Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1765
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 10 маусымдағы № 619 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Еуропалық Бiрлестiк арасында Көмiр және Болат бойынша болаттың белгiлi бiр бұйымдарымен сауда жөніндегі келісімнiң жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1765 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевқа Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атынан келiссөздер жүргiзуге және Келісім жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.";
2) қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа көмір және болат бірлестігі арасындағы болаттың белгілі бір бұйымдарымен сауда туралы келісімнің жобасында:
12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Келісім оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Ол, егер осы баптың 3-тармағының ережесіне сәйкес бұзылмаса, 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылуы тиіс.".
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Еуропалық Комиссияны хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | И. Тасмағамбетов |