Қазақстан Республикасының металлургия кешенiнде төртiншi және бесiншi
қайта бөлiстердiң өндiрiстерiн құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 243 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. № 132 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 6.6.2-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының металлургия кешенiнде төртiншi және бесiншi қайта бөлiстердiң өндiрiстерiн құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай толықтыру енгiзілсін:
көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
"15. "Қазақстан Республикасының металлургия кешенiнде төртiншi және бесiншi қайта бөлістердің өндiрiстерiн құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 13 наурыздағы № 243 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының металлургия кешенінде төртінші
және бесінші қайта бөлістердің өндірістерін құруды ғылыми-техникалық
қамтамасыз етудің 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Астана - 2003 ж.
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі
бағыттары мен тетігі
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру
көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. № 132 қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы Қазақстан Республикасының металлургия кешенiнде
төртiншi және бесiншi қайта бөлiстердiң
өндiрiстерiн құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз
ету
Мемлекеттік Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым тапсырыс министрлігі берушi - Бағдарламаның әкімшісі Іске асыру 2003-2005 жылдар мерзiмi Бағдарламаның Қазақстан Республикасының металлургия кешенінде мақсаты жоғары технологиялық, импорт алмастырғыш және
экспортқа бағдарланған өнімдер өндiрудi
ғылыми-техникалық қамтамасыз ету
Бағдарламаның Металдар негiзiнде жаңа материалдар жасау мiндеттерi жөніндегі қазiргі заманғы технологияларды әзiрлеу
және Қазақстанның металлургия кешеніндегі
төртiншi және бесiншi қайта бөлiстepдің ғылымды
қажет ететiн және жоғары технологиялық
өндiрiстерiн игерудiң перспективасын анықтау
Қажеттi Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету ресурстар және 2003-2005 жылдардың iс-шараларын iске асыру оларды үшiн қажеттi бюджеттік қаражат көлемiнде қаржыландыру тиiстi қаржы жылдарына арналған республикалық көздерi бюджетте Бағдарламаның әкiмшiсi көздеген қаражат
шегiнде мемлекеттік тапсырыстар шеңберiнде жүзеге
асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржылық
шығындар барлығы 223,5 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде
жылдар бойынша: 2003 жылы - 70,0 млн. теңге; 2004 жылы -
74,9 млн. теңге; 2005 жылы 78,6 млн. теңге
Күтілетін Қазiргi бар өндiрiстi жетілдiру және дамыту үшін нәтижелер ғылыми-техникалық база, техникалық-технологиялық
шешiмдердi әзiрлеу, Қазақстан Республикасының
металлургия кешеніндегі төртiншi және бесiншi
қайта бөлiстердiң өнiмдерiн алудың ғылымды қажет
ететiн жаңа технологияларын жасау.
Өнiмнің жоғары тауарлық дайындығын қамтамасыз
ету, экономикалық көрсеткiштердi, экспортқа
бағдарлану мен импорт алмастыруды арттыру
мақсатында металдар негiзіндегі жоғары
технологиялық қорытпалар, композиттік материалдар
мен бұйымдар алудың ғылымды қажет ететiн
технологияларын жасау.
Елдің металлургия өнеркәсiбіндегі төртiншi
және бесiншi қайта бөлiстердi дамытуға
инвестицияларды кеңінен тартуға арналған
ғылыми-техникалық негіздемелердi әзiрлеу.
2. КIРIСПЕ
Бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттiлiгiн Қазақстанның бай шикiзат ресурстарына, дамыған өндiрушi өнеркәсіпке, ірі металлургия кешендерiне және ғылыми-техникалық әлеуетке ие екендiгiмен түсiндiруге болады.
Бағдарламаны қалыптастыру алдында металлургия саласының қазiргi жай-күйiне, ел экспорты мен импорты құрылымына, сондай-ақ республика металлургиясының осы бiр тиiмділігi жоғары кiшi саласын дамытудың әлемдiк экономиканың үрдiстерiне талдау жасаудың алдын ала жүргiзiлген жұмыстарының кешенi болды.
Бұл ретте мыналарды айтып өту керек. Қазақстан Республикасының бұйымдармен салыстырғанда, негiзiнен құны арзан материалдарды экспортқа шығарып отырған бүгiнгi жағдайы мемлекеттiң экономикалық мүдделерiне белгiлi дәрежеде зиян келтiредi. Түстi және қара металдар өндiрiсiнiң түгелдей дерлiк көлемi экспортқа жiбере отырып, республика сол арқылы басқа елдердi тауарлылықтың жоғары дәрежесіндегі жоғарғы қайта бөлiстер өнiмiн өндiрумен, жаңа жұмыс орындарымен және қазiргi заманғы өнiм шығарудан түскен жоғары пайдамен қамтамасыз етедi.
Сондықтан жоғары тауарлық дайындығы бар өнiм алу және оның сапасын жақсарту негiзгi мiндет болып табылады, ол әлемдiк нарықтағы үлкен бәсекеге қабілеттілікке әкеледi және өндiрiстiң экономикалық тиiмділігін арттырады.
Осы бағдарлама жаңа буын қорытпалардың, композиттiк және функционалдық материалдардың қазiргi барын дамытуға және сапалы жаңа өндiрiсiн жасауға бағытталған.
3. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ
Қазақстанның металлургия кешенiнің қазiргi жай-күйiн талдау оның соңғы жылдардағы дамуы қолайсыз ретінде сипатталатынын және бағаланатынын көрсетедi, олар: көптеген өндiрiстердiң тоқтатылуы және таратылуы, тиімдi ресурс және энергия сақтағыш технологиялардың төмен пайызы, ғылымды қажет ететiн технологиялардың аз үлесi.
Металдар негiзіндегі металл бұйымдар, ғылымды қажет ететiн, функционалдық материалдар, арнайы қорытпалар мен қосылыстар өндiрудің ауқымы металдар негiзiнде қазiргi заманғы материалдарды тұтынатын машина жасау, электр техника өнеркәсiбi және басқа да басым салалардың өсiп келе жатқан қажеттiлiктерiне сәйкес келмейдi.
Iшкi рыноктың металл бұйымдарына, композиттiк, функционалдық материалдарға деген қажеттiлiктерi өз өндiрiсi есебiнен жабылмайды, бұл республикаға металл бұйымдарды едәуір көлемде импорттауға себеп болып отыр.
Ел өнеркәсiбiнiң мұнай-химия және металл тұтынатын салаларын дамыту үшiн жаңа материалдар, атап айтқанда, сортты металл бұйымдарын жасау өте өзектi қойылып отыр. Мысалы, мұнай өндiрудiң көлемiн ұлғайту және оны тасымалдау мұнай сортаменті құбырларының санын едәуiр арттыруды қажет етедi. Қазiр республикада мұнай-газ саласына арналған құбырлар шығару жөніндегі өндiрiс жоқ. 2001 жылы осы сортамент құбырларының импорты 168 миллион АҚШ доллары сомасындағы 230 мың тоннаны құрады. Осыған байланысты мұнай сортаментi құбырларын шығару жөніндегі зауыт салу өзектi мәселе болып отыр.
Қазiргi кезде Қазақстанның өзінің сортпрокат өндiрiсi жоқ және 175 миллион АҚШ доллары сомасына жылына 400 мың тонна көлеміндегі барлық сорттық прокат Ресейден, Өзбекстан мен Украинадан импортталады.
Осы мақсаттарда машина жасау, мұнай-газ, құрылыс, ауыл шаруашылығы және республика өндiрiсiнiң басқа да салаларын металл өнiмдерiмен қамтамасыз ету үшiн Қазақстанда жылына 380 мың тонна болаттың көмiртегi, аз легирленген, легирленген, тот баспайтын маркаларынан әр түрлi бейіндегі сорттық прокат өнiмдерiн шығару жөніндегі электр металлургия шағын зауытын ұйымдастырудың инвестициялық жобасы жасалды. Сатылатын өнiмнiң жылдық көлемi 283,8 миллион АҚШ долларын құрайды. Бюджетке жылдық аударым 67,3-70,4 миллион АҚШ доллары, құрылысты "дайын күйiнде тапсыру" мерзiмi 2 жыл. Инвестициялардың жалпы көлемi - 410 миллион АҚШ доллары.
Қазiргi кезде "Испат-Қармет" ААҚ республиканың мұнай-газ кешенi үшiн электрмен пiсiрiлген құбырлар өндiрудi ұйымдастыру жөніндегі Ақтау қаласындағы зауыт құрылысына техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеуде. Республикада қара металлургия ("Испат-Қармет" AAҚ) мен түстi металлургияның ("Түстi металдар өңдеу жөніндегі зауыт" ЖАҚ, "Қазақмыс" АAҚ, "Casting" кәсiпорны) жекелеген кәсiпорындарында металлургиядағы төртiншi қайта бөлiс өнiмдерi аздаған көлемде шығарылады. Металл өнiмдерiн өндiру мынаны құрады: қара металлургиядағы дайын прокат - 3,69 млн т; мың т: ферроқорытпалардың әр түрлi маркалары - 960,3; тазартылған мыс - 394,9; тазартылған қорғасын - 165,4; металл мырыш - 262,5; металл магний - 22,0; глинозем - 1200; кеуектi титан - 15,0.
Мұнымен бiрге республикадан жыл сайын 35-40 АҚШ доллары бағасымен 2 млн.тоннадан астам қара металдардың металл сынығы әкетіледi, осымен ел экономикасына айтарлықтай шығын келтiрiледi. Мысалы, 2001 жылы қара металдар сынығы мен қалдықтарының экспорты - 95,5 млн. АҚШ доллары сомасына - 2200 мың тоннаны; түстi металдар сынығы мен қалдықтары 58,1 млн. АҚШ доллары сомасына 76354 тоннаны құрады.
Қазақстан Республикасының металлургия кешеніндегі өндiрiстiң жай-күйіне жалпы талдау жасау қазiргi кезде:
елде осы заманғы өндiрiстердi дамыту үшiн ғылымды қажет ететiн, жоғары технологиялық, арнайы материалдар мен қорытпаларды өнеркәсіптiк өндiру мүлдем жоқ;
машина жасау, мұнай-газ, кен-металлургия, жеңiл, тамақ және де басқа да өнеркәсiп салалары, құрылыс индустриясы, ауыр машина жасау және кеме құрылысы үшiн прокат және металл бұйымдарының қажетті сортаментi шығарылмайды;
жаңа технологиялар - ұнтақ металлургиясы, электр металлургиясы, гальванотехника, жаңа құю және химия технологияларының және т.c.c. негiзiнде материалдар мен металл бұйымдарының өнеркәсiптiк өндiрiсi жоқ;
теңгерiмі аяғына дейін ескермеген, ал шетелге шығару бақылаусыз жүргiзiлiп келе жатқан металдардың қайталама ресурстары жеткiлікті дәрежеде тиiмдi пайдаланылмайды деп қорытындылар жасауға мүмкiндiк береді.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Осы Бағдарламаның мақсаты елдің металлургия кешенiнде жоғары технологиялық, импорт алмастырғыш және экспортқа бағдарланған өнiм өндiрiсiн жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
металлургия кешенінде тауарлық даярлығы жоғары өнiм шығаруды қамтамасыз ететiн металлургиядағы төртiншi және бесiншi қайта бөлiстердiң өнiмiн шығаруды ұйымдастыру үшiн ғылымды қажет ететiн бәсекеге қабiлеттi технологиялар жасау, импорт алмастыру және елдiң экспорттық әлеуетiн ұлғайту;
қоршаған ортаға техногендiк факторлардың терiс әсерiн төмендетудi қамтамасыз ететiн 4 және 5 қайта бөлiстердiң тиiмдi экологиялық, ресурс және энергия сақтағыш технологияларын енгізу;
жоғары қосымша құнмен өнiмнің жаңа түрлерiн игеру жолымен қайталама ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
өнімнің ақырғы түрлерi мен берiлген қасиеттерiмен бiрге жаңа материалдар өндiрiсi үшiн құрал-жабдықтарды жаңғырту, ғылымды қажет ететiн технологияларды енгізу есебiнен инновациялық дамуды қамтамасыз ету.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГІ
БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТIГI
Бағдарламаны iске асыру мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
5.1. Қазақстан Республикасының металлургия саласындағы төртiншi және бесiншi қайта бөлiстep өндiрiстерiнiң жаңа технологиялары мен өткізу рыногының перспективаларын болжау.
Бұл бағыт шеңберiнде Қазақстан, Ресей және Украинаның жетекшi ғалымдарының қатысуымен ТМД және алыс шетелдердегi түстi және қара металлургиядағы төртiншi және бесiншi қайта бөлістердің қазiргi бар өндiрiстерiнiң технологиялық деңгейiнің жай-күйiне талдау жасалатын болады. Осы талдаудың негiзiнде түстi, сирек және қара металдардың негiзiнде қазiргi материалдарды жасау үшiн ғылымды қажет ететiн технологиялар әзiрлеуге болжам жасалады, республикада оларды пайдаланудың перспективалары белгiленедi. Бұл үшiн қазiргi жағдайды және өткізу рыногының перспективаларын бағалау мақсатында маркетингтiк зерттеулер жасалады рыногта сұранысқа ие отандық металдардан жасалатын жаңа материалдардың өндiрiсiн ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар әзiрленедi.
5.2. Түстi, сирек және асыл металдар негiзiнде жаңа материалдар алудың қазiргi заманғы технологияларын жасау.
Осы бағыттағы тапсырмаларды iске асыруда:
оттегiнсiз мыстан жасалған бұйымдар, мұнай-химия өнеркәсiбiне арналған тот баспайтын жез бен қола, мысты созбасым өндiрiсiне арналған оттегiнсiз мыс құймаметалдарын және ауыр түсті металдар негiзіндегі арнайы қорытпалар;
сирек және жеңiл металдар негiзіндегі жаңа материалдар. Сирек ыдырағыш металдармен маркалы деформацияланатын және құймалы алюминий және де селенмен түрлендiрiлген қорытпалар алу;
асыл металдар негiзiнде қатты, қорғасын-сурьма қорытпалары, жаңа дәнекерлеу мен арнайы қорытпалар, сондай-ақ Қазақстанның асыл металдарын пайдалану арқылы бiрқатар жаңа материалдар алудың өндiрiс технологиясы әзiрленетiн болады.
5.3. Қара металлургияда қазiргi заманғы материалдарды алудың жаңа технологияларын жасау.
Осы бағытты iске асыру аз легирленген, легирленген, тот баспайтын көмiртектi және болаттың басқа да маркаларынан берiктiгi жоғары және пластикалық сорттық прокатты алудың технологиясын әзiрлеуге мүмкiндік бередi. Осындай өнiм шығару сорттық прокат импортын алып тастауға мүмкiндiк бередi және болашақта олардың экспортына негiз болуы мүмкiн.
Сол сияқты жұмыс iстеп тұрған ферроқорытпа зауыттары мен шағын кәсiпорындарда ферроқорытпалар өндiрiстерiнiң жаңа технологиялары құрылатын болады, ауыр түстi және сирек металдардың бiрқатарын қамтитын ферроқорытпаларды дайындаудың пештен тыс технологиялары дамиды.
5.4. Қазiргi заманғы материалдар алудың мүлдем жаңа технологияларын жасау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелер.
Бағдарламаның осы тапсырмасын iске асыру кезiнде металтермикалық процестер мен шағын қорытпалар алу саласында жаңа технологиялар әзiрленедi, кең ауқымда көп функционалды жүйелер алудың технологиялары және иондық имплантация және иондық-плазмалық әдiстермен жұқа қабыршықты қаптамамен жабу процестерi, сондай-ақ тот баспайтын және металдық төсенiш орталығындағы композиттiк-электрқұймалық қаптау әдiсiмен берiк металдық қаптамалар алу үшiн технология мен аппаратура жасалатын болады.
5.5. Жаңа және жұмыс iстеп тұрған зауыттар мен шағын, орта кәсiпорындарда тауарлылығы жоғары бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығару жөніндегi әзiрлемелерді iске асыру.
Тұтынушы неғұрлым талап еткен қорытпалар мен жаңа материалдар енгiзілетiн болады. Мүлдем жаңа технологияларды игеру үшiн институттар мен түстi және қара металлургия кәсiпорындардың тәжiрибе-эксперименталдық участкелерiнде шағын және орта кәсіпорындар құрылатын болады. Осылай, мәселен, жылына көлемi 12 тонна жиілігі жоғары селен, асыл металдар және басқа да жаңа металдар негiзіндегі дәнекерлеу, арнайы қорытпалар шығару игерілетiн болады.
Бағдарламаны iске асыру Бағдарламаның негiзгi тапсырмаларына сәйкес келетiн және конкурстық iріктеуден өткен жобаларды орындауға мемлекеттік тапсырыс негiзiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаның әкiмшiсi - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі мыналарды қамтамасыз етедi:
Бағдарлама тапсырмаларын орындауға жобалар конкурсын өткізу;
Бағдарламаның кеңейтiлген нұсқасын қалыптастыру;
Бағдарлама тапсырмаларын және ағымдағы бақылауды орындауды сүйемелдеу және үйлестiру;
Бағдарлама бойынша аралық және қорытынды есептердi қабылдау.
Үздіксiз басқару мен бақылау үшiн бас ұйым жанынан мүдделi министрлiктер мен ведомстволар өкілдіктерін қамтитын ғылыми-техникалық Кеңес құру ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. № 132 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
КӨЗДЕРI
Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету 2003-2005 жылдардың iс-шараларын iске асыру үшін қажеттi бюджеттік қаражат көлемiнде, тиiстi қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте Бағдарлама әкімшiсi көздеген қаражат шегiнде мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржы шығындары барлығы 223,5 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2003 жылы - 70,0 млн. теңге; 2004 жылы - 74,9 млн. теңге; 2005 жылы 78,6 млн. теңге.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ ICKЕ АСЫРУДАН КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде республиканың металлургия саласындағы төртiншi және бесiншi қайта бөлістері өндiрiстерінің жаңа технологиялары ғылыми негiзделетiн және әзiрленетiн болады. Осындай өндiрiстердi ұйымдастыру импорт жөніндегі шығындарды бiрнеше рет қысқартуға, қазiр бар өндiрiстiк қуаттар базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнiмге iшкi қажеттiлiктi қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi.
Өнеркәсіптің басым салаларының қажеттілiктерiн қамтамасыз ететiн бұйымдар алу үшiн нақты база жасалатын болады, экспорт әлеуетiн кеңейту есебiнен бюджетке түсетiн түсiмдер көбейедi, тауарлардың импорттық үлесi қысқарады, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты өнеркәсiптiк аймақтарда әлеуметтiк жағдай жақсарады.
Ғылымды қажет ететiн әлемдiк рынокта Қазақстанның рөлі артады, төртiншi және бесiншi қайта бөлiстердiң қазiргi заманғы технологиялары бойынша кадрлық әлеует қалыптасатын болады.
Бағдарламаның негiзгi тапсырмалары бойынша күтiлетiн нәтижелер кестеде берілген.
Кесте
БАҒДАРЛАМАНЫ ICKЕ АСЫРУДАН КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
Бағдарламаның Күтiлетiн нәтижелер
негiзгi тапсырмалары
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
1. Қазақстан Республикасының металлургия саласындағы жаңа
технологиялардың перспективалары мен төртінші және бесіншi
қайта бөлiстер өндiрiстерiнің өнiмдерiн өткізу рыногын болжау
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1. Қазақстан Республикасының 1.1. Импорт алмастыруды қамтамасыз
түстi және қара металлургия. ету мақсатында өндірістердің
сындағы төртiншi және бесiншi барларын қайта құру және жаңасын
қайта бөлістердің жұмыс істеп құру жөніндегі ұсынымдар
тұрған кәсiпорындарының
технологиялық деңгейi мен
өнiмдерiнің сапасын талдау.
Импорт алмастыру бойынша нақты
ұсынымдар әзiрлеу
1.2. Әлемнің жетекшi елдерiн. 1.2. Түсті, сирек және қара метал.
дегі металдардың негiзiнде дар негiзiнде (соның iшiнде мүлдем
қазiргi заманғы жаңа жаңа металл, металл керамикалық,
материалдарды алудың ғылымды металл органикалық және басқа да
қажет ететiн жоғарғы жүйелер негiзінде) қазiргі заманғы
технологияларын болжау материалдарды жасау жөніндегі
ұсынымдар
1.3. Қазiргі заманғы металл 1.3. Отандық металдардан алынатын
бұйымдар мен жаңа материалдар. әлемдiк экономикада сұранымды жаңа
дың жай-күйiн және өткізу материалдарды өндiрудi ұйымдастыру
рыногының перспективасын жөніндегі практикалық ұсынымдар
бағалау. Қазақстанның түсті, және республиканың металл өнімдері
сирек және қара металдары экспортының перспективасын белгілеу
негiзiнде әлемдiк экономикада
жаңа және сұранымды материал.
дарды ұйымдастыру жөнiнде
практикалық ұсыныстар әзiрлеу
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
2. Түсті, сирек және асыл металдар негізiнде жаңа
материалдар алудың қазiргі заманғы технологияларын жасау
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
2.1. Мыс және ауыр түстi 2.1. Өндiру технологиясы:
металдар негiзiнде қорытпалар оттегiнсiз мыстан, мұнай-химия
мен бұйымдар алудың жаңа өнеркәсiбiне арналған коррозияға
технологияларын әзiрлеу. қарсы жез бен қоладан, мыс
катанкасы өндiрiсi үшiн оттегiнсiз