Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 16 қаңтардағы № 25 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 330 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген 5-бөлімде:
"Түзеу мекемелері" деген жолда "12 382" деген сандар "12 900" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |