Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жекелеген мемлекеттік
мекемелерiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 22
шілдедегі № 812 қаулысы (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1443 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мына мемлекеттік мекемелері құрылсын:
1) "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы";
2) "Автокөлiк қызметiн көрсету мeкeмеci".
2. Құрылатын мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Iшкi icтеp министрлігіне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекемелердiң Ережелерiн бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1443 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды
4. "Қазақстан Республикасы iшкi icтep органдарының шектi штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Орталық органның аппараты" деген жолдағы "1757" деген сан "1459" деген санмен ауыстырылсын;
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы ұйымдар" деген жолдағы "28541" деген сан "28839" деген санмен ауыстырылсын;
"Северная" әскери және арнайы жабдықтау базасы" - "23" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы" - "139";
"Автокөлiк қызметiн көрсету мекемесi" - "159".
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |