Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 және
2002 жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 23 желтоқсандағы № 1344 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.11.03 ж. № 1191 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 243-құжат):
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген сыйлықтарды тағайындау:
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына - екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарда көрсетілген сыйлықтар;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне - алтыншы, жетінші, тоғызыншы абзацтарда көрсетілген сыйлықтар жүктелсін.";
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысында:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін аса көрнекті ғалымдардың атындағы сыйлықтарды тағайындау;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күші енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |