Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305
қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1182 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1270 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 45, 405-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ережеде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Білім беру ұйымдарының білім берудiң тиiстi деңгейiнiң жалпыға мiндеттi мемлекеттік стандарттарын орындауын және білім беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптарын сақтауын бақылау мақсатында аттестаттау мамандықтар бөлiнiсiнде жүзеге асырылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аттестаттау өткiзудiң тәртібі туралы нұсқаулықтарды, аттестаттаудың бағдарламалары мен көрсеткіштерiн, сондай-ақ білiм беру ұйымдарын аттестаттау кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесiн қарауында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдардың қатысуымен өзiнiң құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы әзiрлейдi және бекiтедi.";
15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Аттестациялық комиссиялардың шешiмдерi олар шығарылғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей білiм беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен бекітілуге тиiс.
Аттестациялық комиссия мынадай дәлелді шешiмдер қабылдауға құқылы:
1) аттестатталсын;
2) аттестатталмасын.
Білім беру ұйымын "аттестаттау" туралы шешiм, егер:
1) білім беру қызметi білім берудiң тиiстi деңгейiнiң жалпыға мiндеттi мемлекеттік стандарттарының талаптарына және білiм беру қызметін лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптарына толық сәйкес болса;
2) кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша оқитындар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы нормативті белгiлеген шектi деңгейден жоғары баға алса, қабылданады.
"Аттестатталмасын" деген шешiм білім беру ұйымы аттестаттаудың көрсетiлген шарттарының ең болмағанда бiреуiн орындамаған жағдайда қабылданады.
Аттестациялық комиссиялардың шешiмдерi білім беру саласындағы мемлекеттік органдардың қайта қарауына жатпайды.
16. Тиiстi білім беру деңгейiнiң жалпы мiндетті мемлекеттік стандарттарының орындалмағаны және білім беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияда қамтылған талаптарды орындамағанын куәландыратын, кәсіптік орта, кәсiптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптік білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарының аттестатталмау фактiсi білім беру ұйымының аттестатталмаған мамандықтары бойынша лицензиясын қайтарып алу және қайтарып алынған лицензиялардың лицензиарға қайтарылған сәтіне дейiн білім беру ұйымы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру үшiн негiз болады.".
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И. Тасмағамбетов |