- осы Келісімнiң 5-бабында (2) көзделген консультациялардың қанағаттанарлық нәтижесiне қол жеткiзiлуiн күтуде, егер, бұл туралы Қоғамдастық өтiнетiн болса, Қазақстан дәстүрлi саудада күтпеген және нұқсан келтiретiн өзгерістер нәтижесiнде туындаған проблемалар мейлiнше тереңдете түсетiн экспортқа лицензиялар берудi тоқтату жолымен ынтымақтасатындығымен; және
- Қазақстан, олардың жеткiзiп берiп тұрудағы дәстүрлi қажеттерi, аймақтық концентрацияны болдырмау үшiн де Қоғамдастықтағы шағын аймақтық рыноктардың құбылмалы райын назарға алатындығымен келiседi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшiн Еуропа Қоғамдастығы Комиссиясы үшiн
А ХАТТАМАСЫ
І ТАРАУ
ЖІKТЕУ
1-бап
1. Қауымдастықтың құзыретті органдары осы Келісіммен қамтылған бұйымдарға қатысты Қауымдастықтың оларды күшiне енгiзген күнге дейiн Құрастырылған Номенклатурадағы кез-келген өзгерістер туралы Қазақстанды хабардар етуге мiндеттенедi.
2. Қауымдастықтың құзыреттi органдары осы Келісіммен қамтылған бұйымдарды жiктеуге қатысты кез-келген шешiмдерi туралы олардың қабылдану күнiнен бiр ай iшiнде Қазақстанның құзыреттi органдарын хабардар етуге мiндеттенедi.
Мұндай сипаттау:
а) осындай бұйымдардың сипатынан;
б) ҚН-ының тиiстi кодтарынан;
с) осындай шешiмдi туындатқан себептерден тұрады.
3. Жiктеу туралы шешiм Келісіммен қамтылған кез-келген бұйымның жiктеу практикасын өзгертуге әкеп соқтырса, Қауымдастықтың құзыреттi органдары Келісім хабарлаған күннен бастап шешiм күшiне енген күнге дейiн 30 күн бұрын хабарлама ұсынады. Шешiм күшiне енген күнге дейiн жiберiлген бұйымдар сұрақ астындағы тауарларды Қауымдастыққа импорттау үшiн осы күннен бастан 60 күн iшiнде ұсыну шартымен жiктеудiң бастапқы iс-тәжiрибесiне жатуды жалғастырады.
4. Қауымдастықтың Келісіммен шешiлген кез-келген бұйымды жiктеу iс-тәжiрибесiн өзгертудi туындатқан шешiмi сандық шектеулерге түсетiн санатқа қатысты болса, тараптар Келісімнiң 7-бабындағы (1) мiндеттемелердi орындау мақсатымен, Келісімнiң 9-бабында (3) жазылған тәртiпке сәйкес консультациялар өткiзуге келiседi.
5. Қазақстанның және Қауымдастықтың құзыреттi органдарының Келісімiмен қамтылған Қоғамдастыққа кiргiзу кезiнде бұйымдарды жiктеу мәселелерi бойынша пiкiрлерiнде енгiзген уақытта алшақтық болса, жiктеу осындай бұйымдарды соңғы жiктеу туралы келісімге қол жеткiзу мақсатымен 9-бапқа сәйкес консультациялар өткiзгенге дейiн Қауымдастық ұсынған индикаторларға негiзделуге тиiс.
II ТАРАУ
ТЕГI
2-бап
1. Қазақстанда өндiрiлген бұйымдар Қауымдастыққа экспорттау туралы Қауымдастықтың қолданылып жүрген ережелерiне сәйкес, Келісіммен көзделген уағдаластықтарға сәйкес осы Хаттамаға қоса берілген нысанның шығу қазақстандық шығу сертификаты болады.
2. Шығу сертификатын қазақстанның заңдары бойынша мұндай бұйымдар Қазақстанда шығарылған деп саналуы мүмкiн екенiн осы мақсаттарға уәкiлеттендiрiлген қазақстандық ұйымдар растайды.
3-бап
Шығу сертификаты экспорттаушы жазбаша түрде орындаған өтiнiш бойынша ғана немесе экспорттаушының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң жауапкершiлiгiмен шығарылады. Қазақстанның заңдары бойынша осы мақсаттар үшiн уәкiлеттендiрiлген қазақстандық ұйымдар сертификаттың тиiстi түрде рәсiмделуiн қамтамасыз етедi және осы мақсат үшiн кез-келген құжаттамалық дәлелдi талап етедi немесе өздерi қажет деп санаған кез-келген тексерудi жүзеге асырады.
4-бап
Бұйымдардың импорты кезiнде тиiстi нәрселердi орындау үшiн шығу сертификатында жасалған өтiнiштер мен кеден органдарына табыс етiлген құжаттардағы шамалы айырмашылықтарды айқындау сертификаттағы өтiнiштер осыған байланысты күмән туғызбауы тиiс.
III ТАРАУ
САНДЫҚ ШЕКТЕУЛЕРГЕ ЖАТАТЫН БҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН
ЕКI ҰДАЙ БАҚЫЛАУ ЖYЙЕСI
I Бөлiм
Экспорттау
5-бап
Қазақстанның тиiстi мемлекеттік органдары осы Келісімнiң 2-шi қосымшасында көрсетiлген сандық шектеулердiң шеңберiнде Келісіммен қамтылған болаттан жасалған барлық бұйымдар партиясын экспорттауға арналған лицензия бередi.
6-бап
1. Экспортқа арналған лицензия осы хаттамаға тiркелген нысанға сәйкес келуге және Қауымдастықтың кеден одағына экспорттау үшiн жарамды болуға тиiс.
2. Экспортқа арналған әр лицензия осындай бұйымдардың саны осы Келісімге 2-қосымшада осындай бұйым үшiн белгiленген тиiстi сандық шектеулердiң есебi есепке жатқызғанын растауға тиiс.
7-бап
Қауымдастықтың құзыреттi органдары экспортқа арналған бұрын берiлген лицензияның жойылғаны немесе өзгергенi туралы дереу хабардар етiлуге тиiс.
8-бап
1. Экспорт 1 жылға белгiленген сандық шектеулердiң есебiне жатқызылады, онда егер экспортқа лицензия осындай жөнелтуден кейiн берiлсе де, бұйымды жөнелту жүзеге асырылды.
2. Осы баптың бiрiншi тармақшасын қолдану мақсаты үшiн тауарды жөнелту оны экспорттық көлiкке тиелген сәттен бастап жүзеге асырылды деп есептеледi.
9-бап
11-шi бапты қолдану үшiн экспортқа лицензия лицензияда көрсетiлген тауарлар жөнелтiлген келесi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей берiледi.
ІІ Бөлiм
Импорттау
10-бап
1. Қазақстаннан шыққан болаттан жасалған бұйымдар шешiмге сәйкес (Ресми журнал + см. pyc.) берiлген импортқа арналған қолданыстағы лицензияға сәйкес, осы келісім күшiне енген күнге дейiн Қоғамдастыққа жөнелтiлген 2002 жылғы 1 қаңтардан 2002 жылдың 31 желтоқсанға дейiн қолданылу шеңберiнде жiберiледi.
2. Қоғамдастық елдерiнде сандық шектеулерге ұшыраған болаттан жасалған бұйымдарға еркiн айналымда рұқсат ету импортқа санкция берілу жағдайында жүргiзiлетiн болады.
11-бап
1. Қауымдастықтың құзыреттi органдары 8-бапта көрсетiлген импортқа импорттаушы экспортқа лицензияның сәйкес түп нұсқасын берген күннен бастан 10 күн iшiнде бepeдi. Құзыреттi органдардың тiзiмi осы Қосымшадағы Хаттамада көрсетiлген.
2. Импортқа рұқсат Қауымдастықтың кеден аумағына импорт үшiн оны берген күннен бастап 4 ай бойы күшiнде болады.
3. Қауымдастықтың құзыреттi органдары импортқа берiлген рұқсатты экспортқа сәйкес лицензияны жойған кезден бастап қайтып алады. Алайда егер Қауымдастықтың құзыреттi органдары экспортқа лицензияның жойылғандығы немесе қолданудан алып тастауы туралы бұйымның Қауымдастықта еркiн айналымнан кейiн ғана хабарласа сәйкес сандар бұйымға қатысты белгiленген шектеулер есебiнде жазылады.
12-бап
Егер Қауымдастықтың құзыреттi органдары Қазақстанның құзыреттi органдары экспортқа берген лицензияда көрсетiлген жалпы санның 2-Қосымшада көрсетiлген бұйымдар үшiн белгiленген сандық шектеуден асып кеткендiгiн айқындаса, Қауымдастықтың құзыреттi органдары сандық шектеулерге жататын мұндай бұйымдарға қатысты импортқа одан әрi рұқсат берудi тоқтата тұрады. Мұндай жағдайда Қауымдастықтың құзыреттi органдары Қазақстанның органдарына бiрден хабарлайды және Келісімнiң 9-бабына (2) сәйкес кешiктiрмей консультациялар өткiзедi.
ІV ТАРАУ
ЭКСПОРТҚА ЛИЦЕНЗИЯЛАР МЕН ШЫҒУ ТЕГI
СЕРТИФИКАТТАРЫНЫҢ НЫСАНЫ ЖӘНЕ БЕРIЛУI ЖӘНЕ
ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЭКСПОРТТЫҢ ЖАЛПЫ
ЕРЕЖЕЛЕРI
13-бап
1. Экспортқа лицензиялар мен шығу тегi сертификаттары ағылшын тілінде жасалады. Бұл қосымша көшiрмесiнде түзетіліп берiлуi мүмкiн. Егер олар қолдан жасалса, мәлiметтер сиямен және баспа әрiптерiмен жазылады.
Құжаттың көлемi 210х297 мм болу керек. Пайдаланған қағаз ақ түстi, бүлiнбеген және 25 г/кв.м. кем тартпауы керек. Егер құжаттар бiрнеше данадан болса, түп нұсқа болып саналатын тек бiрiншi дана, арнайы бланкіде басылу керек. Олардың түп нұсқасында анық "түп нұсқа", ал көшiрмелерiнде "көшiрме" деген жазуы болуы керек. Келісімнiң ережелерiне сәйкес экспорттың мақсаттары үшiн жарамдысы ретiнде Қауымдастықтың құзыреттi органдары тек түп нұсқаны ғана алады.
2. Әрбiр құжаттың басылғанына немесе басылмағанына қарамастан анық стандартты сериялық нөмiрi болу керек, және осы нөмiрге қарап танылады.
Бұл нөмiрлер өздерiне мына элементтердi қосады:
- экспорттаушы елдi бейнелейтiн яғни KZ = Қазақстан деген екi әрiп;
- кедендiк тазалау жөніндегі Мемлекет - Қауымдастық мүшесіне сәйкестiгiн білдiретiн екі әрiп, яғни:
ВE = Бельгия
DК = Дания
DE = Германия
ЕL = Греция
ES = Испания
ҒR = Франция
IЕ = Ирландия
IT = Италия
LU = Люксембург
NL = Нидерланды
АТ = Австрия
PT = Португалия
FI = Финляндия
SE = Швеция
GB = Великобритания;
- жылдың соңғы санына сәйкес келетiн, жылды анықтаушы бiр топты сан, мысалы 2002 жыл үшiн "2";
- экспорттайтын елдiң белгi берушi органын анықтаушы 01-ден 99 дейiнгi екi таңбалы нөмiр;
- кедендiк тазалау жөніндегі Мемлекетке - Қауымдастық Мүшесiне берiлген бiрте-бiрте өсетiн 00001-ден 99999 бес таңбалы нөмiр.
14-бап
Экспортқа лицензия мен шығу тегi сертификаты оларға тиiстi тауарлар жiберiлгеннен кейiн берiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда оларда "өткенге қатысты берiлдi" ("issued retrospectively") деген жазу болу керек.
15-бап
1. Экспортқа лицензия немесе шығу тегi сертификаты ұрланған, жоғалған немесе жойылған жағдайда экспорттаушы лицензия беруге өкiлеттендiрiлген Қазақстанның мемлекеттік органдарына немесе Қазақстанның заңдарына сәйкес шығу тегi сертификатын беруге өкiлеттендiрiлген Қазақстан ұйымдарына сәйкесiнше экспорттаушыда бар экспортқа арналған құжаттар негізінде екінші нұсқаны беру үшін өтінiш жасай алады. Осындай жолмен берiлген сертификаттың немесе лицензияның екiншi нұсқасында "екiншi нұсқа" ("duplicale") деген жазуы болу керек.
2. Екiншi нұсқада экспортқа алғашқы лицензияның немесе шығу тегi алғашқы сертификатының берiлген күнi көрсетілуi керек.
V ТАРАУ
ӘКIМШIЛIК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
16-бап
2-Жақ осы Хаттаманың ережелерiн орындаған кезде тығыз ынтымақтастықта болады. Осы мақсатпен Екi Жақ техникалық мәселелер жөніндегі ынтымақтастықты қоса алғанда байланыстарға және пiкiр алмасуларға көмектеседi.
17-бап
Осы Хаттаманы дұрыс қолдану үшiн 2-Жақ осы Хаттама, немесе оған сәйкес жасалған кез келген мәлiмдемелер бойынша берiлген экспортқа арналған лицензиялар мен шығу тегi сертификаттардың шынайылығы мен ұқыптылығын тексеру кезiнде өзара көмек көрсетедi.
18-бап
Қазақстан экспортқа арналған лицензиялар мен шығу тегi сертификаттарын беруге және тексеруге құзыреттi Қазақстан органдарының аттары мен мекен-жайларын олар пайдаланатын мөрлер және қол қою үлгiлерiмен қоса, Еуропалық Қауымдастық Комиссиясына жолдайды. Қазақстан, сондай-ақ осындай өзгерген ақпараттың қандайы болмасын Комиссияға хабарлайды.
19-бап
1. Шығу тегi сертификаттарын немесе экспортқа арналған лицензияларды келесi тексеру кез келген уақытта, немесе Қауымдастықтың құзыреттi органдары сертификаттың немесе лицензияның немесе күмәндi тауарлардың шығу тегiне қатысты ақпараттың дәлдiгiне негiзделген күмәнi бар уақытта жүзеге асырылады.
2. Мұндай жағдайларда Қауымдастықтың құзыреттi органдары егер қабылдайтындай болса, осындай тексерудi ақтайтын себептердi көрсете отырып, шығу тегi сертификатын немесе экспортқа арналған лицензияны немесе оның көшiрмесiн Қазақстанның сәйкес органдарына қайтарады. Есеп-фактура жiберiлген жағдайда, осындай есеп-фактура немесе оның көшiрмесi сертификатқа немесе лицензияға немесе оның көшiрмесiне қоса жiберiледi. Құзыреттi органдар сол сияқты жоғарыда аталған сертификаттағы немесе лицензиядағы мәлiметтердiң анық еместiгiн дәлелдейтiн кез келген алынған ақпаратты беруге тиiс.
3. Осы Баптың 1-тармағының Ережесi сол сияқты осы Хаттаманың 2-бабында көзделген шығу тегi сертификаттарын келесi тексерулерге қолданылады.
4. 1-шi және 2-шi одан жоғары тармақтарға сәйкес жүргiзiлген келесi тексерулердiң нәтижелерiн Қауымдастықтың құзыреттi органдары тексеруден соң үш айдан кешiктiрмей жiбередi. Мұндай ақпаратта күмәндi сертификат, лицензия немесе мәлiмдеме шын мәнiнде экспортталған тауарға қатыста қолданылды ма, немесе Келісімде белгiленген уағдаластыққа орай сондай тауарлар экспортқа жiберiлдi ме солар көрсетiлулерi тиiс. Ақпаратта сол сияқты Қауымдастықтың талабы бойынша шындықты, атап айтқанда, тауардың анық шығу тегiн толық aшy үшiн қажеттi бap құжаттардың көшiрмелерi болуға тиіс.
Егер осындай тексерулер шығу тегi сертификаттарын қолдануда ұдайы ереже бұзылуын ашатын болса, Қауымдастық күмәндi бұйымдар импортын осы Хаттаманың 2-бабының (1) ережесiне жатқыза алады.
5. Шығу тегi сертификаттарын келесi тексеру мақсатында сертификаттардың, экспортқа қатысты кез келген құжаттардың көшiрмелерi осы Келісімнiң бiткен күнiнен бастап бiр жылдан кем емес уақытта Қазақстанның сәйкес құзыреттi органдарында сақталады.
6. Осы бапта көзделген кез келген уақытта тексеру тәртібі тауарлардың еркiн айналысына бөгет етпеуi тиiс.
20-бап
1. 19-бапта көрсетiлген тексеру рәсiмi, немесе Қазақстанның немесе Қауымдастықтың құзыреттi органдарында бар ақпарат Келісімнiң ережелерiн бұзатындығын көрсететiн болса немесе көрсетсе, екі Жақ мұндай ереже бұзылудың алдын алу үшiн тығыз ынтымақтастықта болады.
2. Осы мақсатпен Қазақстанның сәйкес органдары өз бастамасы бойынша немесе Қауымдастықтың талап етуi бойынша ереже заң бұзуы болып табылатын операцияларға қатыста немесе Қауымдастықтың пiкiрiнше осы Хаттама бұзылды дегенде сәйкесiнше тергеулердi жүргiзедi немесе ұйымдастырады. Қазақстан Қоғамдастық тексеру нәтижелерiн, ереже сақтамау және бұзушылықты, тауардың шығу тегiнiң себебiн анықтайтын кез-келген лайықты ақпарат жiбередi.
3. 2-Жақтың келісімi бойынша Қауымдастық тағайындаған лауазымды тұлғалар осы Баптың 2-тармағында ескерiлген тергеулер кезiнде қатыса алады.
4. Осы Баптың 1-тармағында ескерілген ынтымақтастыққа сәйкес Қазақстан мен Қауымдастықтың құзыреттi органдары Келісім ережелерiн сақтамау және ереже бұзушылықты болдырмау үшiн Жақтардың қайсысы болсын қажет деп санайтын кез келген ақпараттармен алмасады. Мұндай алмасу, атап айтқанда, егер күмәнді тауарлар олар Қауымдастыққа импортталғанға дейiн Қазақстанның аумағы арқылы тасылуы мүмкiн деп санауға Қауымдастықтың негiзделген себептерi болса, Қазақстан мен үшiншi елдер арасындағы осы Келісімде ескерiлген бұйым түрлерiмен сауда туралы ақпаратты қоса алады. Бұл ақпарат Қауымдастықтың талап етуi бойынша қолда бар болса, барлық сәйкес құжаттардың көшiрмелерiн қоса алады.
5. Егер жеткiлiктi айғақтар осы Хаттаманың ережелерiнiң сақталмаған немесе бұзылғандығын куәлендiретiн болса, Қазақстанның немесе Қауымдастықтың құзыреттi органдары мұндай ереже сақталмағанын немесе бұзушылықтың алдын алу үшiн кез келген қажеттi шараларды қолдануға келiсе алады.
Экспортқа лицензия
Сертификат тегі
Ұлттық құзыретті органдардың тізімі
(1) Ресми журнал, L 196, 28.07.1999, 3-шi бет
(2) Ресми журнал, L345, 29.12.2001, 78-ші бет