Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар
конкурстарын өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 сәуірдегі № 451 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 13.09.02 ж. № 997; 31.03.03 ж. № 309 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 08.09.03 ж. № 909 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күшi бар Жарлығы 41-5-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 13.09.02 ж. № 997; 31.03.03 ж. № 309 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия мына құрамда құрылсын:
Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы Министрінің орынбасары, төраға
Школьник - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич Энергетика және минералдық
ресурстар министрi, төрағаның
орынбасары
Қонақаев - Қазақстан Республикасы
Саяхат Алпысұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгінiң Жер
қойнауын пайдалану департаментінің
директоры, хатшы
Ким - Қазақстан Республикасының
Георгий Владимирович Әдiлет министрi
Нәлiбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әбдiқалық Зәкiрұлы Министрiнің Кеңсесi Басшысының
орынбасары
Жәмiшев - Қазақстан Республикасының
Болат Бидахметұлы Қаржы бiрiншi вице-министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Әбілғазы Қалиәкпарұлы Индустрия және сауда
вице-министрi
Өжкенов - Қазақстан Республикасының
Болат Сұлтанұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі Геология
және жер қойнауын қорғау
комитетiнiң төрағасы
Самақова - Қазақстан Республикасының
Айткүл Байғазықызы Қоршаған ортаны қорғау министрi
Әшiмов - Қазақстан Республикасының
Нұрғали Сәдуақасұлы Энергетика және минералдық
ресурстар бiрiншi вице-министрi;
Дунаев - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрi;
Шамсутдинов - Қазақстан Республикасының
Ринат Шарафутдинұлы Әділет вице-министрi
Рахметов - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Құсайынұлы Қаржы вице-министрi
Орынбаев - Қазақстан Республикасының
Ербол Тұрмаханұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрi
Облыстық атқарушы органның өкiлi (объектiнiң аумақтық тиiстiлiгiне қарай шақырылады)
2. Комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын заңнамада белгiленген тәртiппен өткiзсiн.
3. Мыналардың:
1) "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 21 сәуірдегі № 535 қаулысының;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 сәуірдегі № 535 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1732 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |