2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 28.11.03 ж. № 150э қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. 677, 678, 679, 680, 681, 682, 683, 684, 685, 686, 687, 688, 689, 690-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
677 қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 677-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 001 "Әкiмшiлiк шығындар"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1634511 мың теңге (бip миллиард алты жүз отыз төрт миллион бес жүз он бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 21, 22, 23, 24 және 25-баптары; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысы; "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттерiн барынша тиiмдi атқаруға қол жеткізу үшiн, Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық аппараттары және мамандандырылған органдары қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық аппараттары және мамандандырылған органдарын ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Ішкі бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- лардың (ішкі бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (ішкі бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы Қаржы полициясы агенттігі мен оның аумақтық және
мамандандырылған органдарына жүктелген функцияларды сапалы және уақытылы
атқару.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
678 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 004 "Тергеудегi адвокаттардың еңбегiне
ақы төлеу" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 800 мың теңге (бір миллион сегiз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 71-бабы 3-тармағы және 72-бабы 6-тармағы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Азаматтық атқару кодексiнiң 114-бабы; "Қылмыстық процеске қатысатын тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы" 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген және мемлекетпен кепiлденген өз құқығы мен еркiндiгiн қорғаудағы азаматтың құқығы және біліктi заңдық көмек алуының толық жүзеге асуы мен уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: азаматтардың заңды мүддесi және еркi мен құқығын жүзеге асыруда, сондай-ақ заңнамамен рұқсат етiлген тәсiлдер және әдiстердi өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың құқығы мен мүддесiне қызмет көрсету және қорғау мақсатындағы қылмыстық iстер бойынша адвокаттармен көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Ішкі бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- лардың (ішкі бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (ішкі бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 004 Tepгeудeгi Бекiтiлген келi- Жыл Қазақстан адвокаттардың сiмдерге сәйкес бойы Республикасы еңбегіне ақы тергеуге қатысқан Қаржы полициясы төлеу қызметіне ақы агенттігі төлеу Адвокаттармен iстелген жұмыс мөлшерi адам/ сағатта 43,4 мың құрайды- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Азаматтарды адамның құқығын қорғау заңнамасымен кепiлденген біліктi заңды
көмекпен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
679 қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 679-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 009 "Жоғары оқу орындарында кадрларды
даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 120437 мың теңге (бір жүз жиырма миллион төрт жүз отыз жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабы; "Білім туралы" 1999 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 25, 26, 27 және 43-баптары; "Ғылым туралы" 2001 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы № 201 өкімі; "Салық полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 15 мамырдағы № 643 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаржы полициясы органдары мен кеден қызметi органдары үшiн біліктi кадрларды даярлау және қайта даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қаржы полициясы және кеден қызметi органдары үшiн жоғары білімдi мамандарды даярлау, қызметкерлер мен басшы кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігiн арттыру, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, экономикалық қылмысқа қаpсы күрестiң көкейтестi мәселелерi жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Ішкі бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- лардың (ішкі бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (ішкі бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: қаржы
полициясы мен кеден қызметi органдарының органдарын кәсіби кадрлармен
қамтамасыз ету; қаржы полициясы мен кеден қызметі органдарының
қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру; 2003 жылы қаржы
полициясы мен кеден қызметі органдарын 91 тыңдаушы біліктi кадрлармен
қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
680 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 010 "Кадрларды қайта даярлау және
біліктілігiн арттыру" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5 078 мың теңге (бec миллион жетпiс сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру және өзiне жүктелген қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы білімдiк бағдарлама бойынша теориялық және тәжiрибелiк білімiн, шеберлiгi мен дағдылығын жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң кәсiби біліктілігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Ішкі бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- лардың (ішкі бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (ішкі бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 010 Кадрларды Бекiтiлген білік- Жыл Қазақстан қайта даярлау тіліктi арттыру бойы Республикасы және білік- жоспарына сәйкес Қаржы тілігiн Қаржы полициясы полициясы арттыру органдары қызмет- агенттігі 005 Мемлекеттік керлерiнiң білік- қызметкерлер- тілігiн арттыру дiң біліктi- бойынша, оның лiгiн арттыру iшiнде мемлекеттік тiлге оқыту қызмет- терiн сатып алу- Бiлiктіліктi арттыру курстарын өтетiн қаржы полициясы органдары қызметкер- лерiнiң жылдық орта саны 377- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттiң ресурстық мүмкiншiлiгiне және қазiргi жағдайларға сәйкес қаржы
полициясы органдарының кәсiби талаптарына жауап беретiн сапалы оқытудың
дұрыс жүйесiн дамыту және құру жолымен қаржы полициясы органдары
қызметкерлерiнің кәсіби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
682 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 032 "Қаржы полициясы органдарының
жедел-iздестiру қызметi" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 30 000 мың теңге (отыз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Жедел-iздестiру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Заңының 2, 6, 11 және 12-баптары; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы № 201 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономика және қаржы қызметi саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi күшейту, қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, тергеу бөлiмшелерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, экономикалық қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Ішкі бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- лардың (ішкі бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (ішкі бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 032 Қаржы поли- Қазақстан Респуб- Жыл Қазақстан циясы орган- ликасының қаржы бойы Республикасы дарының полициясы орган- Қаржы полициясы жедел-іздес- дарының жедел- агенттігі тіру қызметі іздестіру іс-ша- раларын өткізу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін экономика және қаржы
саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мен ашуда пайдалану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
683 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 033 "Қылмыстық соттық өндiрiске
қатысатындардың процессуалдық шығындарын өтеу" республикалық
бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 16 500 мың теңге (он алты миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 174, 175, 176-баптары, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Соттық процеске куәгерлер мен жәбірленушiлердi уақытылы жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларға қылмыстық iстер өндiрiсiнде келтiрiлген шығындарын өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Ішкі бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- лардың (ішкі бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (ішкі бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 033 Қылмыстық Қылмыстық iстiң Жыл Қазақстан соттық өндi- өндiрiс кезiнде бойы- Республикасы рiстегi про- жәбірленушiге, на Қаржы цессуалдық азаматтық талапкер- полициясы шығындарды ге, азаматтық жауап- агенттігі өтеу керге және басқа да қылмыстық соттық өндiрiске қатысқан тұлғаларға келтiрiл- ген шығындарды өтеу, оның iшiнде: 1) сараптау және аудиторлық тексеру өткізуге көрсетiлген қызметке ақы төлеу; 2) қылмыстық тергеудi өткізушi органның шақыруы бойынша iссапар шығындары- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: соттарда
қылмыстық iстердiң сапалы және уақытылы қаралуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
684 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 034 "Қаржы полициясы органдарын
нормативтiк құқықтық актiлер және қатаң есептегi бланктермен
қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7 400 мың теңге (жетi миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң құқықтық мәдениетiн және кәсiптiк дәрежесiн арттыру, қатаң есептегi бланктердiң бірлiк үлгiсiн әзiрлеу және қолдану.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қаржы полициясы агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық және мамандандырылған аппараттарын нормативтiк құқықтық актiлер және қатаң есептегi бланктермен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Ішкі бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- лардың (ішкі бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (ішкі бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 034 Қаржы полиция- Нормативтiк құқық- Жыл Қазақстан сы органдарын тық актiлердiң бойына Республикасы нормативтiк 278 данасын және Қаржы құқықтық қатаң есептегi полициясы актiлер және бланктердiң 9000 агенттігі қатаң есептегi данасын сатып алу бланктер мен және басып шығару қамтамасыз шығыстарын төлеу- ету |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн
арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
685 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 036 "Қылмыстық процеске қатысатын
тұлғаларды мемлекеттік қорғау" республикалық бюджеттік
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 750 мың теңге (жетi жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық атқару кодексiнiң 7, 15, 26, 65-баптары; "Қылмыстық процеске қатысатын тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы" 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмысқа қарсы күресу облысында бірлiк мемлекеттік саясат жүргiзу; бұдан әрi заңдылықты және құқықтық тәртiптi күшейту; қылмыстық процеске қатысатын тұлғалардың мүлкiн, денсаулығын, конституциялық құқықтарын, еркiндiгiн және өмiрiне қаупiн қорғауды қамтамасыз ету; қылмысқа қарсы күресудiң тиiмділiгін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қылмыстық процеске қатысатын тұлғаларды, олардың отбасының және жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығы және мүлкiне шын қауiп төнгенде мемлекеттік қорғау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Ішкі бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- лардың (ішкі бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (ішкі бағдарлама- ны) іске асыру жөніндегі шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 036 Қылмыстық Қылмыстық процеске Жыл Қазақстан процеске қатысатын тұлғалар- бойы Республикасы қатысатын дың қауіпсіздігін Қаржы тұлғаларды қамтамасыз ету полициясы мемлекеттік шаралары: облыстар, агенттігі қорғау қалаларда және басқа да елдi мекендерде пәтерлер мен жеке үйлердi жалдау, осы дәрежедегi тұлғалар- дың орынын ауыстыру жөніндегі көлiк шы- ғындары, өрттiк қор- ғау сигнализациясы және телефонды құру, ауыстыру жөніндегі байланыс қызмет көрсетулердi төлеу, құжаттарды ауыстыру бойынша шығындар- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қылмыстық
процеске қатысатын тұлғаларға қауiпсiздiк шараларын қолдану қорытындысында
қылмыстардың ашылу пайызын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
686 қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi
___________________________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 037 "Орталық аппарат және аумақтық
органдар қызметкерлерiнiң үйдi ұстау және коммуналдық қызмет
көрсету шығындарын өтеу" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 107 263 мың теңге (жүз жетi миллион екi жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Заңының 2, 6, 11, 12-баптары; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы; "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы; "Yйдi ұстау және коммуналдық қызмет көрсету шығындарын төлеу үшiн ақшалай өтем ақыға құқы бар Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, тергеу қатардағы бөлiмшелерi қызметкерлерi лауазымдарының тiзiмi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1275 қаулысы.