Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2001 жылғы 2 шілдедегi
№ 51 өкіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2002 жылғы 1 қарашадағы № 171-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2001 жылғы 2 шілдедегi № 51 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген өкiммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының ?кіметі кесiмдерiнің тiзбесiнде:
"Үкiмет кесiмiмен реттелуге тиiстi қатынастар" деген бағанның реттiк нөмiрi 8-жолдың бiрiншi абзацы және реттiк нөмiрi 17-жолдың сегiзiншi абзацы алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |