8) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне өндірістік бақылауды ұйымдастыру тәртібі туралы және оны жүзеге асыруға уәкілетті жұмыскерлер туралы мәліметтерді ұсынуға;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) авариялардың, инциденттердің туындау себептеріне талдау жүргізуге, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін, жергілікті мемлекеттік басқару органдарын, халықты және жұмыскерлерді қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы дереу хабардар етуге;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) авариялардың, инциденттердің есебін жүргізуге;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) мемлекеттік инспекторлар берген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзуды жою жөніндегі ұйғарымды орындауға;
13) қауіпті өндірістік объектінің қаржы-экономикалық қызметінің жоспарларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеуге;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері, жарақат алу және кәсіби аурулар туралы ақпарат ұсынуға;
15) қызметі үшінші тұлғаларға залал келтіру қаупіне байланысты декларациялануға жататын қауіпті өндірістік объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға;
16) мемлекеттік органдарға, азаматтарға қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы дұрыс ақпарат ұсынуға;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) мемлекеттік инспектор қауіпті өндірістік объектіде өз міндеттерін атқарған кезде оны қорғану құралдарымен, қауіпсіздік приборларымен қамтамасыз етуге және өзге де жәрдем көрсетуге;
17) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) өзінің нормативтік мерзімін өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;
19) осы Заңмен айқындалған қауіпті өндірістік объектілерді декларациялауға;
20) жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық іс-шаралардың белгіленген талаптарына сәйкес қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;
21) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз етуге;
22) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің декларациясына сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге;
23) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасуға немесе жеке кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін және құрамаларын құруға;
24) 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулік бұрын хабарлауға;
28) қауіпті өндірістік объектілерді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
29) қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын, сондай-ақ жергілікті жобаларды Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторымен келісуге;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
30) қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға беру кезінде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргізуге міндетті.
2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялау
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Пайдалану кезінде қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті түрде декларациялануға жатады.
Қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі жоба алдындағы шешімдерге өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу арқылы белгіленеді.
Сараптама қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпті өндірістік факторларды, сондай-ақ олар әсер етуі ықтимал аймақтағы адамдардың санын анықтайды.
Уәкілетті орган сараптамалық қорытынды негізінде қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім шығарады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы (бұдан әрі - декларация) қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жарақтандыруға, сақтауға және жоюға арналған жобаның құрамында әзірленеді, қайта қаралады.
3. Декларация мынадай мәліметтерді:
1) қауіпті заттар (оның ішінде өндірілетін) тізбесін және олардың сипаттамаларын;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қауіпті өндірістік факторларды (әр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қауіпті өндірістік факторлардың таралуы туралы технологиялық деректерді;
4) қауіптілік пен тәуекелге талдауды;
5) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдерді;
6) авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;
7) қызметкерлерді авария жағдайында іс-әрекетке дайындауды;
8) авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал сценарийлерінің схемасын;
9) аварияны жою жоспарын (хабарлау жүйесі; адамдарды қорғау жөніндегі құралдар мен шаралар; аварияларды, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтік ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету) қамтуға тиіс.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Декларацияны әзірлеуді қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге аттестатталған ұйым жүзеге асырады.
5. Декларация ондағы өндірістік қауіпсіздік мәліметтері өзгерген немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары өзгерген кезде өзгерістер пайда болған кезден бастап үш ай ішінде нақтыланады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Декларацияны қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның басшысы бекітеді.
Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның иесі декларациядағы мәліметтердің уақтылы ұсынылуына, оның толықтығы мен дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Декларация сараптамадан өткізіледі.
Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде ол міндетті түрде қайтадан сараптамадан өткізілуге тиіс.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы декларация сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесімен бірге тіркеу үшін уәкілетті органға ұсынылады.
9. Қауіпті объектіні декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10. Уәкілетті органның қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы немесе декларациялаудың қажет еместігі туралы шешімі сараптама қорытындысының түпнұсқасы қоса берілген қауіпті өндірістік объект иесінің еркін нысандағы өтініші бойынша беріледі.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
11-2-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу және есептен шығару
1. Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу, есептен шығару үшін оның иесі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.
2. Өтініште қауіпті өндірістік объектіні есепке алу немесе есептен шығару үшін оны сәйкестендірудің негіздемелері көрсетіледі.
3. Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу, есептен шығару иесін хабардар ете отырып, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қауіпті өндірістік объектіні есепке алу, есептен шығару уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіндегі қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу журналына тиісті жазба жасау арқылы жүргізіледі.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 11-3-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
11-3-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңарту, жою жобаларын, сондай-ақ жергілікті жобаларын келісу
1. Қауіпті өндірістік объектінің иесі жобаны, сондай-ақ жергілікті жобаны келісу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бас инспекторына:
жобаны келісуге жіберу туралы өтінішті;
жобаның көшірмесін;
жобаның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының тұпнұсқасын ұсынады.
2. Жобаның, сондай-ақ жергілікті жобаның келісілгені туралы оң шешім немесе оны келісуден дәлелді бас тарту құжаттарды толық көлемде берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жіберіледі.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12-бап. Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру қауіпті өндірістік объектілердің иелеріне жүктеледі.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бағдарламалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісілуге тиіс.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұйымдарда тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады.
Ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарларының төрағалық етуімен уәкілетті органның комиссиясында емтихан тапсырады.
Тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының құрамына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектор енгізіледі.
Ұйымдардың бөлімшелерінде құрылатын емтихан комиссияларының мүшелері емтиханды ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларында тапсырады.
Мамандар, инженер-техникалық қызметкерлер мен жұмысшы персонал емтихандарды ұйымдардың бөлімшелерінде құрылатын емтихан комиссияларында тапсырады.
Емтихан комиссияларының жұмысына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторы қатысады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жұмысты қауіпсіз орындау ережелерін жұмысшы персоналға оқытудың жыл сайынғы бағдарламасының ұзақтығы қырық сағаттан аз болмауға және ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісілуге тиіс.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыс iстейтiн барлық адамдардың:
1) қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың - жыл сайын;
2) техникалық басшылардың, мамандар мен инженер-техникалық қызметкерлердің - қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқыта отырып, үш жылда бір рет;
3) қауіпті өндірістік объектіде жұмысты орындаумен байланысты емес персоналдың - сегіз сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқыта отырып, ұйымның техникалық басшысы бекіткен тізбе бойынша үш жылда бір рет білімдерi тексерiлуге жатады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Емтихан қабылдау жөніндегі комиссия білімі тексерілуден өткен адамдардан құралуға тиіс. Комиссияның құрамын қауіпті объектінің иесі айқындайды.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін оқыту және олардан емтихан қабылдау уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында жүргізілуі мүмкін.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Комиссия құрамы кемінде үш адам болуы керек.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Емтихан билеттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісіледі.
10. Білімді тексеру нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Білімді тексеру хаттамасы үш жыл бойы сақталады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған куәлік беріледі.
Оқу ұйымында емтихандар қабылдау кезінде емтихан комиссиясы төрағасының қолы - ұйымның мөрімен, мемлекеттік инспектордың қолы нөмірлі мөртаңбамен куәландырылады.
12. Куәлік онда көрсетілген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
13. Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған адамдар жұмысқа жіберілмейді.
14. Мерзімі өткен куәлігі бар адамдар жұмысқа жіберілгеннен кейін бір ай ішінде емтихан тапсыруға тиіс.
15. Оқытуды ұйымдастыру жөніндегі, соның ішінде емтихан комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі барлық шығыстар қауіпті өндірістік объектінің иесіне жүктеледі.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды
16. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың емтихан комиссияларының жұмысына қатысуы үшін ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін емтихан басталғанға дейін күнтізбелік бес күн бұрын емтихан өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді.
Мемлекеттік инспектор келмей қалған жағдайда комиссия емтихан қабылдауды оның қатысуынсыз жүзеге асырады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) тақырбы өзгертілді
4-тарау. Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету
Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар аварияларды және олардың салдарларын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-қимылға әзірлікті қамтамасыз ету мақсатында:
1) қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды және олардың салдарларын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
2) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу, аварияларды және олардың салдарларын шектеу және зардаптарын жою жөніндегі профилактикалық жұмыстарға әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тартуға;
3) авариялардың, инциденттердің салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою үшін материалдық және қаржылық ресурстар резервін ұстауға;
4) қызметкерлерді қауіпті өндірістік объектілерде авария, инцидент бола қалған жағдайдағы қорғану әдістері мен іс-қимылдарын үйретуге;
5) қауіпті өндірістік объектілерде авария, инцидент бола қалған жағдайда байқау, хабарлау, байланыс және іс-қимылды қолдау жүйелерін құру мен олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 13-1-бабымен толықтырылды
13-1-бап. Аварияларды жою жоспары
Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.
Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар, персонал мен авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.
Аварияларды жою жоспарында:
1) жедел бөлім;
2) аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында міндеттерді бөлу, олардың іс-қимылдарының дәйектілігі;
3) авария туындаған жағдайда хабарланатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімдері болады.
Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және авариялық-құтқару қызметтерімен және құрамаларымен келісіледі.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 13-2-бабымен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
13-2-бап. Жаттығу дабылдары және аварияға қарсы жаттығулар
1. Қауіпті өндірістік объектіде ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығулар жүргізіледі.
Ұйым жаттығу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін жазбаша хабардар етеді.
2. Ұйым басшысы жаттығу дабылын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.
3. Жаттығу дабылының қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйымның басшысына жүктеледі.
14-бап. 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. Инциденттердің, авариялардың себептерін тексеру және есепке алу
14-1-бап. Қауіпті өндірістік объекті иесінің іс-әрекетi
1. Қауіпті өндірістік объектінің иесі қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылар жұмыс істемей қалған немесе олар зақымданған, технологиялық процесс режимінен ауытқыған (бұдан әрі - инцидент) кезде:
үш тәулік ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді;
инцидентті тексеруді жүргізеді;
инциденттерді болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
болған инциденттердің есебін жүргізеді.
2. Авария болған кезде:
болған авария туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органға дереу хабарлайды;
хабарлама алған орган инстанция бойынша жоғары тұрған органдарды болған авария туралы хабардар етеді;
аварияның себептерін тексеру жөніндегі комиссияға аталған комиссияның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін қажетті барлық ақпаратты табыс етеді;
комиссия жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асырады.
14-2-бап. Аварияларды тексеру жөніндегі комиссия
1. Қауіптілігі декларациялануға тиіс объектілердегі аварияны уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексереді.
2. Қалған аварияларды уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексереді.
3. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі аварияларды тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
4. Комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объекті иесінің өкілі кіреді.
14-3-бап. Комиссияның құқықтары
1. Комиссия төрағасы аварияны тексеруге қатысты мәселелер бойынша сараптама тағайындауға құқылы.
2. Сараптама комиссиясы аварияны тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны қажет ететін мәселелер жазбаша нысанда қойылады. Сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар аварияны тексеру жөніндегі комиссияға комиссия төрағасы белгілеген мерзімде табыс етіледі.
3. Тексеру барысында аварияны тексеру жөніндегі комиссияның болған оқиғаны көрген адамдардан, лауазымды адамдардан және басқа да адамдардан жазбаша және ауызша түсініктеме алуға құқығы бар.
14-4-бап. Тексерудің міндеттерi
Комиссия тексеру барысында аварияның алдында болған мән-жайларды анықтайды, оның себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарын, технологиялық процестерді бұзудың сипатын, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды айқындайды, олардың салдарларын жою және мұндай авариялардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды белгілейді, материалдық залалды анықтайды.
14-5-бап. Тексеру материалдары
Аварияны тексеру материалдарына:
1) аварияның себептерін тексеру үшін комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық;
2) аварияның себептерін тексеру актісі, оған:
авария болған жерді қарау хаттамасы, жоспарлар, сызбалар, фото-суреттер;
авария орнының эскизі;
комиссия төрағасының техникалық сараптама тағайындау туралы өкімі және аварияны тексеру жөніндегі комиссия шығарған басқа да өкімдер;
сараптама комиссиясының аварияның себептері туралы қорытындысы, зертханалық және басқа да зерттеулердің, эксперименттердің, талдаулардың нәтижелері қоса беріледі;
3) авариялық-құтқару қызметі қызметкерлерінің (егер олар аварияны жою үшін шақырылған болса) баянхаттары;
4) аварияға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдардан жауап алу хаттамалары мен олардың түсініктемелері;
5) қызмет көрсететін персоналды өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту, олардың білімін тексеру, нұсқама алуы туралы анықтамалар;
6) аварияның мән-жайы мен себептерін сипаттайтын басқа да материалдар кіреді.
Тексеру материалдарын техникалық ресімдеу қауіпті өндірістік объектінің иесіне жүктеледі, ол аварияны тексеру аяқталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей:
1) декларацияланған объектідегі авария жөніндегі материалды - уәкілетті органға;
2) қалған авариялар жөніндегі материалдарды - уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Комиссияның шешімі бойынша аварияның себептерін тексеру материалдары объект орналасқан жердегі сотқа жіберілуі мүмкін.
14-6-бап. Тексеру қорытындылары
1. Объект иесі аварияның себептерін тексерудің нәтижелері бойынша он күн ішінде бұйрық шығарады.
Бұйрықта аварияның мән-жайы мен себептері туралы комиссияның қорытындылары жариялануға, оның салдарын жою жөніндегі шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу жөніндегі және кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы шаралар белгіленуге тиіс.
2. Объект иесі аварияны тексеру нәтижелері бойынша ұсынылған іс-шаралардың орындалу мерзімі туралы жазбаша хабарламаны уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне табыс етеді.
3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшіліктерінен болса, қауіпті объект иесі оны әзірлеушіге рекламация, ал уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне оның көшірмесін жібереді.
14-7-бап. Аварияларды тексеру жөніндегі шығыстар
Аварияны тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауіпті өндірістік объектінің иесі көтереді.
2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен 4-2-тараумен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-2-тараудың тақырыбы өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-2-тарау. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның ішінде шетелдік) сынауға және қолдануға рұқсат беру
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 14-8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-8-бап. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 14-9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-9-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-10-бап. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат беру
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Өтініш беруші технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшiн:
1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар элекрондық құжат нысанындағы өтiнiшті;
2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін береді.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалары технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға:
1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар өтiнiшті;
2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi туралы сараптамалық қорытындыны береді.