"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен
толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж.
8 қаңтардағы № 379-II Заңы
"Байланыс туралы" 1999 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Реепубликасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 12, 396-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) телефон жалғау қызметіне ақы төлеудін абоненттік белгіленген жүйесі (бұдан әрі - қызметке ақы төлеудің абоненттік жүйесі) байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңіндегі төлемдер сомасы абоненттік желіні, оның түріне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға беру ақысын және бір абонентке шаққанда оның орташа ұзақтығына қарай жергілікті телефон жалғау ақысын қамтитын қызметке ақы төлеу жүйесі;
2) байланыстың ведомстволық желілері - телекоммуникациялардың өндірістік және арнайы мұқтаждарды қамтамасыз ету үшін құрылатын, жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісіне шыға алатын желілері;
3) телекоммуникациялардың өзара үйлестірілген желісі - Қазақстан Республикасының аумағындағы телекоммуникациялардың технологиялық жағынан септестірілген, орталықтандырылған басқарумен қамтамасыз етілген желілерінің кешені;
4) байланыстың бөлектелген желілері - жеке және заңды тұлғалардың пайдаланушылар шеңберін сол желінің иесі белгілейтін, жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісіне шыға алмайтын, телекоммуникациялар желілері;
5) жалпы қолжетімді қызметтер - кез келген пайдаланушыға көрсетілетін, сапасы қанағаттандырарлық бірінші кезекте кажетті байланыс қызметтері;
6) байланыс операторы - байланыс кызметтерін көрсетуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
7) телекоммуникациялар желілерінің күзетілетін аймағы - ондағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса алғанда, байланыс желісін бойлай және байланыс объектілерінің айналасына орналасқан жер учаскесі;
8) телефон жалғау қызметіне уақытына қарай ақы төлеу жүйесі (бұдан әрі қызметке уақытына қарай ақы төлеу жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңіндегі төлемдер сомасы тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік желіні, оның түріне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға бергені үшін төленетін ақыдан және уақытына қарай құрамдас бөліктен тарифтеу бірлігінің іс жүзіндегі ұзақтығына қарай жергілікті телефон жалғау ақысынан тұратын ақы төлеу жүйесі;
9) байланысты пайдаланушы - байланыс қызметін тұтынушы, соның ішінде байланыс операторларымен жасасатын шарттар негізінде тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға (абонент);
10) почта байланысы - почта жөнелтілімдерін қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ ақша аудару;
11) почта жөнелтілімдері - хаттар, почта карточкалары, бандерольдер, пакеттер, посылкалар, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісінше буылып-түйілген баспа басылымдары;
12) трафикті өткізу - байланысты пайдаланушылар (байланыс желілері) арасында жалғауды жолға қою мен ақпарат беру процесін жүзеге асыру;
13) радиожиілік спектрі - радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
14) байланыс - ақпарат пен почта жөнелтілімдерін қабылдау, жинау, сұрыптау, жинақтау, беру, жеткізу және тарату;
15) телекоммуникациялар желісі - хабар берудін бір немесе бірнеше түрін: телефон, телеграф, факсимиле түрлерін, деректер мен құжаттық хабардың басқа да түрлерін беруді, телевизиялық, дыбыстық және радио мен сым-өткізгіш арқылы хабар таратудың өзге де түрлерін қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер;
16) жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісі телекоммуникациялардың өзара үйлестірілген желісінің барлық жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін ашық құрамдас бөлігі;
17) жергілікті телефон жалғау құнын уақытына қарай есептеу жүйесі (бұдан әрі - жергілікті телефон жалғауды уақытына қарай есептеу) жергілікті телефон жалғауды есептеудің жергілікті телекоммуникациялар желісі қызметін пайдаланғаны үшін төлемдер сомасының есебін қамтамасыз ететін технологиялар мен тәсілдер жиынтығы;
18) байланыс құралдары - телекоммуникациялар хабарламаларын не почта жөнелтілімдерін қалыптастыру, сұрыптау, беру немесе қабылдау үшін пайдаланылатын техникалық құралдар;
19) телекоммуникация - көмегімен сым-өткізгіш, оптика, радио және басқа электромагниттік жүйелер бойынша белгілер, сигналдар, мәтіндер, бейнелер, дыбыстар беру немесе қабылдау жүргізілетін құралдар жиынтығы;
20) трафик - телекоммуникациялар желілері арқылы берілетін хабарламалар жиынтығы;
21) байланыс қызметтері - почта жөнелтілімдерін немесе телекоммуникациялар хабарламаларын қабылдау, сұрыптау, сақтау, беру және жеткізу жөніндегі қызмет.";
24-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Байланыс операторының жергілікті телефон жалғауды уақытына қарай есептеуді жүзеге асыруға техникалық мүмкіндіктері болған жағдайда байланысты пайдаланушы - жеке тұлға қызметке абоненттік немесе уақытына қарай ақы төлеу жүйелерінің бірін таңдап алуға құқылы.
Қызметке уақытына қарай ақы төлеу кезінде байланыс операторы пайдаланушының талабы бойынша ақысы төленуге тиісті жергілікті телефон жалғау туралы тегін жазбаша ақпарат беруге міндетті.
Ондай ақпарат берілмеген жағдайда пайдаланушы қызметке ақы төлеуді абоненттік жүйе бойынша жүргізуге құқылы.
Байланысты пайдаланушы заңды тұлға төлемді жергілікті телефон жалғаудын уақытына қарай акы төлеу жүйесі бойынша жүзеге асырады.".
Қазақстан Республикасының