Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 15 қаңтардағы № 19 Қаулысы
(2015.13.11. енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:
1) «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы»;
2) ҚР Үкіметінің 2015.13.11. № 911 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
3. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы 482;
Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік көшеттігі 18".
4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | | | И.Тасмағамбетов |