысандары көзделеді:
1) жастар ішінен мамандар өздерiнен бiліктілігін арттыратындай, кәсіптік тәжiрибе мен дағдылар жинақтай алатындай жағдайларды қамтамасыз ету, қоғамдық жұмыcтapға уақытша тарту;
2) жоғары және орта оқу орындарының студенттері ішінен олардың кейіннен жұмысқа орналасуымен кадрларды іріктеу және мақсатты даярлау үшін іpі компаниялар мен кәсіпорындарды тарту желiнде жобалар әзiрлеу;
3) жастар ішінен кәсіпкерлерге сарапшылық-бағалау қызметтерін көрсетуге арналған, сондай-ақ ауылда жұмыспен қамтуды дамыту жөніндегі жастар қызметтерін құру.
Жастардың тұрғын үй проблемаларын шешуді, сондай-ақ жас отбасыларды мемлекеттік қолдауды мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асыру көзделедi:
1) жастарды және жас отбасылары жеңiлдікті негізде тұрғын үймен қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу;
2) қиын өмірлік жағдайға душар болған жас отбасыларға отбасылық өмiр проблемалары, психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа да мәселелер бойынша консультациялар беру жүйесін дамыту.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті мәселелерінің бipі өңірлік өзара іс-әрекет жасау мен тиімді өңірлік жастар саясатын әзiрлеу проблемалары болып табылады. Осы бағытты іске асыру шеңберiнде мынадай бiрқатар іс-шараларды жүзегe асыру қажет:
1) жастар саясаты жөнiндегі өңірлік бағдарламаларды оларды iске асыру жөніндегі іс-шараларды облыстарының және Астана мен Алматы қалаларының индикативтік жоспарларына енгізе отырып әзiрлеу;
2) өңірлік жастар ұйымдары мен жергілікті уәкілетті органдардың жастар саясатын жүргізу жөніндегі қызметіне үнемi мониторинг жүргізу;
3) әлеуметтiк қызметтер құру арқылы ауыл жастарын әлеуметтiк бейiмдеу жөнiнде жұмыс жүргiзу.
Жастардың білім және ғылым саласындағы құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету ауыл жастарына арналған білім беру дайындау-бейiмдеу курстарының қызметiн ұйымдастыру, инновациялық ғылыми-зерттеу жобаларын, жас ғалымдарды қолдау, сондай-ақ жастардың білім алу проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу арқылы iске асыру көзделедi.
Жастарды және жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз етудi мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жастар тақырыбы бойынша тұрақты айдарлар мен телерадиохабарларды қолдау және дамыту арқылы iске асыру көзделедi. Ақпараттық қамтамасыз етудiң басым бағыттарының бiрi жастар саясатының өзектi мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар шығару болып табылады. Бұдан басқа, жастарға әлеуметтiк көмек көрсетудiң ақпараттық қызметтерiн құру және қолдау жөнiнде шаралар көзделедi.
Жас таланттарды дамыту және қолдау осы саладағы алдыңғы iсшараларды одан әрi жетiлдiру арқылы жүзеге асыру көзделедi. Аса дарынды жас азаматтарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын берудi атауға болады. Әлеуметтiк мәнi бар жобалар конкурсын өткізу шеңберiнде талантты жас азаматтарды ұйымдастырушылық қолдау, сондай-ақ жастарды мәдени тәрбиелеу жөніндегі жұмысты күшейту қажет.
Жастар арасында салауатты өмiр салтын қалыптастыруды және бұқаралық спортты дамытуды жастар арасында нашақорлықтың, алкоголизмнiң және темекi шегудiң алдын алу және бұқаралық спортты дамыту жөнiнде семинарлар мен конференциялар өткізу арқылы iске асыру көзделедi.
Мемлекеттік тапсырыс негiзiнде өткiзiлетiн жастарға арналған әлеуметтiк бағдарламалар конкурсы жастардың қоғамдық бiрлестiктерiн қолдаудың, олардың инновациялық әлеуетiн iске асырудың негiзгi тетігi болады. Осы жобалар жастардың мынадай әлеуметтiк мәселелерiн: жастардың білімдік дамуын, инновациялық ғылыми-зерттеу жобаларын қолдауды, экологиялық жобаларды және тағы басқаларын қамтитын болады.
Халықаралық жастар ынтымақтастығы жастармен және жастар бiрлестiктерiмен жұмыс iстейтiн шетелдiк мемлекеттік органдармен халықаралық байланыстарды кеңейту есебiнен iске асырылады және дамиды. Сондай-ақ, дәстүрлi халықаралық әрiптестермен жастардың дамуы жөніндегі жобаларды әрi қарай iске асыру қажет.
Бағдарламаның маңызды бағыттарының iшiнен қазақстандық жастардың азаматтылығы мен патриотизмiн дамытуды атау керек. Осы бағытты iске асыру шеңберiнде республикалық "Патриот" акциясын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Жастар бастамалары орталықтарының нұсқаушылық армиялық жиындарын өткізу, сондай-ақ жастар саясатын тиiмдi iске асыру бөлiгiнде оларды әдістемелік қолдауды жүзеге асыру көзделеді.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік жастар саясатын iске асыру жөнiндегі шаралардың тиiмділiгi оларды барабар заңнамалық және нормативтiк құқықтық қамтамасыз етуге байланысты. Осыған байланысты мынадай іс-шараларды жүргiзу көзделедi:
1) нормативтiк құқықтық кесiмдерге жастар саясатын iске асыруға қатысты бөлiгiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) жастарға арналған әлеуметтiк қызметтердiң iс-әрекетiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі, кәсiподақтардың республикалық бiрлестiктерi және жұмыс берушiлердің республикалық бiрлестiктерi арасындағы басты келісімге жастар проблемалары жөнiнде бөлiм енгізу бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
4) жас отбасыны қолдау мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi дамыту.
4. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
Бағдарламаны қаржыландырудың негiзгi көздерi болып тиісті бағдарламалар әкiмшiсi көздейтiн қаражат шегiнде республикалық бюджет және өзге де заңнамада тыйым салынбаған көздер белгiлендi.
Тұтастай алғанда Бағдарламаны iске асыру республикалық бюджет қаражатынан мынадай қаржылық шығындарды көздейдi: 2003 жылы 242 778 мың теңге, 2004 жылы - 242 778 мың теңге.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕ
Бағдарламаны iске асыру жастардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi, әлеуметтiк құқықтарды қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеуге ықпал етедi. Бағдарлама білім және ғылым саласындағы көкейкестi проблемаларды шешудi, атап айтқанда, жас ғалымдардың қызметiн ынталандыру арқылы Қазақстанның ғылыми әлеуетiн дамытуды көздейдi. Бағдарламаны iске асыру мемлекеттік құрылымдарды жастардың қоғамдық бiрлестiктерiмен өзара іс-әрекет жасауының сапасы жағынан жаңа әрi пәрмендi тетiктерiн әзiрлеуге мүмкiндік береді, ол өз кезегiнде, Қазақстанның барлық өңiрлерiнде тиiмдi мемлекеттік жастар саясатын жүргiзуге ықпал етеді. Бағдарламаның іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберiнде жастар дамуының неғұрлым өзектi мәселелерi бойынша 20-дан аса ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу көзделедi. Көрсетiлген іс-шаралар республиканың жастар ұйымдарының қызметiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi және мемлекеттік жастар саясатын iске асырудың жаңа тетiктерiн әзiрлеуге ықпал етедi.