Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1445 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.06.03 ж. № 606; 28.04.04 ж. № 476
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Туризм саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру, ел экономикасының маңызды бiр саласы ретiнде оны дамыту үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар Бағдарламаның уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы жылына 2 рет - қаңтарда және шiлдеде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Ә. Мұхаметжановқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1445
қаулысымен бекітілген
Туристік саланы дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған
Бағдарламасы
Астана қ., 2002 жыл
1. ПАСПОРТ
ҚР Үкіметінің 25.06.03 ж. № 606; 28.04.04 ж. № 476 қаулыларымен бағдарлама өзгертілді
Атауы Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға
арналған бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің
негiздеме "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму
стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі
шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы № 344
жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкiмшiлiгi Басшысының 2001 жылғы 20
желтоқсандағы № 4867 тапсырмасы.
Негiзгi әзiрлеушi Қазақстан Республикасының Туризм және
спорт жөніндегі агенттiгi
Бағдарламаның Бағдарламаның басты мақсаты - қазақстандық
мақсаты және шетелдiк азаматтардың әртүрлi туристiк
қызметтерге қажеттiлiгiн қанағаттандыру
үшiн кең мүмкiндiктердi қамтамасыз ететiн
қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және
бәсекеге қабiлеттi Tуристiк кешен құру,
саланы дамытудың экономикалық және құқықтық
тетiктерiн әзiрлеу әрi Қазақстанның туристiк
өнiмiнiң сапасын қамтамасыз ету жөнiнде
мемлекеттік деңгейдегi шараларды iске асыру.
Бағдарламаның Бағдарламаның қойылған мiндеттерге сәйкес
мiндетi бiрiншi кезектегi мiндеттерi мыналар болып
табылады:
туризмде әлеуметтiк-экономикалық өзгермелi
жағдайларға, мақсаттарға, қағидаттарға және
туристiк қызметтi жүзеге асыру мiндеттерiне
жауап беретiн мемлекеттік реттеудiң жаңа
көзқарастар жүйесiн қамтамасыз ету;
мемлекеттiң туризм саласында республикалық
уәкiлеттi орган арқылы әрекет ететiн
басқарудағы, атқарушы органдар мен ұйымдар
арасында өзара iс-қимылын реттеудегi рөлiн
күшейту;
Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың
нормативтiк құқықтық базасын, осы саладағы
мемлекеттік реттеу тетiгiн жетiлдiру;
туристiк саланы кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк,
жарнама-ақпараттық қамтамасыз ету жөнiнде
шаралар қабылдау;
туризмнiң инфрақұрылымын дамыту.
Туризмнiң материалдық базасын жаңғыртуға,
жаңа объектiлер құрылысын жандандыруға
жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешенiн әзiрлеу;
Қазақстанның туристiк өнiмiн туристiк
қызметтердiң әлемдiк рыногына жылжыту;
туризм және қызмет көрсету салаларында шағын
кәсiпкерлiктi дамытуды, халықтың жұмыспен
қамтылуын ынталандыруды қамтамасыз ету;
сала субъектiлерiн инвестициялау және
қаржыландырудың, кредиттеудiң басқа да
нысандары үшiн жағдайлар жасау.
Бағдарламаны iске 2003-2005 жылдар
асыру мерзiмi
Бағдарламаны Бағдарламаны iске асыру үшiн болжанып
қаржыландыру отырған шығыстар мынаны құрайды:
республикалық бюджеттен - 2003 жылға
- 32604 мың теңге, 2004 жылға - 34028 мың
теңге, 2005 жылға - 35729 мың теңге;
жергiлiктi бюджеттен - 2003 жылға - 125989,7
мың теңге, 2004 жылға - 131389 мың теңге,
2005 жылға - 142854 мың теңге, сондай-ақ басқа
да қаражат тартылуы мүмкін.
Күтiлетiн Туристердiң жалпы ағынының тұрақты
нәтижелер өсуiн қамтамасыз ету былайша болжанады:
Ішкi туризм бойынша көлемi 2003 жылы 56 мың
адамнан 2005 жылы 90 мың адамға дейiн;
келу туризмi бойынша - 2003 жылғы 24 мың
туристен 2005 жыл соңына 60 мың туристке
дейiн көбейедi.
2003 - 2005 жылдар кезеңiнде келу туризмiнен
бюджетке түсетiн түсiм 111,3 млн. АҚШ долларын
құрайды.
2. КIРIСПЕ
Туристiк саланы дамытудың 2003 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы № 344 жарлығына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама экономиканың басым секторы ретiнде саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етудiң негiзгi проблемаларын қамтиды.
1996 жылғы 21 қазандағы Түркi тiлдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясының мiндеттемелерiн орындау шеңберiнде Қазақстан Республикасы Президентінің "Түркi тiлдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның Ұлы Жiбек жолы бойындағы туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобасын Қазақстан Республикасында iске асыру туралы" 1997 жылғы 30 сәуірдегі № 3476 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859 Жарлығына қол қойылды.
Туристiк инфрақұрылымды дамыту және қазақстандық туристiк өнiмдi әлемдiк рынокқа жылжыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бiрқатар мынадай: "Қазақстанның туристiк беделiн қалыптастыру жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2000 жылғы 26 қазандағы № 1604, "Туризм жөніндегі үйлестiру кеңесiн құру туралы" 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631, "Туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi шаралары туралы" 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1947 қаулылары қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 наурыздағы № 333 қаулысымен Қазақстан Республикасында Туризмдi дамытудың тұжырымдамасы бекітілдi.
Қазақстан Республикасының бiрегей табиғи және мәдени әлеуетiне, жер бедерiнiң және табиғатының әркелкiлiгiне негiзделген, туристердiң кез келген сұранымын қанағаттандыруға қабiлеттi қазiргi заманғы туристiк индустрия неғұрлым серпiндi дамып келе жатқан және салаға салынған капиталдың қайтарымы бойынша тиiмдi әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне туризмнiң икемдi ықпалдасуының табиғи жүйе құраушы факторы болып табылады. Туризммен сабақтас салаларды (көлiктiк-коммуникациялық инфрақұрылым, сервис, құрылыс, сақтандыру және т.б.) дамытуға және инвестициялық белсендiлiктi ынталандыруға негiзделген қазақстандық туристiк өнiмнiң кешендi түрде iске асырылуы халықтың жұмыспен қамтылуының және ел табысының тұрақты өсуiн қамтамасыз етедi.
Әлемдiк туристiк рыноктың дәстүрлi аудандарының рекреациялық сыйымдылысының шегiне жетуiне байланысты және Қазақстанның туристер келетiн аумақтарының тiзiмiн жаңалау мен кеңейту қажеттiлiгi халықаралық туризм жүйесiнде өзiнiң лайықты орнын алуына нақты мүмкiндiк туғызады.
Мемлекетаралық, мемлекеттік және жекеше деңгейлерде туристiк салада даму және жоспарлау саясатын үйлестiруге, Қазақстан Республикасында туризмдi мемлекеттік басқаруды және дамытуды қолдаудың нысандары үйлестiрiлген тетiктiң - Туризмдi дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының базасында қамтамасыз етуге зор рөл берiлген.
3. ТУРИСТIК САЛАНЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ
Ағымдағы сәтте республикада туристiк саланы дамытудың көптеген шешiлмеген проблемалары бар. Саланың қалыптасуына кедергі келтiретiн бiрқатар объективтi факторлар орын алып отыр. Бұл, ең алдымен, туристiк индустрияның өзіндегі де, онымен сабақтас саладағы да әлсiз менеджмент, сондай-ақ туристiк инфрақұрылымдағы қолда бар объектiлердiң негiзгi қорларының тозуы.
Елдiң ұлттық, iшкi және экономикалық қауiпсiздiгiне туризмнiң ықпалы, сондай-ақ шетелдiк туристердiң Қазақстанда болуы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы мәселе күнi бүгiнге дейiн қаралған емес.
Статистика жөніндегі мемлекеттік органдар туризмдi дербес сала ретiнде жеке қарастырған жоқ. Алайда, туристiк көрсеткiштердi есепке алуды жетiлдiру жөніндегі жұмыс Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның ұсынымдарына сәйкес жүргiзiлдi. Осы мақсаттарда статистикалық есеп беру нысандары жыл сайын қайта қаралды және қазiргi уақытта тексерудiң жаңа бланкiлерi енгiзiлуде. Туризм салааралық қызметтiң үлгiсiн бiлдiредi, мұның өзi көмекшi шоттар енгізудi талап етедi.
Туристiк саланы дамытудың аса маңызды мәселелерiнiң бiрi қаржыландыру проблемасы болып табылады, оны шешу үшiн:
мемлекеттік және жеке менеджменттiң тиiстi деңгейiн қалыптастыруды қамтамасыз ету;
билiктiң орталық және аймақтық деңгейлерiнiң iс-қимылын дәл үйлестiрудi қамтамасыз ету;
жеке бастамалардың дамуына жәрдемдесу;
қазақстандық туристiк өнiмдi сыртқы және iшкi рыноктарға жылжытудың тиiмдi жүйесiн әзiрлеу;
инвестициялау мен салық салу мәселелерi бойынша қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдау;
шет ел туристерiнiң Қазақстанға келу рәсiмдерiн оңайлату;
саланың ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру қажет.
Қазақстанда туризмдi дамытудың маңызды қыры - әлеуметтiк туризмдi, соның iшiнде қазақстандықтардың дем алуға құқықтарын iске асырудың негiзi және әлеуметтiк қызметтер рыногын дамытудың басты факторларының бiрi болып табылатын балалар туризмiн дамыту болып табылады.
Туристiк рынок статистикасына талдау көрсеткенiндей, 1996-2000 жылдар кезеңiнде туризмнiң барлық негiзгi көрсеткiштерiнiң (1, 2-қосымшалар) 3 еседен астам төмендегенi байқалды. 1996-2000 жылдар кезеңiнде шет елдiң азаматтары мен Қазақстан Республикасының резиденттерi қатарынан туристердiң шекара арқылы орнын ауыстыруы жөніндегі терiс сальдо қалыптасты, яғни, келушiлерге қарағанда кетушiлер көп болды. Шығу туризмiнiң үлесi - 45,8 пайызды, iшкi туризм - 37,9 пайызды, келу туризмi - 16,3 пайызды құрады.
2000 жылы туристiк ұйымдар қызмет көрсеткен туристердiң жалпы саны 146915 адамды құрады, бұл 1999 жылмен салыстырғанда 36 пайызға кем.
Келу туризмi
Елдер бойынша келу туризмi статистикасына талдау мыналарды көрсеттi, яғни 1996-2000 жылдары ТМД елдерiнен келген туристердiң орташа үлесi жылына 2,5 мың адамға төмендеген.
Қарастырған кезеңдегi келу туризмiнiң құрылымында алыстағы шет елдерден келген туристердiң үлесi зор, 1995-1999 жылдардағы көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда, шамамен 1,5 есе артты.
2000 жылы туристiк ұйымдардың көрсеткен қызметiн пайдаланған, резидент емес келiп-кетушiлердiң арасында ТМД елдерiнен келген туристердiң (23868 адам) үлесi 14 пайызға, алыс шет елдерден келушiлер 86 пайызға жуықтады.
2000 жылы тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасында 80-ге жуық елден туристер болды.
Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Украинадан, Тәжiкстаннан келген резидент емес туристер негiзiнен туристiк ұйымдардың көрсеткен қызметiн пайдаланды. Алыс шет елдердiң iшiнде Германиядан, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Франциядан, Жапониядан, Италиядан, Қытайдан, Түркиядан, Австриядан, Нидерландыдан келетiн резидент емес туристердiң неғұрлым көп ағыны байқалды.
ТМД елдерiнен келген туристердiң болу күндерiнiң орташа саны 4-5 күндi, ал алыс шет елдерден келгендер - 17 күндi құрады.
Туристердiң келу мақсаттары бойынша келу ағынына жасалған талдау, Қазақстанға резидент еместердiң 89,7 пайызы iскерлiк және кәсiби мақсаттармен келгендiгiн көрсеттi.
Статистикалық деректерге сәйкес бiр шетелдiк турист өзiнiң болған уақытында республикаға орта есеппен 700 АҚШ долларын қалдырады.
Сыртқа шығу туризмi
Сондай-ақ, 1996-2000 жылдары туристiк жолдамамен шет елге шыққан резиденттердiң саны тұрақты төмендеген. Шығу туризмiнiң төмендеуi негiзiнен, алыс шет елдерге шығушы туристер санының азаюына байланысты болды.
2000 жылы шет елге шыққан қазақстандық туристердiң үлесi жалпы шет елге шыққан резиденттердiң 5,4 пайызын құрады, соның iшiнде 12 пайызы ТМД елдерiне, 88 пайызы алыс шет елдерге шықты.
2000 жылы Қазақстан Республикасының туристерi небәрi 70-ке жуық шет елде болды. Бұл ретте турист-резиденттердiң негiзгi бөлiгi Қырғызстанға және Ресейге шыққан. Қазақстан тұрғындары арасында алыс шет мемлекеттердiң iшiнен Түркия, Германия, Қытай, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi, Таиланд, Иран неғұрлым танымал.
Қазақстандық туристердiң ТМД елдерiнде болу күндерiнiң орташа саны 6 күндi, алыс шет елдерде - 7 күндi құрады. Бұл ретте шығуының iскерлiк және кәсiби мақсаттары - (73,2 пайыз), бос уақытын өткізу және дем алу - (16,5 пайыз) болып табылды.
Сыртқа шығу туризмiнде шоп-туризм басым.
Ішкi туризм
Туристiк фирмалар 1996-1997 жылдары iшкi туристiк рынокта орта есеппен 12 мың адамға қызмет көрсеттi. Бұл көрсеткiш 1998-1999 жылдары 2 мың адамға дейiн төмендедi.
Iшкi туризм көлемiнiң төмендеу үрдiсi қазiргi уақытта да орын алуда. 1999 жылмен салыстырғанда 2000 жылы туризмнiң осы түрiнiң көлемi 23 пайызға (3-қосымша) төмендедi.
3.1 Туристiк ұйымдардың қызметiнен түсетiн жалпы пайда
Туристiк қызмет көрсетулерден түскен табыс туристiк ұйымдар (отандық және шетелдiк) мен мемлекет (салықтар және алымдар) арасында бөлiнедi. Туристiк қызметпен байланысты қомақты табыс - 77 пайыз сыртқа шығу туризмi қызметiнен түсуде. Қазақстанға келетiн туристердiң (туристердiң жалпы ағынының 16,3 пайызы) аздығына қарамастан, келу туризмi табыс түсiруде зор әлеуетке ие, себебi ол туристiк ұйымдар қызметiнен түскен табыстың 13 пайызын құрайды. Iшкi туризм туристiк ағынның жалпы көлемiнiң 38 пайызын иелене отырып, табыстың тек 10 пайызын (4-қосымша) бередi.
Туристiк ұйымдар салықтар мен алымдар түрiнде түсетiн жалпы табыстың 51 пайызын мемлекеттік бюджетке аударады.
Қазақстан Республикасы қазiргi уақытта мол табысты туризмнiң сыртқа шығу (62 пайыз) бағытында жұмыс iстейтiн туристiк ұйымдардың қызметiнен алады, келу туризмi табыстың 24 пайызын, iшкi туризм табыстың 14 пайызын бередi. Әлемдегi туризм дамуының тәжiрибесi көрсеткендей, барлық мемлекеттер бiрiншi кезекте келу және iшкi туризмдi өз елдерiнде дамытуға мүдделi, өйткенi бірiншi түрi мемлекеттiң қазынасына валюталық түсiмдi қамтамасыз етсе, екiншiсi мемлекет iшіндегі қаражатты жинақтайды және туризмнiң инфрақұрылымын дамытуға ықпал етедi.
3.2. Туристiк ұйымдар
1996-1999 жылдар кезеңiнде туристiк ұйымдардың саны жылына шамамен 40 туристiк фирмаға өстi. Олардың саны 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 265-ке (62 пайызға) өстi.
Статистикалық деректер бойынша 2001 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 690 туристiк ұйым жұмыс iстедi, оның 639-ы (93 пайызы) қызметкерлерiнiң саны 5 адамнан 50 адамға дейiнгi шағын кәсiпорындар болды. Жалпы туристiк қызмет көрсетулер көлемiнiң 72 пайызын туристiк ұйымдар iске асырады. Шағын туристiк ұйымдар республикаға немесе Қазақстандағы туристiк ұйымдардың қызметiнiң бүкiл табысының 79 пайызын, немесе 7,6 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде пайда әкеледi.
50-ден 250 адамға дейiн қызметкерлерi бар орта туристiк фирмалар (43), бүкiл туристiк ұйымдардың 6 пайызын құрайды. Туристiк ағынның 28 пайызы, табыстың 21 пайызы, (2,1 млн. АҚШ долл.) солардың үлесiне келедi. Қазақстанда 8 iрi туристiк ұйым бар. Олардың қызметi негiзiнен туристiк жолдаманың бағасына кiрмейтiн визалық, экскурсиялық және өзге де қызмет көрсетулердi ұсынуға бағдарланған, туристердiң бүкiл ағынының тек 0,4 пайызын ғана қамтиды. Олардың қызметiнен Қазақстан Республикасына түскен табыс 1,72 мың. АҚШ долларын (туристiк ұйымдар қызметiнiң бүкiл табысының 0,02 пайызын) құрайды.
3.3. Облыстар бөлiнiсіндегі туризм дамуының жай-күйi
Республикада 1998-2000 жылдары туристiк ағын көлемiнiң төмендеуiнiң жалпы үрдiсiмен қатар, елiмiздiң аймақтарында да туристiк белсендiлiктiң құлдырауы байқалды (5-қосымша).
2000 жылы туризмнiң дәстүрлi орталығы болып табылмайтын Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында iскерлiк белсендiлiктiң артуынан туристiк қызметтiң (1999 жылмен салыстырғанда) біршама көтерiлуi байқалды. Мұндағы туризмнiң келу, шығу және iшкi бағыттарының дамуына соңғы жылдары бизнес себеп болды.
Сонымен бiр мезгiлде дәстүрлi туристiк аймақтарда: Оңтүстiк Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында туристiк ағын көлемiнiң қысқаруы байқалды.
Келу туризмiнiң неғұрлым зор көлемi Астана, Алматы қалаларына, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау мен Ақтөбе облыстарына бөлiнген. Бұл ретте, осы аймақтарға орташа есеппен 100 адамның 89-ы iскерлiк және кәсiби мақсаттармен келедi.
Қазақстанның барлық облыстарында, iс жүзiнде резидент емес туристердiң болу күндерiнiң саны Алматы қаласы және Атырау облысын қоспағанда - (4-5 күннен) 1 күнге аз.
Алматы, Астана қалалары, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында сыртқа шығу туризмi неғұрлым дамыған. Осы аймақтарға Қазақстан азаматтары iскерлiк және кәсiби мүдделерiмен (100-ден 73 адам), сондай-ақ бос уақытын өткізу және демалу (100-ден 16 адам) үшiн келедi.
Ішкi туризмнiң неғұрлым дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалады.
3.4.Туризмнiң инфрақұрылымы
Туристердi орналастыру объектiлерi
Қазақстан Республикасында туристердi орналастырудың 319 объектi бар: соның iшiнде - 159 қонақ үй, 34 санаторий, 29 демалыс аймағы, 26 демалыс үйi, 17 туристiк база, 12 мейманхана, 11 санаторий-профилакторий, 13 сауықтыру лагерi, 10 аңшы үйi, 8 профилакторий жұмыс iстеуде.
Қонақ үйлердiң көпшiлiгi (149) Астана, Алматы қалаларында, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында орналасқан. Олардың 66 пайызы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, 29 пайызы орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне және тек 5 пайызы (8 қонақ үй) iрi ұйымдарға жатады.
Қонақ үйлердiң жалпы санының 87 пайызы - жеке меншiк, ал 9 пайызы коммуналдық меншiк және 4 пайызы шетелдiк қатысушылармен бірлесiп құрылған ұйымдар.
Қонақ үйлердiң біржолғы сыйымдылығы 2000 жылы 16389 орынды, нөмiрлердiң бүкiл саны 9124 құрады. Қонақ үйлер жүктемесiнiң төмендiгi (2000 жылы барлығы 20 пайыз) және материалдық-техникалық базаның ескiруi көптеген қонақ үйлер қызметiнiң кiрiсiнен шығысының асып кетуiне әкеп соқты. Жалпы 2000 жылы республикада мейманхана кешендерiн пайдалану шығыны 15,6 мың АҚШ долларын құрады.
Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы қонақ үй кешендерi мемлекетке негiзгi табысты түсiрдi. Басқа аймақтардағы қонақ үйлер шығынмен жұмыс iстедi. Астана, Алматы қалаларындағы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарындағы қонақ үйлердiң жұмысында терiс сальдо қалыптасты.
Орналастырудың барлық объектiлерiнiң шығынын айқындайтын шығыстардың негiзгi үлесi қызметкерлерге жалақы төлеу, салықтар мен бюджетке түсетiн басқа да төлемдерден құралды. Күрделi және ағымдағы жөндеуге, жабдықтарды сатып алуға аз шығын жұмсаған жастар жатақханалары мен таудағы турбазалар да бар.
Қонақ үйлердiң неғұрлым кең таралған санаты болып табылатын өз мейрамханасы бар қонақ үйлердiң қызметi республикаға неғұрлым табыс түсiредi.