Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18
маусымдағы № 667 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген реттік нөмірі 6-жолдағы "251" деген сан "252" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген реттік нөмірі 7-жолдағы "258" деген сан "268" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген реттік нөмірі 9-жолдағы "140" деген сан "150" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі" деген реттік нөмірі 14-жолдағы "185" деген сан "186" деген санмен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі" деген реттік нөмірі 16-жолдағы "31" деген сан "35" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 15 шілдеден бастап күшіне енетін 1-тармақтың жетінші абзацын қоспағанда, 2002 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |