Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № 962
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы 7 ақпандағы № 144 қаулысы
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1119 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № 962 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 322-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде, 17-тармақтағы "бес" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |