Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 16 сәуірдегі № 439 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1270 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 45, 405-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ережеде:
мәтінде "орталық атқарушы органдары", "орталық атқарушы органдар", "орталық атқарушы органдарына", "орталық атқарушы органдардың" деген сөздер "орталық атқарушы органы", "орталық атқарушы орган", "орталық атқарушы органына", "орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші абзацында "өздерінің құзыретіне сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақта "өздерінің" деген сөз "өзінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Аттестациялық комиссиялар құрамына мыналар кіреді:
1) білім беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдар өкілдері;
2) қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ орта кәсіптік, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын аттестациялауды жүргізу кезінде өздерінің құзыретіне қарай мүдделі орталық атқарушы органдар өкілдері;
3) білім беру ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының жетекші педагог қызметкерлері.";
11-тармақтың бірінші абзацында мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бекітілген аттестациялау кестелеріне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда білім беру ұйымдары осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімде хабарландырылуы тиіс.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Аттестациялық комиссиялар шешімдері олар шығарылғаннан кейін жеті күннен кешіктірілмей білім беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдар бұйрығымен бекітілуге тиіс.
Аттестациялық комиссиялар мынадай дәлелді шешімдер қабылдауға құқылы:
1) аттестациялау;
2) аттестацияламау.
"Аттестациялау" деген шешім мынадай реттерде қабылданады, егер:
1) білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтері білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартының тиісті деңгейінің талаптарына сай болса;
2) білім беру ұйымдары білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтаса.
"Аттестацияламау" деген шешім білім беру ұйымы осы тармақтың алтыншы, жетінші абзацтарында көрсетілген аттестациялау шарттарының біреуін орындамаған жағдайда қабылданады.
Аттестациялық комиссиялар шешімдері білім беру саласындағы мемлекеттік органдардың қайта қарауына жатпайды.";
17-тармақта "құқығы бар, республикалық аттестациялық комиссиялар құрылады" деген сөздер "құқығы бар республикалық аттестациялық комиссия құрылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |