"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының
2003 ж. 8 қаңтардағы № 378-II Заңы
1-бап. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Рсспубликасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж. № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат, 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс".
2-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының