"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Агрохимия
қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы" мемлекеттік
мекемесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 23 қаңтардағы № 83 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөніндегі Ic-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 тамыздағы № 864 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргiзу жөніндегі топырақ-агрохимиялық зертханалардың қызметiне орталықтандырылған ғылыми-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру және тыңайтқыштар мен агрохимикаттарды ұтымды қолдану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн;
2) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды
4. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы 150".
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |