Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 және 2002
жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 7 қарашадағы № 1178 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.11.03 ж. № 1191 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген 1-бөлiмiнде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген жолдың 3-бағанындағы "53" деген сан "55" деген санмен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 150-құжат):
2-тармақтың 3) тармақшасында "5" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесiнiң, жарғысында:
20-тармақта "үш вице-президентi болады." деген сөздер "төрт вице-президентi болады." деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |