10) операциялық күндi өткізу тәртібі;
11) пошта жөнелтiмдерiн кiдiрту, қарау және алу тәртібі;
12) пайдаланушылардың өтiнiштерi мен шағымдарын қарау тәртібі;
13) пошта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынатын және шектеу қойылатын бұйымдар мен заттардың тiзбесi;
14) пошта қызметiн көрсетуге байланысты осы Заңда көзделмеген өзге де ережелер болуға тиiс.
8-бап. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік органдардың құзыретi
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен пошта қызметiн жүзеге асыруға байланысты үкiметаралық келісімдердi жасасады;
2014.03.07. № 230-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу тәртібін бекiтеді;
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) - 7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2. Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының аумағында пошта байланысы саласындағы қызметтi мемлекеттік реттеудi жүзеге асырады;
2) пошта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
6) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша пошта төлемiнiң мемлекеттік белгiлерiнiң түрлерi мен шығарылу көлемiн бекiтедi;
9) пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттік коллекциясын қалыптастырады;
10) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта байланысының өндiрiстiк объектiлерiне пошта индекстерiн бередi;
11) пошта байланысы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
12) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) пошта байланысы көрсететiн қызметтi ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
14) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
16) Ұлттық пошта операторы қызметкерлерiнiң нысанды киiмiнің (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормасын бекiтедi;
17) Қазақстан Республикасының пошта әкiмшiлiгi ретiнде әрекет етедi және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген өкiлеттiк шегiнде басқа мемлекеттердiң пошта әкiмшiлiктерi мен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Қазақстанның пошта байланысы саласындағы мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды;
18) франкирлеу машиналарын қолдануға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін белгiлейдi;
19) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
20) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекітеді;
2014.03.07. № 230-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды
20-1) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу тәртібін әзірлейді;
2014.03.07. № 230-V ҚР Заңымен 20-2) тармақшамен толықтырылды
20-2) операторды тағайындайды және тағайындалған оператордың өкілеттігін кері қайтарып алады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20-3), 20-4), 20-5) және 20-6) тармақшалармен толықтырылды
20-3) пошта жөнелтілімдерiнде пошта мөртабанын қолдану тәртiбiн бекітеді;
20-4) пошта желiлерi арқылы жiберiлуге тыйым салынған бұйымдар мен заттардың тiзбесiн бекiтедi;
20-5) пошта байланысының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну қағидаларын бекітеді;
20-6) пошта желiлерi арқылы жiберу шектелген бұйымдар мен заттардың тiзбесiн бекiтедi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) пошта операторларына өздерiнiң аумағында өндiрiстiк объектiлердi орналастыруға жәрдемдеседi, сондай-ақ пошта операторларының өндiрiстiк объектiлерi үшiн тұрғын үйлерге жатпайтын үй-жайлар бөлу мәселелерiн қарайды;
2) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында пошта байланысының тиiмдi жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
3) Ұлттық пошта операторымен бiрлесiп, әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағындағы пошта жәшiктерiнiң санын және орналасатын жерлерiн белгiлейдi, тұрғын үйлердi пайдаланатын тұрғындар мен ұйымдардың абоненттiк пошта жәшiктерiн тиiсiнше пайдалануын қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Пошта байланысының қызмет көрсетуiнiң тарифтерi
1. Пошта байланысы көрсететiн қызмет тарифтерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тарифтерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледi.
2. Пайдаланушылардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жеңiлдiктердің берiлуiне байланысты пошта операторының шығыстарын өтеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
11-бап. Пошта байланысы қызметiн көрсету кезіндегі шектеулер
1. Пошта жөнелтiмдерiнен табылған жiберуге тыйым салынған бұйымдар мен заттарды пошта операторлары сол жерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қояды.
2. Пошта жөнелтiмдерiн кiдiртуге, қарауға және оларды алып тастауға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жол берiледi.
12-бап. Тапсырысты пошта жөнелтiмдерi
1. Жазбаша хат-хабар мен пайдаланушының қалауы бойынша қағазға басылып шығарылған электрондық пошта хабарлары тапсырысты пошта жөнелтiмi түрiнде жiберiлуi мүмкiн.
2. Тапсырысты пошта жөнелтiмiн пошта операторы көрсетiлетiн қызмет үшiн алдын ала ақы алып қабылдайды және оған түбiртек бередi.
13-бап. Құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмдерi
1. Бағалы қағаздар, құжаттар немесе бағалы заттар бар пошта жөнелтiмдерi құндылығы жарияланған тiркелетiн пошта жөнелтiмдерiне жатады.
2. Пайдаланушылар құндылығы жарияланған пошта жөнелтiміндегі салым құндылығының сомасын пошта байланысының қызмет көрсетуiнiң ережелерiне сәйкес өздерi дербес айқындайды және буып-түю түрiн таңдап алады.
3. Жөнелтушi құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмiне ақыны пошта операторының түбiртегiн ала отырып, алдын ала төлейдi.
14-бап. Пошта жөнелтiмiн алғаны туралы хабарлама
1. Тапсырысты пошта жөнелтiмiн немесе құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмiн жiберу кезiнде жөнелтушi адресаттың пошта жөнелтiмiн алғаны туралы өзiне хабарлама жiберудi талап етуге құқылы.
2. Адресаттың пошта жөнелтiмiн алғаны туралы хабарламаның тарифiн жөнелтушi пошта операторының түбiртегiн ала отырып, алдын ала төлейдi.
15-бап. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері
1. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері пошта операторының пайдаланушылардың пошта жәшiктерiнен жиналған және (немесе) операциялық терезелерден қабылданған жай хаттарын, пошта карточкаларын және бандерольдерiн жiберу жөніндегі қызмет көрсетуін бiлдiредi.
2014.03.07. № 230-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Пошта операторының пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынуы уәкілетті орган бекіткен, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігіне, сапасы мен бағасына пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын талаптар белгіленетін, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Пошта жөнелтiмiнде пошта төлемақысының немесе белгiленген тарифтiң iшiнара төленгенiнiң мемлекеттік белгiлерi болмаған жағдайда, пошта операторы мұндай пошта жөнелтiмiн жөнелтушiге қайтаруға құқылы. Жекелеген жағдайларда пошта жөнелтiмi адресатқа жөнелтушiнiң жеткізу және (немесе) табыс ету кезiнде белгiленген тарифке дейiн жеткiзiп төлеудi жүзеге асыру ұсынысымен жеткiзiлуi мүмкiн.
16-бап. Пошта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету
1. Жөнелтушi пошта жөнелтiмi:
1) адресатқа берiлмеген;
2) тыйым салынған салымдар үшiн тәркiленбеген немесе жойылмаған;
3) жеткiзiлетiн елдiң заңдары негiзiнде алып қойылмаған жағдайларда пошта операторына пошта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету туралы талаппен жүгiнуге құқылы.
2. Пошта жөнелтiмiн қайтару, мекенжайды өзгерту және түзету жөнелтушi қосымша ақы төлеген кезде жүзеге асырылады.
17-бап. Пошта қауiпсiздiгiнiң күзет бөлiмшелерi
Пошта операторлары Қазақстан Республикасының күзет қызметi саласындағы заңдарына сәйкес пошта операторына оның пошта қызметiн жүзеге асыруына байланысты сенiп тапсырылатын пошта жөнелтiмдерiнiң және пошталық ақша аударымдарының сақталуын, жазысқан хаттардың, пошта және өзге де хабарламалардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн, пайдаланушылар мен қызметкерлердiң, сондай-ақ пошта операторы мүлкiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жағдай (режим) жасайтын пошта қауiпсiздiгiнiң күзет бөлiмшелерiн құруға құқылы.
18-бап. Пошта қызметiн көрсету кезiнде мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Пошта операторы пошта жөнелтiмiн қабылдап алған кезден бастап алушыға берген кезге дейiн оның сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Пошта операторы:
1) салым жоғалған, жетiспеген немесе тiркелетiн пошта жөнелтiмi зақымданған (бүлiнген);
2) пошта жөнелтiмiн жiберудiң бақылау мерзiмдерi бұзылған жағдайларда жауапты болады.
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Жіберуге тыйым салынған және шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды пошта арқылы жіберуге кінәлі пошта байланысы қызметін пайдаланушылар, егер осылай жіберудің салдары қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылықта болады.
3. Салымның жоғалғаны, жетiспегенi немесе пошта жөнелтiмінің зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн пошта операторы мынадай мөлшерде:
1) құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмiнiң жоғалғаны немесе түгелдей зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - жарияланған құндылығы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде;
2) салым тiзiмдемесiмен бiрге жiберiлген кезде салымның жетiспегенi, құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмдерi салымының бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - жөнелтушi тiзiмдемеде көрсеткен салымның жетiспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлiнген) бөлiгiнiң жарияланған құндылығы мөлшерiнде;
3) салым тiзiмдемесiз жiберiлген кезде салымның жетiспегенi, құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмi салымының бiр бөлiгiнiң жоғалғаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн - салымның жетiспеген, жоғалған немесе зақымданған (бүлiнген) бөлiгi массасының, жiберiлген салым массасына (пошта жөнелтiмi орамының массасынсыз) қатынасына барабар түрде оның нақты құнына қарамастан анықталатын пошта жөнелтiмi бөлiгiнiң жарияланған құндылығы мөлшерiнде;
4) өзге де тiркелетiн пошта жөнелтiмiн жоғалтқаны үшiн - төленген тарифтiң екi еселенген сомасы мөлшерiнде;
5) пошталық ақша аударымын жоғалтқаны үшiн - пошталық ақша аударымының сомасы және жiберу үшiн төленген тариф мөлшерiнде жауапты болады.
4. Пайдаланушылардың пошта жөнелтiмдерi мен пошталық ақша аударымдарын жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн пошта операторы кiдiртiлген әрбiр күн үшiн төленген тарифтiң үш процентi мөлшерiнде, бiрақ көрсетiлген қызмет үшiн төленген тариф сомасынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Пошта жөнелтiмiн әуе көлiгiмен жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн пошта операторы пайдаланушыға әуе және жер үстi көлiгiмен жiберу үшiн төленетiн ақы тарифтерiнiң арасындағы айырмашылықты төлейдi.
5. Егер мiндеттерiн орындамау немесе тиiсiнше орындамау ырық бермейтiн күштiң немесе пошта жөнелтiміндегі салымның ерекше қасиеттерiнің салдарынан болғаны дәлелденсе, пошта операторы салымның жоғалғаны, жетiспегенi немесе тiркелетiн пошта жөнелтiмiнiң зақымданғаны (бүлiнгенi), пошта жөнелтiмiн жiберудiң бақылау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауаптылықтан босатылады.
6. Пошта операторы пошта қызметiн көрсету жөніндегі мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде , осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
7. Пайдаланушылар:
1) ерекше қасиеттерiне орай пошта желiлерi арқылы жiберуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды пошта жөнелтiмiне салудың салдарынан;
2) пошта желiлерi арқылы жiберуге қабылданған салымның тиiсiнше буып-түйiлмеуi салдарынан туындап, пошта операторына келтiрiлген зиян үшiн жауапты болады.
19-бап. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының пошта туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының