Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының шектi штат санының
кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 5 тамыздағы № 867 қаулысы
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1443 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 5546-әскери бөлiм мемлекеттік мекемесiнiң штат саны 179 бiрлiкке ұлғайтылсын.
2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының шектi штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомствоға қарасты ұйымдар" деген жолда "28839" деген сан "29018" деген санмен ауыстырылсын;
"Iшкi әскерлер құрамалары мен бөлiмдерi" деген жолда "21048" деген сан "21227" деген санмен ауыстырылсын;
"оның iшiнде мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер" деген жолда "15190" деген жол "15296" деген санмен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолда "84647" деген сан "84826" деген санмен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |