Инновациялық қызмет туралы
2002 ж. 3 шілдедегі № 333-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
2006 жылғы 23 наурыздағы № 135 -III ҚР Заңымен күші жойылды
Осы Заң инновациялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейдi, мемлекеттік инновациялық саясатты iске асырудың негiз болатын принциптерiн, бағыттары мен нысандарын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік инновациялық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың инновациялық қызметтi дамыту мен ынталандыруға бағытталған құрамдас бөлiгi;
2) инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми білімдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгізуге бағытталған қызмет;
3) инновация - инновациялық қызметтiң жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процесс түрiнде iске асырылған нәтижесi, сондай-ақ қоғамдық қатынастың әртүрлi саласында өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына прогрессивтi ықпал ететiн ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешiмдер;
4) инновациялық бағдарлама - бiрыңғай мақсатпен, мiндеттермен, объектiмен немесе аумақпен бiрiктiрілген, ресурстары, орындаушылары мен iске асыру мерзiмдерi бойынша келісілген инновациялық жобалар мен iс-шаралар кешенi;
5) инновациялық жоба - инновацияға қол жеткізуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжiрибе-конструкторлық, маркетингтiк зерттеулер мен жұмыстар кешенiн жүргiзу жоспарынан, сондай-ақ техникалық-экономикалық көрсеткiштерден тұратын құжат;
6) инновациялық инфрақұрылым - инновациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн ұйымдар жиынтығы;
7) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлеттiк шегiнде инновациялық қызмет саласындағы басшылық пен мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) технологиялық инкубатор - инновациялық қызмет субъектiлерiне ғылыми, өндiрiстiк, кадр жөнiнде, заңдық, маркетингтiк, лизингтік және өзге де қызмет көрсетулердi қамтамасыз ететiн заңды тұлға;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) инновациялық қор - инновациялық қызметтi дамытуға инновациялық жобалар мен инфрақұрылымды қаржыландыру арқылы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәрдемдесетiн заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет туралу заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік инновациялық саясаттың мақсаты мен негізгi мiндеттерi
1. Мемлекеттік инновациялық саясаттың мақсаты өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларында бәсекелестiкке қабiлеттi, жоғары технологиялық өнiмдердiң (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) басымдығын қамтамасыз ететiн теңдестiрiлген өндiрiстiк инфрақұрылым болып табылады.
2. Мемлекеттік инновациялық саясат:
1) инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындау және негiзiнен ғылым мен техника жетiстiктерiне сүйенiп әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау;
2) инновациялық қызметтi дамыту мен инновациялық қызмет субъектiлерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру;
3) инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттік қолдау және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
4) экономиканың жаңа жоғары технологиялық секторын қалыптастыру, экспортқа бағдарланған өндipicтi жаңғырту және құру;
5) инновациялық қызметке шағын және орта бизнес субъектiлерiн тарту;
6) ғылымның, білімнiң, өндiрiстiң және қаржы-кредит саласының өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету;
7) инновациялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ұлттық мүдделердi және интеллектуалдық меншiктi қорғау мiндеттерiн шешуге бағытталған.
4-бап. Мемлекеттік инновациялық саясаттың принциптерi
1. Мемлекеттік инновациялық саясат отандық өнiмнiң бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн арттыру, елдiң экономикалық дамуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру үшiн инновациялық қызметтiң басымдығын тануды негiзге ала отырып қалыптастырылады және iске асырылады.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының дамудың инновациялық жолына ұстанған стратегиялық бағдары;
2) мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыруға бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мемлекеттік қолдау;
3) инновациялық қызмет үшiн біліктiлiгi жоғары кадрлар даярлау;
4) қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, инновациялық қажеттiлiктер мен ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет нәтижелерi туралы ақпаратты алу және тарату еркiндiгi мемлекеттік инновациялық саясаттың принциптерi болып табылады.
5-бап. Инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдаудың нысандары
Инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай негiзгi нысандарда:
1) инновациялық даму басымдықтарын айқындау және инновациялық бағдарламаларды әзiрлеу;
2) мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыру үшiн инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн қажеттi ұйымдық және экономикалық жағдайлар жасау;
3) инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) бәсекелестiкке қабiлеттi өндiрiстердi құруға мемлекеттiң қатысуы;
6) мемлекеттік тапсырыс бойынша құрылған, инновацияларды өткізудiң кепiлдi рыноктарын қамтамасыз ету;
7) отандық инновацияларды сыртқы рыноктарға шығару нысандарында жүзеге асырылады.
6-бап. Инновациялық қызметтiң мазмұны
Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi:
1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми білімдердi енгізу;
2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;
3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізу рыногын ұйымдастыру;
4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;
5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткізу;
6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;
7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;
9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады.
7-бап. Инновациялық қызметтің субъектілері мен объектілері
Мыналар:
1) инновацияны жасаушы және iске асырушы жеке және заңды тұлғалар;
2) негізгі қызметі инновацияларды жасауға және оларды өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына беруге бағытталған инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерi (технополистер, технологиялық, өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк парктер (технопарктер), технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, инновациялық орталықтар және инновациялық қызмет инфрақұрылымының өзге де ұйымдары);
3) инновациялық қызметтi реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар;
4) инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер инновациялық қызмет субъектiлерi болып табылады.
2. Мыналар:
1) инновациялық жобалар мен бағдарламалар;
2) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
3) технологиялар, жабдықтар мен процестер;
4) өндiрiс пен кәсiпкерлiк инфрақұрылымы;
5) өндiрiстiк, басқарушылық, коммерциялық немесе өзге процестiң сапасы мен тиiмділігiн едәуiр жақсартатын өзге де жаңа ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық шешiмдер инновациялық қызмет объектілерi болып табылады.
3. Инновациялық қызмет субъектілерi инновациялық жобалар мен бағдарламалардың тапсырыс берушiлерiнiң және (немесе) орындаушыларының, инвесторлардың, инновацияларды тұтынушылардың, сондай-ақ инновациялық процеске қызмет көрсететiн және инновацияларды игеру мен таратуға жәрдемдесетiн ұйымдардың функцияларын орындай алады.
8-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыру жөнiнде құзыретi
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік инновациялық саясатты айқындайды және iске асырады;
2) мемлекеттік инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi;
3) салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды бекiтедi;
4) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық мәнi бар инновацияларды және мамандандырылған инновациялық қызмет субъектiлерiн құруға қатысады;
5) инновациялық қызметтi реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның мiндеттерiн, функциялары мен өкiлеттiгiн айқындайды;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) үлгілiк құжаттардың нысандарын, мемлекеттік сараптама ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін, инновациялық жобаларды конкурс арқылы iрiктеу мен қаржыландыру ережесін бекiтедi;
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Уәкiлеттi орган:
1) елдiң инновациялық даму болжамын әзiрлейдi;
2) мемлекеттік органдардың инновациялық қызметтi дамыту жөнiндегі қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
3) салааралық инновациялық бағдарламалар, Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық мәнi бар инновациялар мен мамандандырылған инновациялық қызмет субъектiлерiн құру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуіне ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, инновациялық қызметтi қаржыландыру мен ынталандыру, инновациялар жасауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлейдi;
5) үлгілік құжаттардың нысандарын, мемлекеттік сараптама ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, инновациялық жобаларды конкурс арқылы iрiктеу мен қаржыландыру ережесін әзiрлейдi;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Өзге орталық атқарушы органдар:
1) өздерiнiң өкiлеттiктерi шегiнде мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) салалық инновациялық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады және оларға құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де қолдау көрсетудi қамтамасыз етедi;
3) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Жергiлiктi атқарушы органдар:
1) өздерiнiң өкiлеттiктерi шегiнде аймақтық инновациялық бағдарламаларды әзiрлеп, iске асырады және оларға құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де қолдау көрсетудi қамтамасыз етедi;
2) инновацияларды және инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысады;
3) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9-бап. Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру
1. Мемлекеттік инновациялық бағдарлама елдiң әлеуметтiк-экономикалық, инновациялық және ғылыми-технологиялық дамуының басымдықтары ескерiле отырып, тиiстi кезеңге арналған инновациялық даму болжамы негiзiнде қалыптастырылады және:
1) елдiң экономикасы үшiн стратегиялық мәнi бар инновацияларды жасау кезеңiнде инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдауды;
2) инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуын;
3) инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың деректер банкi мен бiрыңғай ақпараттық желісін ұйымдастыруды;
4) инновациялық қызмет субъектiлерiн ынталандыру жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi көздеуге тиiс.
2. Аймақтық инновациялық бағдарламалар аймақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары негiзiнде қалыптастырылады және кадрлар даярлауды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылым мен инновациялық әлеуеттi дамытудың негiзгi басымдықтарын, инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн ынталандыру нысандары мен әдiстерiн айқындайды.
3. Салалық инновациялық бағдарламалар мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық, инновациялық, өнеркәсiптiк, аграрлық және ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтарын негiзге ала отырып қалыптастырылады және экономика салаларының дамуын теңдестiруге, бәсекелестiкке қабiлеттi өндiрiстер құруға бағытталуға тиiс.
4. Инновациялық бағдарламалар инновациялық жобаларды және инновациялық инфрақұрылымды дамыту жобаларын конкурстық iрiктеу негiзiнде қалыптастырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру кезiнде инновациялық қызмет субъектiлерiнің инновациялар жасауына конкурстық негiзде тапсырыс орналастыру көзделедi.
6. Инновациялық бағдарламаларды ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, өндiрiстiк, ақпараттық және инновациялық жобаларды iске асыруға қажеттi басқа да қызмет түрлерi арқылы өзара байланысты инновациялық қызмет субъектiлерi iске асырады.
10-бап. Инновациялық қызметтi қаржыландыру көздерi
Инновациялық қызметтi қаржыландыру:
1) инновациялық қызмет субъектiлерiнiң өз қаражаты;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) бюджет қаражаты;
3) инновациялық қорлардың қаражаты;
4) мемлекеттік нақтылы гранттар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
11-бап. Инновацияны жасауға арналған мемлекеттік тапсырыс
Инновацияларды жасауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыру мемлекеттік инновациялық саясаттың басымдықтарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес бекітілген бағдарламалар шеңберiнде жүзеге асырылады.
12-бап. Инновациялық қызмет субъектілерiнің халықаралық ынтымақтастығы
1. Инновациялық қызмет субъектiлерiнің халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Инновациялық қызмет субъектiлерi инновациялық қызметпен айналысатын халықаралық ұйымдарға өз бетiнше кiруге, халықаралық инновациялық бағдарламалар мен жобаларға қатысуға, шарттар және өзге де келісімдер жасасуға құқылы.
Қазақстан Республикасының